Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет49/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

anamnesis vitae

сұрастырудың терапиялық профильдегіден айырмашылығы жоқ.
Тері ауруының тарихын сұрастыру кезінде оның ұзақтығын
сондай-ақ науқастың ауру басталуы мен өршуін (стресс, 
салқындау, дәрілік зат пен белгілі-бір тағам түрін қабылдауы, 
теріге химиялық заттардың және инсоляцияның әсері) немен 
байланыстыратынын анықтау керек. Содан кейін дерматоз 
ағымының ерекшелігін, рецидивке бейімділігін, оның ішінде 
өршу мен ремиссияның мерзімділігі мен оның ұзақтығын біледі. 
Егер науқас бұрын ем алған болса, оның не ем екенін және 
нәтиже болу-болмауын сұрастыру қажет. Теріге судың, сабынның 
әсеріне де көңіл бөлу керек. 
Өмір анамнезін жинағанда дерматоз патогенезінде сыртқы 
орта факторларының ролін анықтау мақсатында науқастың 
жұмыс және тұрмыс жағдайын, бұрын ауырған ауруларын, 
отбасы мүшелері мен қандас туыстарының арасында тері 
ауруларының болуын, шылым шегу мен алкоголь қолдануына 
көңіл бөлгеніміз жөн. 
Науқасты 
объективті 
қарау 
тері 
ауруларының 
диагностикасының маңызды бөлігі. 
Егер науқас бірен-саран бөртпелерге шағымданса, одан 
толықтай шешінуін сұрау керек. Морфологиялық элементтердің 
таралуына мән береміз. Себебі, процесс әр-түрлі болады: барлық 


денеге жайылған (эритродермия), жайылмалы не жергілікті жерде 
орналасқан, симметриялық не асимметриялық болуы мүмкін. 
Элементтердің бір-біріне қатысты қалай орналасқанын білу 
маңызды. Бөртпелер бөлек-бөлек немесе сақина, доға, сызық, т.б. 
түрінде топтасып орналасуы мүмкін. Бөртпелердің бөлек аз-аздан 
топтасып орналасуы оның герпестектес екенін көрсетеді. Бөртпе 
бір-бірімен қосылуға бейім болуы мүмкін. Зақымдану шекарасы 
анық не анық емес болуы ықтимал. Көп жағдайда бөртпе 
орналасу орны да диагностикалық мәнге ие болады. 
Морфологиялық элементтерді зерттеу барысында ең алдымен 
оның түсін, пішінін, түрін, пальпация арқылы тері не кілегей 
қабық деңгейінен көтеріңкі не деңгейлес екенін анықтау керек. 
Олардың консистенциясын (қатты не жұмсақ), тереңдігін (беткей 
не терең) анықтау керек. Процесстің динамикасын нақтылау 
керек: элементтер тұрақты ма, әлде кейде жоғалып кете ма, 
регрессиясы (сорылуы, қабыршақтануы, жараға айналуы, 
атрофиясы, т.б.) қандай, тыртық орны қала ма, жоқ па, қалса – 
қандай тыртық қалатыны. Изоморфты реакцияның маңызды 
диагностикалық мәні бар (Кебнер симптомы): кез-келген 
(тырналу, жырылу, күю, күн сәулесі, т.б.) экзогенді фактордың 
әсерінен осы ауруға тән тері не кілегей қабықтың тітіркенген 
орнында біріншілік элементтердің пайда болуы.
Бірқатар жағдайларда арнайы зерттеу әдістеріне жүгінеді: 
элементтің түсін нақтылауға бағытталған витропрессия (сағат 
әйнегі, әйнек шпательмен зақымдалған терінің үстінен басу), 
казеозды табу және т.б.; қабыршақтануды анықтауға көмектесетін 
элементті қабаттары бойынша қарастыру. Көрсеткіш бойынша 
емізікті қабықтың капиллярының сынғыштығының жоғарылауын 
және т.б анықтайды 
Дерматоздың инфекциялық этиологиясына күмандансақ, 
бактериоскопиялық, бірқатар жағдайларда бактериологиялық 
диагностикаға жүгінеміз. Зерттеу материалы ретінде қабыршақ, 
шаш, 
тырнақ 
пластинкалары, 
пустуламен 
көпіршікті 
элементтердің құрамы, эрозия мен жаралардың бөлінісі, қан және 
т.б. болады. 


Көпіршік сұйықтығының клеткалық құрамын зерттеу, эрозия 
беткейінен алынған жағындының цитологиялық зерттеуі, 
акантолиздік клеткаларды табуға бағытталған қан мен зәрдің 
жалпы клиникалық талдауының және т.б. нәтижелерінің 
диагностикалық мәні зор.
Науқас терісіндегі біріншілік және екіншілік элементтерге 
қарап диагнозды оқуға болады. Дерматовенеролог неғұрлым 
білімді, неғұрлым клиникалық тәжірибесі бай, неғұрлым көріп 
есте сақтау қабілеті күшті болса, соғұрлым жиі ол бөртпеге 
(морфологиялық элемент сипаты, орналасуы, жайылуы, пішіні, 
шеттері, беткейі, бір-біріне қатынасы, консистенциясы) қарап ақ
диагноз қоя алады. Бұл жерде дерматоздың типтік өтетін барлық 
клиникалық түрлерін келтіру мүмкіндік жоқ. Мысал ретінде, 
клиникалық диагноз қоюды салыстырмалы жеңілдететін тек 
бірнеше тері және венерологиялық ауруларды келтіреміз. 
Фурункул, карбункул, гидраденит, тұрпайы эктима, кебекті 
теміреткі, эритразма, табан эпидермофитиясы, руброфития, 
фавустың скутулярлы түрі, көпіршікті және белдеме теміреткі, 
эритематоз, склеродермия, экзема, есекжем, қабыршақты 
теміреткі, жалпақ қызыл теміреткі, қатты шанкр, мерездің 
екіншілік кезеңінің көлемді кандиломасы және т.б. көптеген тері 
және венерологиялық аурулардың классикалық түрлерін 
диагностикалау сәйкес тәжірибе және өтілі болса, қиындық 
туғызбайды. 
Дегенмен, 
кей 
жағдайларда 
көптеген 
дерматоздардың ұқсастығына байланысты визуальді диагностика 
қиындай түседі. Жиі “классикалық” дерматоздардың клиникалық 
көрінісі мен ағымында өзіне тән атиптілігі болады. Мұндай 
жағдайларда дерматовенеролог науқасты қарап, бөртпелердің 
сипатына қарай, тіпті қосымша тексеріс әдістерін (пальпация, 
диаскопия, т.б.) пайдаланғаннан кейін де диагноз қоя алмаса, 
науқастың анамнезі мен шағымдарын нақтылауы керек. Қажет 
болса, қорытынды диагноз қойып, этиологиясы мен патогенезін 
нақтылау мақсатында арнайы дерматовенерологиялық зерттеулер 
(биопсиялық 
материалдың 
патогистологиялық 
зерттеуі, 
саңырауқұлақ, 
боз 
трепонема, 
гонококк, 
туберкулез 
микобактериясына, лепра таяқшасына, акантолиздік клеткаға, 


зерттеу, қанның серологиялық реакциясы, иммуноаллергиялық 
зерттеу, т.б.) жүргізеді. 
Дерматологиялық науқасты тексерістен өткізу схемасына 
көшейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет