Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет46/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Ойық жара (ulcus) (12-сурет)
– эпидермис, дерма, кейде терең 
жатқан тіндерді де зақымдаумен жүретін терінің ақауы. Жаралар 
төмпешік, түйіндерден, терең пустулалардың ашылуынан 
дамиды. Тек трофикалық жаралар сау тіннің трофикасы 
бұзылысынан біріншілік некрозға ұшырауы нәтижесінде түзіледі. 
Жаралар дөңгелек, сопақша, дұрыс емес пішінді болып келеді. 
Жара беткейінің түсі ашық-қызылдан көкшіл-іркілгенге дейін 
боялады. Түбі тегіс және тегіс емес, серозды, іріңді, қанды 
бөлініспен 
жабылған, 
болар-болмас 
немесе 
көрнекі 
грануляциямен болады. Шеттері тегіс және тегіс емес, жалпақ 
және көтеріңкі, тығыз және жумсақ болады. 
Іріңді қабыну процесінде жарасының жиегі ісінген, жұмсақ, 
айналасындағы терісі қызарып, ірің шығып тұрады. Инфекциялық 
гранулемалар ыдырауында жараның айналасында тығыз 
шектелген инфильтрат пен периферияда іркілген гиперемия 
байқалады. Жараның айналасындағы қабынусыз өтетін қатты 
инфильтрат болса, оны жаңа түзілістен ажырату керек. 
Тыртық (cicatrix

(13-сурет)
терінің терең бұзылысының 
орнын талшықты дәнекер тіні басуынан пайда болатын жаңа тін. 
Бұл кезде терінің емізікшелері жазылып, емізікше аралық 
эпителиальдық талшықтар жоғалады; осыған сай эпидермис пен 
дерманың шекарасы тіке көлденең сызық түрінде болады. 
Тыртықтың беті тегіс, тері өрнегі сақталмайды және 
фолликулярлы, тер тесіктері болмайды. Сондай-ақ тыртықтық 
тінде түк, тер және май бездері, тамыры мен эластикалық 
талшықтары болмайды. Тыртық не терең күйік, кесілу мен 
төмпешік, түйін, терең пустулалардың жарасы орнында, не 
ешқандай 
жарасыз 
құрғақ 
жолмен, 
мысалы 
терінің 
папулонекрозды туберкулезінде немесе үшіншілік бұдырлы 
мерездің кейбір жағдайларында түзіледі. 
Басында тыртық қызыл не қызғылт түсті болғанымен, 
соңында ақ түске ауысады және шетінде пигментті белдеуі 
болады. Тыртық беті тегіс, кейде тегіс емес, салпыншақтары, 


көпіршелері болады. Тығыз фиброзды тіннің көп мөлшерде 
түзілуінен гипертрофиялық тері деңгейінен көтеріңкі тыртықтар 
пайда болады: оларды 
келоидты тыртықтар 
деп атайды. 
Өте жұқа және аз көлемдегі дәнекер тінінен тұратын
тыртықты 
атрофиялық тыртық
деп атайды. Бұл жағдайда 
зақымданған жердің терісі жұқарып, қалыпты өрнегінен 
айырылып, айналасындағы тері деңгейнен сәл төмендеу жатады. 
Атрофияда зақымдану ошағының орнында жара болуы міндетті 
емес, яғни “құрғақ жолмен” (қызыл жегі, склеродермияда). 
Мұндай тыртықты саусақпен қысқанда темекі қағазы тәрізді ұсақ 
қыртыстанып тұрады.
Тыртықтың орналасу орны, пішіні, мөлшері, көлемі және түсі 
алдында болған терідегі патологиялық процесті диагностикалауға 
көмектеседі. Осылайша, мерездік гуммадан соң терең керілген 
жұлдызша тәрізді тыртық, терінің колликватты туберкулезінен 
соң лимфа түйіндері аймағында керілген тегіс емес бұрыс 
пішіндегі көпірше тәрізді тыртық қалады. Дененің басқа 
аймақтарындағы мұндай тыртықтар туберкулезде ғана емес, терең 
созылмалы пиодермияда да кездеседі. Терінің папулонекроздық 
туберкулезі айқын шектелген мөр тәрізді тыртық, мерездің 
үшіншілік кезеңінің бұдырлы сифилиді мозаика тәрізді қатты 
тыртық қалдырады. Туберкулезді жегінің жазылуында теріде 
тегіс жұқа және жылтыр атрофия орны қалады.
Лихенификация (lichenificatio) (14-сурет)
тері өрнегінің 
қалыптан тыс анық көрінуімен жүретін терінің қалыңдауы мен 
тығыздалуы, 
ұсақ 
кебекті 
қабыршақтармен 
жабылуы, 
гиперпигментациясы мен құрғақтығы арқылы оған шагрень түрін 
береді. Лихенификация теріні ұзақ уақыт қасып тітіркендірудің 
нәтижесінде біріншілік (нейродермитте) немесе папулезді 
элементтердің қосылысуынан екіншілік дамуы мүмкін (мысалы, 
псориаз, жалпақ қызыл жегі, созылмалы экзема, нейродермите – 
диффузды 
папулезді 
инфильтрация). 
Лихенификацияның 
негізінде акантоз жатыр, яғни эпидермистің емізікаралық 
өсінділері дермаға өте терең еніп тұруының, дерма емізіктерінің 
ұзаруының және дерманың жоғарғы қабаттарындағы созылмалы 
қабынулық сіңбелердің нәтижесі. 


Вегетация (vegetatio) (15-сурет)
ұзақ жүрген қабыну 
процесінің аймағында тері емізіктерінің қалыптан тыс өсіп кетуі, 
кейде ағаш бұтақтарына ұқсап кетеді, әдетте, бұл жағдайда 
эпидермистің тікенекті қабығы қалыңдайды, әсіресе, емізікаралық 
өсінділері ұзарады. Вегетация беті тегіс емес, кедір-бұдыр, кейде 
әтеш айдарына ұқсайды. Егер вегетацияның беті қалың 
мүйізделген болса, ол құрғақ, қатты, күлгін-сұр түсті болып 
келеді. Ал, эрозияланған вегетациялар жұмсақ, қызыл түсті, тез 
қанағыш, бетінде ұйыма не ірің аралас сұйықтық бөлініп тұрады. 
Екіншілік инфекция қосылса ауырсыну, шеттерінде гиперемия, 
серозды-іріңді бөлініс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет