Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Молекулярлы-биологиялық әдіс



Pdf көрінісі
бет333/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология
Ñ ïðîãåñòåðîííû?
2.
Молекулярлы-биологиялық әдіс
. ПТР әдісі зерттелген 
материалдан ДНК бөліп, микоплазма гендерінде нуклеотидтердің 
реттілігін анықтауға негізделген.
ПТР-диагностикасы процесстің жүйелілігін көрсете алмайды
және 
M. hominis
-ті анықтауға болады. Басқа микоплазмаларды 
анықтау үшін ПТР өзіндік кезеңінде пайдаланылады, сандық 
бағасын береді.
Емі. 
Тетрациклиндер 
және 
макролидтер 
тобының 
препараттары 
пайдаланылады.
 
U. 
urealyticum
-ге 
қарсы 
джозамицин мен доксициллин белсенділігі, ал 
M. Genitalium
-ге 
қарсы азитромицинннің белсендігі жоғары.
M. hominis негізінен тетрациклин қатары дәрілеріне, аздау 
дәрежеде азитромицин және джозамицинге сезімтал болып 
келеді.
Асқынбаған қабыну процесстерінде:
– доксициллин моногидрат – 0,1 г-нан 7 күн бойына тәулігіне 
2 реттен; 
– азитромицин – 1,0 г-нан бір рет
– джозамицин (вильпрафен) – 500 мг-нан тәулігіне 2 реттен 7 
күн бойына береді. 
 
Асқынған қабыну процесстерінде:
– доксициллин моногидрат – 0,1 г-нан тәулігіне 2 рет 14 күн 
бойына; 
– азитромицин (сумамед) – 1,0 г-нан 1-ші, 7-ші күндері; 
– джозамицин (вильпрафен) – 500 мг-нан тәулігіне 2 рет 14 
күн бойына беріледі. 
4.3.4.
 
Г
АРДНЕРЕЛЛЁЗ
 
Гарднерреллёз, бактериальды вагиноз деп те аталатын, 
гарднерреллер бактерияларының тепе-теңдігінің бұзылуымен 
шақырылатын және көп жағдайда әйел адамдарда кездесетін
бірақ ер адамдар арасында да жұғу жағдайы байқалған, ауру. 
Бұл аурудың пайда болуына, негізінен сыртқы жыныс және 
зәр шығару жолдарында болатын гарднерелла бактериялары 
себеп 
болады. 
Қынаптың 
микофлорасы 
бұзылғанда 


гарднереллалар бактерияларының саны, пайдалы бактериялар 
саның азаюы ретінен бұзылады. 
Аурудың алғашқы белгілері, бірнеше күннен бірнеше аптаға 
дейін, әртүрлі мерзімдік байқалуы мүмкін. 
Бұл ауру жыныстық жолмен жұғатын ауруларға жатады. 
Бактериальды вагиноз 18-бен климакс байқалатын жасқа дейінгі 
әйелдердің арасында 20% жағдайда кездеседі. Қазіргі кезде 
бактериальды вагинит өте қауіпті ару болып есептеледі. Ер 
адамдарда уретритпен, кейде простатитпен және аталық бездің 
қосымшаларының қабынулы аурулары болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет