Терідегі және ауыз қуысы кілегей қабатындағы негізгі
патогистологиялық өзгерістер:
–
гиперкератоз
– мүйізді қабаттың қалыңдауы (мүйізді
қабыршақтың шектен пайда болуы немесе мүйізді
қабыршақтардың түлеуінің тоқтауы);
–
паракератоз
–
мүйізді
қабатта ядроның болуымен
сипатталатын толық мүйізденбеуі (түйіршікті қабаттың
толық дамымауымен немесе болмауымен жүреді);
–
гранулез
– түйіршікті қабаттың қалыңдауы;
–
акантоз
– тікенекті қабаттың
жасушалар қабатының
санының көбеюі;
–
дискератоз
– жекеленген кератиноциттердің мерзімінен
бұрын мүйізденуі;
–
жасушаішілік ісік
(вакуолизация) – эпидермоциттердің
протоплазмасында
вакуольдердің
пайда
болуымен,
ядролардың
деформациясымен, пикнозбен сипатталады;
–
спонгиоз
(эпидермистің жасушааралық ісігі) – жасуша
арасында
экссудаттың жинақталуымен, жасушалааралық
көпіршелердің
керілуімен
және
жарылуымен,
эпидермаішілік күлдіреуіктің қалыптасуымен сипатталады;
–
баллонирлеуші дистрофия
– жасушааралық көпіршелердің
бұзылуына әкелетін
некробиотикалық процесс; бір-бірімен
байланысынан айырылған жасушалар немесе жасушалар
тобы, шар тәрізді ісінген құрылымдар (баллондар) кеңейген
жасушааралық жазықтарда бос жүзіп жүреді;
–
акантолиз
– интраэпидермальды
қуыс пайда болуына
әкелетін, олардың десмосомальды қатынасының бұзылу
салдарынан
эпидермальды
жасушалардың
арасында
байланыстың жойылуы;
–
эпидермолиз
–
субэпидермальды
қуыстардың
пайда
болуына әкелетін жартылай десмосомдардың қатынасының
бұзылуы нәтижесінде
базальды мембрана аймағында
эпидермис пен дерманың арасындағы байланыстың
жойылуы.
Достарыңызбен бөлісу: