Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет248/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Е
КІНШІЛІК 
(
СИМПТОМАТИКАЛЫҚ
)
 ХЕЙЛИТТЕР
.
Негізгі аурудың еріннің қызыл жиегіндегі көрінісі ретінде 
пайда болып (атопиялық дерматиттің, экземаның, қызыл жегінің 
және т.б.), сол аурулардың клиникалық көріністері ретінде 
қарастырылады. 
Атопиялық хейлит
еріннің қызыл жиегінде эритематозды-
сквамозды көріністер түрінде пайда болып, атопиялық 
дерматиттің басқа да белгілерімен: шынтақ бүгілісіндегі, тізе асты 
шұнқырында, мойындағы бөртпелермен қосарланып келеді.
Емі
– 
негізгі 
аурудың 
емі 
фонында 
жергілікті 
кортикостероидты 
және 
гидратирлеуші 
кремдермен 
апликациялар. 
Экзематозды
хейлит
басқа да терілік көріністері бар негізгі 
аллергиялық аурудың белгісі ретінде қарастырылады, дегенмен 
кейде (пластмассаға немесе тіс протездерінің металлдарына, тіс 
пасталарының құрамдас бөліктеріне аллергия болса) жеке дара 
ауру ретінде өтуі мүмкін. 
Клиникалық 
көрінісі
аздаған 
қызарудан 
немесе 
қабыршақтанудан одан да айқын көріністерден тұрады: ісіну, 
айқын гиперемия, везикулалар, көпіршіктер, эрозиялар, қанды 
немесе сарғыш қабыршақтар, кейде сулану бөліктерінің де болуы. 
Ұзаққа созылған хейлитте клиникалық көрінісі созылмалы 
қабынуға ұқсас келеді: іркілген гиперемия, ерін инфильтрациясы, 
ауыз бұрыштарындағы тығыз іркілістер мен сызаттар пайда 
болады. Екіншілік инфекцияның қосылуы микробты хейлитке 
әкеледі және аурудың жиі рецидивтерін тудырады. 


Емі
– қысқа курстармен ерінге кортикостероидты кремдерді 
жағып, негізгі ауруды жүйелі түрде емдеу. 
Аллергиялық (қатынастық) хейлиттер
еріннің қызыл 
жиегімен байланысатын заттарға бәсеңдеген типті реакция 
түрінде дамиды. Көбіне әйел адамдарда кездеседі. Этиологиялық 
факторларына тіс пастасы, ерін помадасы, тіс протездері, кейбір 
тағамдық заттар жатады. 
Ағымы бойынша аллергиялық хейлиттер жедел және 
созылмалы болады. Жедел хейлиттер эритемамен, ісінумен, 
везикулярлы бөртпелермен, қабыршақтанумен және қатты 
қышынумен көрініс береді. Зақымдалу аймақтары айқын емес, 
еріннің қызыл жиегінен шығып тұрады. Созылмалы аллергиялық 
хейлиттер 
эритематозды-сквамозды 
бөртпелер 
мен 
жарықшақтармен көрінеді. Ауыз кілегейі мен ерін қызыл 
жиегіндегі уртикарлы бөртпелер негізінен алиментарлы себептен 
пайда болады. Хейлит оның себебін жойғанда өздігінен кетеді. 
Емі.
Бірінші кезекте аурудың себебі ретінде аллергенді 
анықтап, жою қажет. Содан соң 10-14 күн бойына
антигистаминді 
препараттарды 
ішеді, 
сырттай 
– 
кортикостероидты кремдер қолданылады. Сонымен қатар 
қабынуға қарсы ем (кальций немесе натрий тиосульфат 
препараттары) тағайындалады. Сыртқа: ылғалдандырғыштар 
(борлы-шайлы, мырыштық, калий перманганатымен, танинмен) 
және кортикостероидты жақпамайлар (адвантан, элоком, 
гидрокортизонды, 
локоид), 
протолитикалық 
ферменттер 
(трипсин, химиотрипсин), антисептиктер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет