Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет79/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
 
30-сурет. Эризипелоид 
 
 
31-сурет. Эритразма 


тағайындалатын этиологиялық және патогенетикалық дәрілік 
заттар қолданылады. 
Жалпы ем.
Таралған пиодермиттің беткей және терең 
түрлерінде негізгі этиотропты емі антибиотиктер болып 
саналады. Пенициллин мен оның жартылай синтетикалық 
аналогтарын кеңінен қолданады: ампициллин, оксациллин, 
метициллин. Балаларға препараттарды парентеральді күніне 2-3 
реттен, 20 000-30 000 Б/(кг күніге) есебіндегі мөлшерде 
тағайындаймыз. Ересектерге калийлік бензилпенициллин немесе 
натрийлік тұзды бұлшықет ішілік 250 000-500 000 Б күніне 4-5 
реттен енгізеді. 
Метациклиннің натрийлік тұзын бұлшықет ішілік 0,5-1,0-ден 
6 сағат сайын 15 күнге тағайындайды.
Оксацилиннің натрийлік тұзының уыттылығы төмен, 
асқазанның қышқыл ортасында белсенділігін жоғалтпайды, 
асқазан-ішек жолдарынан оңай сіңіріледі, сондықтан тек 
бұлшықет ішілік емес, ішуге де тағайындалады. Балаларға бұл 
препарат тамақтанардан 1 сағат бұрын немесе тамақтанған соң 2-
3 сағаттан кейін беріледі, 5 жасқа дейінгі балаларға 0,25-0,5 г 
күніне 4-6 реттен; жаңа туған және шала туылған нәрестелерге 
20-80 мг/кг есебінен бұлшықетішілік, ал 3 айдан 2 жасқа дейінгі 
балаларға 1,02 г/кг есебінен 5-6 күнге тағайындалады. 
Ересектерге оксациллиннің натрийлік тұзын 0,5-1,0 г күніне 4-5 
рет тағайындайды. Ем курсы 6-10 күн. 
Ампициллиннің натрийлік тұзы мен ампициллин тригидрат 
ішуге таблетка түрінде шығарылады, оларды 0,25 г күніне 4-6 
реттен 
тағайындайды. 
Бұлшықет 
ішілік 
енгізуге 
тек 
ампициллиннің натрийлік тұзының жанында инъекция үшін 2,0 
мл суы бар 0,25 немесе 0,5 г амуладағы түрі шығарылады. 
Балалар үшін ампициллиннің тәуліктік мөлшері 100-200 мг/кг, 
күніне 4-6 рет қабылдауға. 
Натрий ампиоксы – ампициллин мен оксациллиннің 
біріктірілген түрі – балаларға 10-нан 50 мг/кг-на дейінгі есеппен 
бұлшықет ішілік, ал ересектерде – 2,0-3,0 г/күніге есебінен 
тәуліктік дозаны 3-4 инъекцияға бөліп енгіземіз. 


