Синдромды
емдеу
айтарлықтай қиындық тудырады. Дәстүрлі
қолданылатын кортикостероидтар (преднизолон 40-60 мг/тәул. 2-
4 апта бойына, содан кейін мөлшерін біртіндеп төмендетеді) мен
кең
спектірлі антибиотиктер, антималярлы препараттар орташа
нәтиже береді. Олардың орнына стероидты емес қабынуға қарсы
препараттар (ибупрофен 400-800 мг/тәул.) мен метронидазол 500
мг/тәул. Қолданылады (
Kano Y
., 1992). Клофазим (лампрен)
кейбір
науқастарда, әсіресе аурудың бастапқы сатыларында,
жақсы нәтиже береді. Препаратты 10 күн бойы 100 мг/тәул.
мөлшерінде тағайындап, артынан сол дозада күнара, 6 ай бойына
береді. Гидрокортизон немесе химиотрипсинмен фонофорез
жасаудың
тиімділігі
туралы
мәліметтер
бар.
0,5%
гидрокортизонмен және гиалуронидазамен (ронидаза) қосып,
50% демексидпен жылытқыш немесе 10% АСД (3-ші фракция)
препаратымен жылытқыш қою тиімді.
Консервативті ем
нәтиже
бермеген жағдайда еріннің
зақымдалған бөлігін ота жасап тілуді қолданады. Алайда, бұл әдіс
рецидивтердің алдын алмайды.
Абразивті хейлит
. Симптоматтикалық ем
жүргізіледі.
Онкологта диспансерлік есепте тұру керек.
Кеңес
беру.
Науқасқа
хейлиттердің
және
еріннің
жарықтарының пайда болу түсіндіріп,
алдын алу шараларымен
таныстыру қажет. Абразивті хейлиттер мен ұзаққа созылатын
еріндердің жарылуы байқалатын
адамдар онкологта есепте
тұрулары керек.
Еріндердің кілегей қабаттарының зақымдалулары тек қана
жекелеген
аурулар ғана емес, олар әртүрлі тері ауруларында да
(экземада, нейродермитте, кандидозда және басқаларда) байқалуы
мүмкін.
Осыған
орай
дәрігер-стоматолог
берілген
зақымдалуларды ажырата білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: