Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет180/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Патогенезі.
Аллергиялық қатынасты дерматитті әдетте, төмен
молекулярлы қосындылар (гаптендер) шақырады, олар толық 
антиген қасиетіне эпидермальді нәруызбен қосылғаннан кейін 
болады. Одан кейін десенсибилизирленген лимфоциттің
антигендер ретінде әсерлесетін, гиперсезімталдықтың баяулаған 
түрі қалыптасады. Баяу гиперсезімталдық негізгі бола тұра 
аллергиялық қатынастық дерматиттің дамуындағы жалғыз 


механизмі бола алмайды. Мес клеткалардың және базофильді 
иммундық кешендердің бетіне бекітілгеннен кейін құрамында 
гуморальді антигендері бар клеткалардың дегрануляциясына 
әкеліп, 
гистамин, 
серотонин, 
брадикинин 
және 
басқа 
биологиялық активті заттардың түзілуіне әкеледі. Сонымен, 
аллергиялық қатынасты дерматит патогенезінде аллергияның
реакцияның тез және баяу түрлері қатынасады.
Аллергиялық дерматиттің клиникалық көрінісі әдетте шынайы 
полиморфизмді болып келеді. Қатынастық дерматиттің өзіне тән
клиникалық көрінісімен қатар, аллергиялық дерматитпен 
ауыратын науқастарда экземаның белгілері байқалады, бірақ
әлсіз түрде (везикуляция, ылғалдану қайталауға бейімділік) 
білінеді. Қатынастық аллергиялық дерматитте, эритема, ісіну, 
папулезді және везукулезді элементтер аллерген әсер еткен
аймақта орналасады. Жиі қол басының сырт жағында 
(90-сурет)

бетте, бет ұшында, мойында; сиректеу аяқ-қолда, білекте, иықта, 
кейбір науқастарда процесстің тері жамылғысының жабық 
жерлеріне барауға бейімділік байқалса да, орналасады 
(91-сурет).
Аллергендермен қайталап жанасу аллергиялық дерматиттің
экземаға ауысуына әкеледі. Экземаның аллергиялық дерматиттен 
негізгі айырмашылығы терілік сынамаға нәтиже беретін
этиологиялық факторды алып жойғанда жазылып кетуі болып
табылады. 
Аллергиялық қатынастық хейлит еріндердің қызыл жиегіне, 
сиректеу – еріндер кілегей қабаттарының химиялық заттарға
УКС, стоматологияда пайдаланылатын заттарға, тіс пасталарына, 
элексирлерге және факторларға сенсибилизация нәтижесінде
пайда болады. Аурулардың көбін 18-50 жас аралығында әйелдер
құрайды; кәсіби сипатты болуы да мүмкін. 
Аллергиялық қатынастық стоматит гиперемиямен, ісінумен, 
кейде нүкте тәрізді қан құйылумен, сонымен қатар күлдіреуік пен 
эрозиямен білінеді. Науқастар күю, құрғақтық, дәм сезу 
мүмкіндігінің жойылуын сезеді 
(92-сурет)

Диагностикасы.
Диагностикалауда тітіркендіргіш немесе 
сенсибилизатор әсер еткен зақымданудың орналасуын және 
клиникалық көрінісін есепке алады. Аллергиялық дерматитті 


анықтауда, сонымен қатар этиологиясын толық анықтауда 
диагностикалық, тамшылық немесе компрестік, әруақытта 
сезімталдық жоғары болып келетін аллергенмен оң нәтиже 
(эритема, ісіну, күлдіреуік) беретін, аллергиялық терілік 
сынамалар көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет