сауыншы түйіндері, қасапшылар мен мал терісін өңдеушілерде –
сібір жарасы, ветеринар дәрігерлер мен маңқамен ауыратын
малдармен қызмет жасайтындарда – маңқа ауруы болуы мүмкін.
Жиі көмірсутегімен (газ, мұнай өнімдері) жұмыс істейтін
адамдарда
токсикалық
меланодермия
кездеседі.
Тері
лейшманиозы, алапес, флеботодермия
және бірқатар басқа да
дерматоздарға күман туса, осы ауру көп кездесетін жерлерде аз
уақыт болса да болған болмағанын сұрау керек. Мысалы
лейшманиозда – Орта Азия немесе Кавказда болуы, терең микоз
бен тропикалық трепонематоздарда – ыстық климаттық жерде
т.б. болуы маңызды. Уретрадан бөлініс, жыныс ағзаларында
эрозиялық және жаралық
элементтер болуына шағым болса,
кездейсоқ жыныстық қатынастың маңызы болуы мүмкін.
Бірқатар дерматоздарда аурудың мерзімділігі маңызды. Күз
бен көктемде жиі көп формалы экссудативті эритема, қызғылт
теміреткі, түйінді эритема, белдеме теміреткі кездеседі.
Фотодерматоз, эритематоз, флеботодермия, сәулесоқ дерматит,
эпидермофития, т.б. шағымдарымен
дәрігерге алғаш жазда не
көктемде, ал қалшылдаумен қыста, салқын мезгілде қаралады.
Кейде дерматоздың рецидив беруге бейімділігі (экзема,
псориаз, табанның эпидермофитиясы, экссудативті эритема,
Дюринг дерматиті, жай ұшық, т.б.) немесе,
керісінше,
қайталануға бейімділіктің болмауы (терең трихофития, қызғылт
теміреткі, белдеме теміреткі, т.б.) диагностиканы жеңілдетеді.
Дәрілік бөртпеге күмәнданатын болсақ анамнездің берері мол:
науқас бөртпенің қайталануын белгілі бір дәріні қабылдауымен
байланыстырады, дегенмен науқастың дәрімен байланысын
жоққа шығаруы дәрілік бөртпенің
болуын толық жоққа шығара
алмайды. Екшелеп сұрау барысында кей науқастар бөртпенің
қайталануын
шоколад,
құлпынаймен,
шаян
жеуімен
байланыстырады. Сондай-ақ, бұрын ауырған және қазіргі ауырып
жүрген туберкулез, сифилис, бауыр, асқазан-ішек жолдары, қан,
жүйесі аурулары мен нерв жүйесі, эндокринді бездер қызметінің
бұзылысы да диагностикаға көмектеседі.
Бірқатар жағдайларда науқастан сұрастыру арқылы дерттің
жанұялық
бейімділігін
анықтауға
болады.
Бұл
қотыр,
дерматомикоздар, тұқым қуалайтын және туа біткен дерматоздар,
т.б. көмектеседі. Сонымен қатар,
қышынудың болу болмауын,
оның интенсивтілігін, орналасу орнын, белгілі-бір уақытта
күшеюін сұрастыру керек.
Кейбір тері аурулары белгілі-бір жыныс өкілдеріне ғана тән
болады. Мысалы, түйіндік қотыр, созылмалы трихофития, жүйелі
склеродермия, түйінді эритема т.б., әйелдерде, ал ринофима, акне,
келоид – ер адамдарда жиі кездеседі.
Анамнез арқылы бөртпенің қашан және дененің қай бөлігінен
бастап шыққанын, қашаннан бері сақталатынын, олармен қандай
өзгерістер болғанын, яғни рецидив пен ремиссияның (егер болса)
жиілігі мен ұзақтығын, бөртпенің
тамақтанумен және бұрын
жүргізілген еммен байланысын, ем нәтижесін біле аламыз.
Дерматологиялық науқастың өмір тарихын (
Достарыңызбен бөлісу: