Ем жоспарын анамнез мәліметтері,
клиникалық және
лабораториялық зерттеу нәтижелеріне сәйкес құрастырып және
өзгертіп отырады. Клиникалық топшылау, тәжірибе, жүмыс
барысында өндірілген
квалификация мен интуиция, арнайы
оқулықтарды, мысалы неврология, терапияны жиі қарап оқып
отыру да үлкен мәнге ие.
Емді
науқастың жынысына, жасына, анамнез мәліметтеріне,
бұрын жүргізілген емдеріне, дәрілерді көтере алу мүмкіншілігіне,
дерматоз түріне, сатысы мен таралуына қарай арнайы тағайындау
керек.
Дерматологиялық науқасты емдеуде науқас пен дәрігердің
арасындағы қарым-қатынас та маңызды. Науқаспен дұрыс
психотерапиялық деңгейде араласу
көптеген дерматоздардың
дәрілік емінде оң нәтиже береді.
Достарыңызбен бөлісу: