кетеді. Ониходистрофия, қышу байқалуы мүмкін. Созылмалы
сәулелі тері зақымдануы қатерлі папиллома, гиперкератоз,
сүйелді өсінді пайда болуына ықпал етеді. Сәулелік терінің
созылмалы
зақымдануы
зақымдалған
аймақтарда
папилломалардың, гиперкератоздардың, қатерлі ісік ауысып кетуі
мүмкін сүйелді өсінділердің пайда болуына ықпал етеді.
Сәулелі дерматит ұзақ байқалған жерлерде кеш сәулелі деп
аталатын дерматит дамиды, олардың ішінде кеш сәулелі
трофикалық жараны және сәулелік обырды атап айтқан жөн.
Химиялық өндірістің дамуына сәйкес дерматиттер себебі бола
алатын химиялық заттардың саны үздіксіз арытып келеді.
Көптеген жоғары концентрациялық химиялық ерітінділері
некроз пішінді, түсіп қалғаннан кейін ойық жара ашылатын
қабыршақты, жедел дерматит туғызады. Бұл заттардың әлсіз
концентрациялары ұзақ әсер етсе, десквамациямен, терінің
құрғақтығымен, кейде терінің құрғауымен, сылынуымен және
ауырысынатын жарылулардың пайда болуымен сипатталатын
созылмалы дерматитке алып келеді. Балаларда ванналар немесе
кішкене
(бөлектенген)
ванналар
жасауға
арналған
дезинфицирлеуші заттардың концентрациясының жоғары болуы
химиялық дерматиттке әкелуі мүмкін.
Жай дерматиттерге, адам терісінің көбелек құртымен
қатынаста болған кезінде, безді клеткаларынан бөлінген
заттардың әсер ету нәтижесінде пайда болатын, көбелек құрты
дерматиттері де жатады. Қатынаста болғаннан кейін бірнеше
минут өткеннен кейін қызғылт түсті уртикарлы ісікті жолақ
(теріде көбелек құртының жүру жолы бойынша) түріндегі
дерматит пайда болады. Теріні қасығанда көбелек құртының
түктері терінің басқа жерлеріне апарылып, ол жерлерде де
эритема және уртикариялар пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: