Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Рефлексотерапия, акупунтураның



Pdf көрінісі
бет54/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Рефлексотерапия, акупунтураның
(инемен емдеу) емдік 
әсерінің негізінде ОНЖ мен оның вегетативті жүйесін 
қалыптастырып, қышынуды басатын, тіпті жоятын әсері бар 
нейрорефлекторлы механизм жатыр. Осыған байланысты түрлі 
дерматоздардың, әсіресе қышумен жүретін дерматоздардың 
емінде инемен емдеу кеңінен қолданылады. 
Қышынуға қарсы әсерде бастаушы рольге ие тері арқылы 
электронейростимуляция, опиоидты және серотонинергиялық 
механизм арқылы эндогенді антиноцицептивті жүйеге әсер етеді. 
Нейрофармакотерапия.
Жиі кездесетін дерматоздардың көбі 
қышыну, мазасыздану, қорқыныш сезімімен, ұйқысының 
бұзылысымен, кейде депрессивті жағдаймен де өтеді. Сондықтан 
мұндай науқастарға тыныштандыратын дәрілер қолданылады. 
Психотропты дәрілер эмоциональдық жағдайы мен іс-әрекетіне, 
психикалық 
қызметіне 
әсер 
етеді. 
Дерматологияда 
нейроплегиялық дәрілер, транквилизаторлар, седативті дәрілер, 
антидепрессанттар, аналептиктер, жандандырушы дәрілер, 
ганглиоблокаторлар 
мен 
антиадренергиялық 
препараттар 
қолданылады.
Гипосенсибилизаторлық ем
.
Көптеген дерматоздардың 
патогенезінде аллергияның алатын орны ерекше, сондақтан 
олардың емінде аллергенді жойып, гипосенсибилизацияға қол 
жеткізуіміз қажет. Аллергенді тауып, оны жою тек моновалентті 
сенсибилизацияда қол жемімді, ал поливаленттіде оған қол 
жеткізе алмаймыз. Егер аллерген белгілі және поливалентті 


сенсибилизация 
дамып 
үлгермеген 
болса, 
арнайы 
десенсибилизация жасауға мүмкіндік туады. Осы мақсатпен 
аурудың терісіне арнайы схема бойынша аз көлемде ақырын 
концентрациясын көбейте отырып аллергенді енгізеді. 
Дерматологияда көбінесе антигистаминдік препараттар, 
натрий 
гипосульфиті, 
кальций 
препараттары, 
кортикостероидтармен, т.б. арнамалы емес гипосенсибилизация 
қолданылады. 
Көптеген антигистаминдік препараттар антисеротиндік, 
седативті, холинолитикалық қасиетке ие. Олардың әсер ету 
принципі клеткалардағы гистамин рецепторларын блокадалауға 
бағытталған. Антигистаминдердің ішінде дерматологиялық 
тәжірибеде 
кеңінен 
қолданылатыны 
НІ-рецепторларының 
блокаторларына жататын: димедрол, диазолин, дипразин, тавегил, 
фенкарол, кестин, кларитин, зиртек, тинсет препараттары.
Науқастың ағзасында табиғи жолмен гистаминге қарсы 
антидене өндіріп, сарысудың бос гистаминдердің белсенділігін 
жоятын қасиетін көтеру мақсатында тері астына енгізілетін 
гистаглобуллин қолданылады.
Кальций препараттарынан жиі кальций хлориді, кальций 
глюконат, 
кальций 
лактаты 
қолданылады. 
Олар 
десенсибилизациялық, қабынуға қарсы, седативті әсер етеді. Бірақ 
кальций препараттарын ақ дермографизмді нейродермитпен 
ауыратын науқасқа тағайындамаған жөн. Натрий тиосульфаты – 
күшті гипосенсибилизациялық және детоксикалық қасиетке ие. 
Кальций және натрий тиосульфатын ішуге не вена ішілік енгізуге 
тағайындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет