мерезде болады. Олар табиғи тесіктердің айналасында
орналасады және тез қанайды. Тереңдігіне қарай жарылулардан
кейін жарылу пішініне келетін қабық түзіп кебетін серозды
немесе серозды-қанды бөлініс бөлінеді.
Сызат, немесе экскориация (excoriatio) (10-сурет)
–
қасынудан немесе басқа да түрлі механикалық жарақаттанудың
нәтижесінде дамитын терінің бұзылысы.
Қасынулар тек
эпидермисті ғана емес, дерманың емізікті қабатының бүтіндігін
бұзады; бұл жағдайда тыртық қалмайды. Сызаттың бұдан да
терең орналасуында жазылғаннан кейін тыртық, пигментация
немесе
депигментация
қалдырады.
Экскориация
қатты
қышынудың объективті белгісі болып табылады. Қышынудың
орналасу орны мен түрі кейде
диагностиканы жеңілдетеді
(мысалы, қотыр кезінде).
Эрозия (erosio) (11-сурет)
– тері бүтіндігінің эпидермис
деңгейіндегі беткей бұзылуы. Эрозиялар қуысты бөртпелер
(көпіршік, іріңдік, күлдір бөртпе) жарылуынан пайда болып,
алдында болған біріншілік морфологиялық элементтің нұсқасы
мен көлемін қайталайды. Жиі эрозиялар қызғылт не қызыл түсті
болады, беті ылғалданып, суланып тұрады.
Ірі көпіршіктерден
кейін – эрозиялар аса көлемді, ал экзема, көпіршікті және белдеме
теміреткі,
дисгидроз,
табанның
дисгидрозды
эпидермофитиясында эрозиялар ұсақ келеді. Ауыз қуысы, бір
бірімен жанасатын тері беткейлерінде жиі эрозияланған мерездік
папулалар кездеседі; қатты шанкр да эрозия түрінде болуы
мүмкін. Эрозиялар терінің үстірт жарақаты болғандықтан із
қалдырмай жазылады.
Эрозия ауыз қуысында ұзақ уақыт сақталса, оның шеттері ісіп,
тіпті инфильтрациялануы да мүмкін. Мұндай жағдайда эрозияны
жарадан ажырату қиын. Кейде бұл сұрақтың жауабын тек элемент
жойылып жазылған соң тыртық қалдыру-қалдырмауына қарап
білеміз (жарадан кейін әрдайым тыртық қалады).
Ауыздың
кілегей қабаты мен ерінде, сирек теріде, кейбір патологиялық
процестерде эрозиялар ешқандай біріншілік элементсіз ақ
дамиды, мысалы, мерездегі эрозивті папулаларда,
жалпақ қызыл
теміреткінің эрозивті-жаралық түрінде. Мұндай эрозиялардың
түзілуі
сезімтал
кілегей
мен
терінің
қабынуларының
жарақаттаудың нәтижесі. Жарақаттан соң ісінген, жиі
мацерацияланған эпителийдің бүтіндігі бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: