Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Интертригинозды стрептодермия немесе стрептококкты



Pdf көрінісі
бет73/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Интертригинозды стрептодермия немесе стрептококкты 
баздану.
 
Ауру бір-бірімен жанасатын тері қыртыстарында 
дамиды (әйелдерде емшек безінің астында, толық адамдар мен 
балаларда қарын қатпарында, құлақ қалқанының артында, шап-
ұма бүкпесінде, жамбас араларында, қолтық астында және т.б.). 
Біріншілік элемент – фликтенаның көлемі 2-3 мм. Көптеген 
фликтеналар қосылысып, тез жарылып, ылғалды ақшыл-қызыл 
түстес, шекарасы анық, шетінде түлеген эпидермисі бар үлкен 
эрозиялар пайда болады. Негізгі зақымдану ошақтарының 
жанында түрлі даму сатысындағы бөлек-бөлек орналасқан 
пустулезді элементтер түріндегі себінділер көрінеді. Қыртыс 
тереңінде жиі ауырсыну туғызатын жарықтар болады. Ағымы 
ұзақ және айқын субъективті өзгерістермен жүреді. Ашытқылық 
интертригинозды зақымдануларда көпіршік құрамы мен түзілген 
қабықшалар 
сарғыш 
түс 
бермейді; 
шеткі 
эпидермис 
жұлындысында 
немесе 
себінділерде 
ашытқы 
тәрізді 
саңырауқұлақ элементтерін табамыз.


Эктима
 

 
жиі балтырда, әдетте, иммуножетіспеушілік, 
лимфо-қанайналымы бұзылуы байқалатын адамдарда байқалады 
(23-, 24-сурет).
Пустулезді және ойық жаралы
сатыларын ажыратады.
Процесс теріде терең орналасқан, бетінде лай, серозды-іріңді 
сұйықтықты пустула пайда болатын, ауырсынатын жедел 
қабынулы түйіннің пайда болуынан басталады. Пустула, іріңді 
инфильтрат салдырынан тереңге және перифериясына қарай 
ұлғаяды да, сұр-қоңыр қабыршақтанып, кебеді. Қабыршақ 
түскенде, түбі іріңді жабындымен жабылған, терең ойық жара 
пайда болады. Жараның қыры жұмсақ, қабынулы, терінің бетінен 
шығып тұрады. Жағымды ағымында қабыршақ астында 
грануляция және тыртықтану байқалады. Ауру 1 айға дейін 
созылады. 
Тілме. 
Бұған тері мен теріасты шел майының шектелген 
аймағының жедел стрептококкты (жиі 
S. Pyogenes
, сиректеу – 
стрептококктың В, С, Д топтары), жалпы көріністермен 
(дәмкәстік, дірілдеу, дене қызуының көтерілуі) қосарланатын,
зақымдалуы тән.
Терінің зақымдалған аймағы ісінген, тері айқын қызыл түсті, 
гиперемия шекарасы айқын, жиі «алау тілі» түрінде болады. 
Басқанда гиперемия жоқ болып кетеді. Науқастар зақымдалу 
ошағында кернеу мен ауырсынуды сезеді. Пальпациялағанда 
лимфа түйіндері ұлғайған және ауырсынатын болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет