Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет75/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
П
ИОДЕРМИЯЛАРДЫҢ ТИПТІ ЕМЕС ФОРМАЛАРЫ
 
 
Созылмалы 
жаралық 
және 
жаралы-вегетациялық 
пиодермия
.
 
Қоздырғышы көп жағдайда алтын түсті стафилококк 
пен стрептококк болып табылады. Олардың протей, ішек және 
көк-ірің таяқшасымен, т.б. қатар шақырылуы да ықтимал. 
Ауру көбіне иммуножетіспеушілігі, әсіресе иммунитеттің Т-
клеткалық мүшесінің жетіспеушілігі бар және фагоцитарлық 
белсенділігі төмендеген науқастарда кездеседі. Қоздырғыштың 
патогенді қасиетінің әлсіреуі аурудың ағымын ұзартуда, 
пиококктар енгенде, ағзаның айқын реакциясы болмауында 
маңызды роль атқарады. Ауру дамуына ішкі мүшелер қызметінің 
бұзылуы (соның ішінде жаралы колит) мен алкоголизм жақсы 
жағдай жасайды. Сонымен қатар, қан айналым бұзылысы, 
жарақат, салқындау, гиповитаминоз немесе басынан кешкен 
инфекция нәтижесінде тамыр өткізгіштігінің артуы да маңызы 
зор. 
Созылмалы пиодермиттер көбінесе аяқта, сирек саусақ 
сыртында орналасады. Жиі 40-60 жас шамасындағы ер адамдар 
ауырады.
Ауру 
стрептококкты 
эктима, 
фурункул 
немесе 
тез 
некроздалып, жараға айналатын терең инфильтрат түзілуінен 
басталады. Жараның мөлшері үлкен, дөңгелек не сопақша немесе 
айқын шектеулі, сіңбелі, беті бүртікті, кейбір жерлері іріңді 

25-сурет. Стрептостафило-

26-сурет.Созылмалы ойық
 

коккты импетиго

жаралы пиодермия
 


қабықпен көмкерілген қабынулық табақшалар көрінеді. Оларды 
басқанда бүртіктердің арасынан, терең жыртықтардан және 
тесіктерден ірің тамшылары байқалады. Негізгі ошақтың 
айналасында терең іріңдіктер қуысын байқауға болады 
(26-
сурет).
Инфильтрат түбінде терең бір-бірімен байланысып 
жатқан іріңдіктер қуысын байқауға болады. Қабыршақ астында 
жаралық процесс әртүрлі көлемді болады және ақырындап шетіне 
қарай өсіп, үлкейеді. Негізгі ошақ шеттерінде іріңді жаралық 
еруге бейім жаңа фликтена немесе фустулалар түзіледі. Процесс 
бір уақытта эпидермис, дерма, гиподерма, бұлшықет, кейде тіпті 
сүйекті де қамтуы мүмкін; әдетте ол өзіне тән ерекше тыртықпен 
бітеді. Ауру ұйқысыздық, әлсіздік, қан аздық, ауырсынумен, егер 
ағымы созылмалы болса көп айлар мен жылдарға бойғы 
ауырсынумен сипатталады. 
Жара үстінде немесе шетінде тіннің сүйел тәрізді өсуі – 
вегетация түзіледі, ол кейде тіпті зақымдалған аймақты түгел 
қамтиды (созылмалы жаралық-вегетациялық пиодермия). Кейде 
бірен-саран не көптеген іріңді, жиі қан аралас бөлініс тамшылап 
тұратын фустулезді жолдар түзіледі. Кейде жараның орталық 
беткейі жазылса да, шеткеріде процесс дами береді. Бұл жағдайда 
созылмалы пиодермияның серпигинозды түрі туралы айтуға 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет