Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет52/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

1.6. 
ТЕРІ 
АУРУЛАРЫН 
ЕМДЕУДІҢ 
НЕГІЗГІ 
ҚАҒИДАЛАРЫ 
Бірқатар дерматоздарды тудыратын этиологиялық факторлар 
белгілі (пиодермияның әр-түрлі клиникалық формалары, 
дерматомикоздар, терінің лейшманиозы мен туберкулезі, вирусты 
дерматоздар, лепра, қотыр, т.б.). Аурудың қоздырғышын анықтап, 
оны лабораториялық жағдайда зерттеп, жануарларға жұқтыру 
нәтижесінде 
микробтық 
агентке 
арнамалы 
әсер 
етіп, 
инфекциялық немесе паразитарлық дерматоздарды жоятын емдік 
препараттарды жасап шығарып, тәжірибеге енгізілді. Бұл 
дерматоздың этиотропты емі. Дегенмен, мұндай терапия 
тиімділігі шектелген (қотыр, лейшманиоз, т.б.) болады. 
Микробтық агент бүкіл ағзаға әсер етеді. Сондай-ақ сыртқы орта 
жағдайы тек науқасқа емес, микробтық факторға да әсер етеді.
Мұның бәрі бірдей дәрілік заттарды сол бір ауруда 
қолданғанның өзінде түрлі нәтиже беретінін көрсетеді. 
Дерматоз тәжірибесінде жиі кездесетін эндогенді және 
экзогенді тітіркендіргіштерге организмнің сезімталдығының 
артуы – тағамдық, дәрілік, химиялық, тұрмыстық, кәсіби, т.б. 
емдеуде айтарлықтай қиындық туғызады. Дерматоздардың үлкен 
тобы (экзема, нейродермит, есекжем, т.б.) сенсибилизацияға, яғни 
сезімталдықтың артуымен байланысты. Егер дерматоз негізінде 
жатқан әлі полисенсибилизацияға әкелмеген тітіркендіргіш 
фактор белгілі болса (мысалы, кәсіби дерматоздағы химиялық 
аллерген), оны жою тезірек жазылуға себеп болады. Алайда 
практикада көп жағдайда аллерген анықталмайды немесе 
генетикалық не жүре біткен поливалентті сенсибилизация 
нәтижесінде 
көптеген 
тітіркендіргіштерге 
реактивтілігінің 
жоғарылауы анықталады. Мұндай жағдайларда негізгі зейін 
жалпы емге, десенсибилизациялық және симптоматикалық емге, 
созылмалы инфекция ошақтары мен ішкі ағза, жүйке жүйесі, ішкі 
секреция бездері ауруларына қойылады. Созылмалы аллергиялық 
дерматозбен ауыратын баланы емдеу едәуір қиындық туғызады. 
Симптоматикалық ем қосалқы ем ретінде қолданылып жүр. 
Себебі этиотропты және патогенетикалық ем негізгі рольге ие.


Ем жоспарын анамнез мәліметтері, клиникалық және 
лабораториялық зерттеу нәтижелеріне сәйкес құрастырып және 
өзгертіп отырады. Клиникалық топшылау, тәжірибе, жүмыс 
барысында өндірілген квалификация мен интуиция, арнайы 
оқулықтарды, мысалы неврология, терапияны жиі қарап оқып 
отыру да үлкен мәнге ие.
Емді науқастың жынысына, жасына, анамнез мәліметтеріне, 
бұрын жүргізілген емдеріне, дәрілерді көтере алу мүмкіншілігіне, 
дерматоз түріне, сатысы мен таралуына қарай арнайы тағайындау 
керек.
Дерматологиялық науқасты емдеуде науқас пен дәрігердің 
арасындағы қарым-қатынас та маңызды. Науқаспен дұрыс 
психотерапиялық деңгейде араласу көптеген дерматоздардың 
дәрілік емінде оң нәтиже береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет