Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет53/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

ЖАЛ ПЫ ЕМІ
 
Қазіргі күні тері ауруларын емдеу үшін көптеген емдік заттар 
мен 
әдістер 
қолданылуда. 
Бұлар 
седативті, 
гипосенсибилизаторлар, гормональді, иммунды, химиотерапия, 
антибиотикпен емдеу, шипажайлық ем, т.б. Бірақ бұл жіктеліс тек 
шартты түрде. 
Психофармакотерапия.
Кейбір дерматоздардың, әсіресе 
қышумен жүретін дерматоздардың патогенезінде орталық және 
вегетативті нерв жүйесінің функциональды бұзылыстары ерекше 
мәнге 
ие. 
Сондықтан 
осындай 
аурулардың 
емінде 
нейрофармакологиялық 
дәрілердің 
маңызы 
зор. 
Тері 
ауруларының емінде дәрілік заттардан бөлек психотерапия, 
физиотерапия сияқты жүйке жүйесіне дәрісіз де әсер ететін 
әдістер бар. 
Психотерапия
 
– дерматозбен ауыратын науқастардың сәтті 
емінің бір бөлігі. Психотерапия сөзбен және іс-әрекетпен 
науқасқа әсер ету дегенді білдіреді. Психотерапия әр науқастың 
нервті-психикалық жағдайын ескеріп жүргізілуі және мүмкін 
ятрогенділік көзін жоюы керек. Науқасты дерті ауыр болса да, 
жазылатына сендіру керек. Дәрігер науқастың шағымдарын 


мұқият тыңдап, тағайындап отырған дәрілік заттардың әсерін
қабылдау жиілігі мен дозасын түсіндіруі керек. 
Дерматозбен ауыратын науқастардың жүйке жүйесі қызметін 
ретке келтіру үшін түнгі ұйқысын қалыптастыру керек.
ОНЖ-не дәрілік емес әсер түрлеріне электроұйқы, 
акупунктура, тері арқылы электронейростимуляция жатады. 
Электроұйқы 
ОНЖ-ң қызметінің бұзылысына оң әсер тигізіп, 
науқастың жағдайын жақсартады. Бұл әдіс нерв жүйесіне белгілі-
бір жиіліктегі әлсіз импульсті токпен әсер етуге негізделген. 
Осының әсерінен науқас физиологиялық ұйқыға немесе соған 
жақын жағдайға түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет