Эпидермис белок синтезінен басқа пигмент түзуші, қорғаныш,
иммунологиялық қасиетке ие. Пигмент түзуші қасиеті базальды
қабаттың кератиноциттерінің арасынан өтетін меланоциттермен
байланысты.
Базальды қабаттың 10-25%-н алып жатқан меланоциттердің
түсі ашық, ал ядросы қоңыр болады. Олар меланинді синтездеп
шығару арқылы меланосомалардың жаңа толқынын түзеді.
Құрылымына байланысты қызмет етуші және “тозығы жеткен”
деп бөлінеді. Меланин базальды кератиноциттерде ядроның
апикальды бөлігінің үстінде жинақталып, ультракүлгін сәуледен
қорғаныш экранын құрайды. Терісі қоңыр адамдарда меланин тек
базальды қабатқа ғана емес, тікенекті тіпті түйіршікті қабатқа
дейін енеді.
Эпидермисте меланоциттермен қатар түйсіну клеткалары
(рецепторлық құрылым), ақ өскінді эпидермоциттер орналасады.
Жергілікті әсер етуші антигенге иммунды жауап дамуына
жауапты Лангерганс клеткалары Т-клетканың антиген арнамалы
белсенділігін туғызады. Эпидермистің иммунды мүше ретіндегі
маңыздылығы эпидермис кератиноциті мен қалқаншамаңы
безінің клеткаларының анатомиялық, молекулярлық, функциялық
ұқсастығымен
түсіндіріледі.
Кератиноциттерге
клеткалық
иммунитет медиаторларын (лимфокиндерді), антиген-антидене
реакциясындағы В-лимфоцитті белсендіруші интерлейкиндерді
бөліп шығару қасиеті тән. J.B. Sterlein мен қаламдастары (1985)
эпидермисте бар барлық иммунды жүйе құрам бөліктерін
skin
associated lymphoid tissue
деген атауға біріктіруді ұсынды.
Авторлар иммунитеттің Т-жүйесінің гуморальды және клеткалық
факторларын бір уақытта белсендіруші Т-лимфоциттің белгілі бір
түрінің эпидермисте орналасқанын дәлелдеген.
Кератиноциттермен
қатар,
эпидермисте
меланоциттер,
Меркель
жасушасы,
Лангерганс
жасушасы,
Гренстейн
жасушалары бар.
Достарыңызбен бөлісу: