иммунокоррекцияның алар орны ерекше. Тимусарнамалы
препараттармен (тималин, тимозин, тактивин, т.б.)
қатар
химиялық иммуномодуляторлар (левамизол, изопринозин),
ликопидтер
(бактериялардың
клеткалық
қабырғасының
құрылымдық компоненті) кең қолданысқа ие.
Гуморальдық иммунды жетіспеушілік белгілерімен көрінетін
ауыр бактериальдық және вирустық инфекцияларда гамма-
глобулиндер (нативті плазма, адамның гамма-глобулині,
антистафилококкты гамма-глобулин және т.б.) тағайындалады.
Лимфокиндер мен басқа
цитокиндер гибридомды техника,
гендік инженерия нәтижесінде иммуномодуляторлар ретінде
қолданылады. Интерферондар (α, β, γ) клеткалардың өсуі мен
көбеюін реттеуші цитокиндерге жатады. Олар ағзаны вирус
жұғуынан қорғап, қатерлі клеткалардың өсімін тежейді. Олардың
вирусқа қарсы әсері вирустық РНК мен клеткадағы белоктардың
түзілуін
бұзуымен
байланысты.
Клетка
мембранасының
құрылымының
өзгерісі
бөгде
генетикалық
мәліметті
деградациялап, бактерия мен саңырауқұлақтарды
өсуіне кедергі
келтіреді. Рекомбинантты интерферондар қолданысына көрсеткіш
болып ЖИТС, хламидиоз және басқа да жыныстық жолмен
берілетін аурулар, вирусты аурулар, Капоши саркомасы,
микоздар саналады.
Иммуносупрессивті ем аутоиммунды дерматоздар (қызыл
жегі, күлдіреуік), сондай-ақ псориаз
бен басқа да дерматоздарда
қолданылады.
Цитостатиктерді
(метотрексат,
азатиоприн,
меркаптопурин, циклофосфан) глюкокортикоидтармен қоса
тағайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: