қарапайым көпіршікті теміреткі, белдеулік (айналма)
теміреткі, сүйелдер, ұшық, жұқпалы қатынасты ұлу
(моллюск), өткір ұшты кондилома жатады.
Ересектерде
вирусты тері аурулары 3-4%, балаларда 9,5% құрайды. Баланың
құрсақішілік кезеңде вируспен инфицирленуі болғанымен
туылғаннан кейін және өмірінің алғашқы күндері анасының қаны
арқылы антиденелер түсуінен пассивті
иммунитет калыптасуына
байланысты көрініс бермейді. 2 жасқа таяу иммунитеттің
әлсіреуіне байланысты вирусты дерматоздар дамуы байқалады.
Вирустың ену жолдары әртүрлі: тері, инфицирленген заттар,
кілегей
қабаттары
(науқас
адамдар
мен
вирус
тасымалдаушылармен
жыныстық қатынаста болу, сүйісу), ауа-
тамшылы жолдар
арқылы беріледі.
Иммунитет
төмен
жағдайларда инкубациялық кезеңі бірнеше күннен 2-3 аптаға
дейін созылады.
2.11.1.
Ж
АЙ
(
ҚАРАПАЙЫМ
)
ГЕРПЕС
Жай герпес
(herpes simplex)
, немесе
көпіршікті теміреткі өте
жиі кездеседі.
Инфекция, жай герпес вирусымен шақырылады (ЖПГ),
адамзатқа біздің заманға дейнгі дәурден бері белгілі. «Герпес»
грек тілінен шыққан сөз: «жылжу», «жасырыну» деген ұғымды
білдіреді. Аурушандықты бақылау орталығының мәліметі
бойынша, АҚШ-та жылына 500 000-ға
дейін жана жағдайлар
тіркеледі, ал бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауы
бойынша бұл аурумен 2-20 млн американдықтар ауырады.
Ұлыбританияда герпестік инфекция басқа жыныстық жолмен
берілетін инфекциялардан басым келеді.
Бұл инфекция
Скандинавия елдерінде жиі кездеседі, венерологиялық клиникаға
қаралған әйелдердің 8%-да анықталады. Өкінішке орай герпес
жағдайлары
біздің елімізде тіркелмейді, бірақ бұл инфекция
кеңінен таралғаны сонша ол ауыр асқынуларға,
өлімге душар
етуі мүмкін. Кейде дерт, ішкі мүшелерді қамтып, ауыр ағымды
болады да, жүйелі дерт
(
Достарыңызбен бөлісу: