түзіледі. Әсіресе, ол пигментті теріде анық көрінеді. Күн
сәулесінің әсерінен ауру жазылып кетуі де мүмкін, бірақ
зақымдалған жердегі тері сау терімен салыстырғанда күнге нашар
күйеді, сондықтан тері ала-құла болып көрінеді. Жиі орналасатын
жерлері – ауыз маңы, ұрт, төменгі жақ аймағы, кейде дене мен
аяқ-қол терісі.
Әдетте ауру көктем мен күзде дамиды. Балалар мекемелерінде
жәй теміреткінің эпидемиологиялық бұрқ етулері болуы мүмкін.
Субъективті кейде аздаған қышыну болады.
Турниоль
(
tourney
– шеңбер) негізінен үлкен адамдарда
кездеседі. Саусақтың тырнақ пластинкаларының айналасында
басында серозды, сосын лайлы-іріңді бөлінісі бар фликтеналар
түзіледі. Ауру стрептококктардың енуіне жағдай жасайтын
сөгілген көбе, саусақ жарақатында дамиды. Зақымданған саусақ
ісініп, ауырсынады.
Фликтена ашылған соң эрозия түзіліп, тырнақ білікшесін таға
тәрізді қоршап алады. Процесс тырнақ пластинкасының
тежелуіне әкелуі мүмкін. Кейде лимфангит, қалтырау, жалпы
әлсіздік, қызба болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: