көтеріледі. Көпіршіктердің пайда болу алдында пайда болатын
жерлерінде күю, шаншу сезімдері байқалады.
Герпестік стоматит
, бұл қарапайым стоматиттің бір түрі. Бұл
көпіршіктер еріннің, ұрттың,
таңдайдың шырышты қабатында
пайда болады. Ісінген және гиперемияланған кілегей қабатта аз
көлемдегі көпіршіктер пайда болады,
олар шыққаннан кейін
алғашқы сағаттарда жарылады
(131-сурет)
. Бұлардың соңында
ұсақ оюлап салынған әшекей пішінді (фестон тәріздес)
эрозия
пайда болады. 2-4 күннен кейін эрозиялар фиброзды қабықпен
қапталады, 6-14 күннен немесе оданда көп уақыттан кейін эрозия
эпителизациясы
пайда
болады.
Науқастар
ауырсынуға,
гиперсаливацияға шағымданады.
Жедел герпестік стоматит 6 жасқа дейінгі балаларда кездеседі.
Ауру жедел басталады.
Көбіне продромальды көріністер, яғни
делсалдық, әлсіздік, дене температурасы жоғарлауы байқалады.
Ісінген және гиперемияланған ауыз қуысының кілегеі
қабаттарында афтозды бөрітпелер болады, олардың диаметрі 0,5-
1 см. Қарапайым герпестік бөрітпелерге
қарағанда олардың
шеттерінде шеңбер түрінде қабыну, ал ортасында өліеттенген
афта тәрізді некроз болады. Бөрітпелер басында оқшауланған
болады,
афтаға ұқсас келеді, алайда көп мөлшерде бір-біріне
қосылып эрозиялық жаралар түзеді. Бұл процессте көп мөлшерде
сілекей ағуы байқалады және қатты ауырсынады.
Достарыңызбен бөлісу: