уақыт кетпейді. Эрозияның спонтанды
эпителизациясы болуы
мүмкін, бірақ артынан қайта рецидив болады. Актиникалық
хейлитпен ауыратын науқастарда иммуногистохимиялық зерттеу
жасағанда апоптоз процессіне қарсы тұратын Р53 протеинінің
және Кі-67 пролиферация маркерінің көбеюі байқалған (
Martinez
A. еt al.,
2005). Р53 протеинінің деңгейінің негізінде актиникалық
хейлитті жалпақ клеткалы қатерлі
ісікке трансформациясынан
ажырату олардың арасында еш өзгешелік тапқан жоқ (
Neto
Pimentel et. аl
., 2006).
Емі.
Емнің басты талабы – мамандығын немесе айналысып
жүреген ісін (тау шанғысы, альпинизм) шектеу, яғни ұзақ уақыт
таза
ауада
болмау.
Антиоксиданттар
тағайындайды
(каротиноидтар, токоферол), малярияға қарсы перпараттар (0,25
г-нан хлоридин немесе гидроксихлорихин 0,2 г-нан 2 рет
тәулігіне 2-3 апта бойына).
Сырттай кортикостероидты
препараттарды қолданады. Консервативті ем көмектеспеген
жағдайда радикалды әдістер қолданылады. Көмірқышқыл лазер
немесе сұйық азотпен вапоризация
жасау жақсы нәтиже береді,
бірақ бұл әдіс гистологиялық бақылауды жоққа шығарады. Беткей
вапоризациядан
кейін
рецидив
болуы
мүмкін.
Электрокоагуляцияның нәтижелігі криотерапия не көмірқышқыл
лазерді қолданумен тең, бірақ бітуі
баяу және гистологиялық
бақылау
да
болмайды.
Фотодинамикалық
терапия
да
қолданылады: зақымдалған бөлікке аминолевулин қышқылын
жағып, толқын ұзындығы 595 нм лазермен сәулелендіреді
(
Alexiades-Armenakas M.
, 2006). Ең радикалды әдіске зақымдалған
еріннің қызыл жиегін жергілікті
анестезиямен алып тастау
жатады. Мұнда операциядан кейін еріннің парестезиясы,
қызынуы болады.
Егер Манганотти хейлиті бар науқастан алынған биоптаттан
процесстің эпидермистен
ары шықпағаны анықталса, онда
көмірқышқылды лазермен вапоризациялау мен криотерапия
жасаумен шектелуге болады. Басқа жағдайда қызыл жиекті
хирургиялық жолмен алып тастайды.
Болжамы
жақсы, бірақ ұзаққа
созылған құрғақ формасы
қатерлі ісік алды аурулардың дамуына алғышарт болып келеді.