Тетрациклин тобының антибиотиктерін балаларға тек 8 
жастан кейін тағайындайды. Тетрациклиннің кемшілігі оның 
кальций мен магнийден тұратын ерімейтін кешен түзу 
мүмкіншілігінде. Оны қабылдау кезінде сүт өнімдерін 
қолданбаған жөн. Тетрациклин 0,1 г таблетка түрінде 
шығарылады, тамақпен бірге не тамақтанған соң бірден күніне 4-
5 реттен 5-7 күн ұзақтықта ішу керек. Күніне 1-2 рет қана 
тағайындауға болатын оксициллин мен моноциклин қолдануға 
ыңғайлы. 
Тетрациклиндер терінің ультракүлгін сәулесіне сезімталдығын 
арттырады, сондықтан жаз күндері, әсіресе оңтүстік климаттық 
зонасында оларды сақтықпен қолдану қажет.
Макролид тобының антибиотиктері (жиі эритромицин мен 
олеандомицин) дерматологияда балалар үшін де, ересектер үшін 
де кеңінен қолданылады. Эритромицинді жүкті әйелдер мен жаңа 
туған нәрестелерде қолдануға болатындықтан резерв антибиотик 
деп саналады.
Эритромицинді 
асқазанның 
тұз 
қышқылы 
әсерінен 
белсенділігін жоғалтатын болғандықтан, тамақтан соң ішуге 
тағайындайды. Балаларға арналған мөлшері – 0,05-0,1 г күніне 4 
рет, ересектерге – 0,25-0,5 г күніне 4-6 рет тамақтан 1 сағат кейін.
Сумамед 
(азитромицин) 
– 
макролидті 
антибиотик-
азалиндердің мүшесі болып табылатын кең спектрлі антибиотик.
Ересектерге 1-күні 500 мг (1 таблетка), ал 2-5-күндері 250 мг 
немесе 500 мг/күніге (1,5 г-ға дейін) деп тағайындайды. Балаларға 
салмағына сай есептейді.
Олеандомицин 
фосфат 
әсер 
ету 
спектрі 
мен 
фармакокинетикасы 
эритромицинмен 
ұқсас, 
бірақ 
одан 
белсенділігі бойынша қалып қояды. Препарат 0,25 г таблетка 
түрінде шығарылады. Оны ішуге күніне 4-6 реттен тамақтан 
кейін, 5-10 күнге тағайындайды. Ампуладағы препараттарды 1,0-
2,0 г–н күніне 3-4 рет бұлшықет ішілік және тамыр ішілік 
енгізеді.
Аминогликозидтер 
кең 
спектрлі 
әсер 
етеді, 
бірақ 
дерматологияда ототоксикалық және нефротоксикалық әсеріне 


байланысты көбі (неомицин, канамицин, гентамицин) сирек 
қолданылады.
Фузидон-натрий стафилококк, стрептококк, менингококк және 
т.б. грамм оң және грамм теріс кокктарға жақсы қарсы тұрады. 
Ішуге 0,25 г күніне 4 рет, ал балаларда 1 жасқа дейін 60-80 мг/(кг
жоғарылары – 20-30мг/(кг күніне) тағайындалады. Тәуліктік 
мөлшерді 2-3 рет қабылдауға бөлеміз. Дәріні тамақтанған соң 
10%-қ қант сиропымен ішу керек. Ем курсы 5-7 күн. Қазіргі күні 
дәрілік заттар көп болғанымен микрофлораның сезімталдығы 
артып жатыр. Цефалоспориндер (клафоран, цефобид, цефалексин 
және т.б.) мен хинолиндердің (таривид, ципробай) және т.б. 
нәтижелілігі жоғары. Оларды күніне 1-2 реттен қабылдау керек.
Цефалоспориндік топтың екіншілік туындысына жататын 
зиннат түрлі пиодермияны емдеуде 250 мг күніне 2 рет 7 күн 
ұзақтықта енгізіледі. 
Микрофлора 
сезімталдығын 
анықтайтын 
антибиотикограмманы алу антибиотикалық емнің нәтижелігін 
арттыра түседі. Мүмкін аллергиялық асқынуларды алдын-алу 
үшін терілік, конъюнктивалық, оральді тесттер арқылы ағзаның 
дәріні көтеру қабілетін тексеру керек. 
Антибиотикотерапияның асқынулары сан түрлі. Ұзақ 
созылмалы ағыммен жүретін жиі кездесетін және ауыр өтетін 
түрлеріне дерматит, экзема, токсикодермия жатады. Сондай-ақ 
вестибулярлы аппаратқа, есту нервіне, үштік нервке, бауыр, 
бүйрек, ішекке токсикалық әсер етуі де мүмкін. Барлық 
асқынуларда дереу антибиотикпен емді тоқтату керек. 
Антибиотик тағайындауға жалпы қарсы көрсеткіштеріне 
микробтық флораның оған сезімталдығының болмауы және 
макроорганизмнің сезімталдығы жоғары болуына байланысты 
индивидуальді көтере алмаушылық.
Пиодермит емінде сульфаниламидті препараттарды нәтижесі 
төмендігі мен жиі аллергиялық реакция тудыруына байланысты 
сирек қолданады. Қазіргі күні ең жиі қолданылып жүрген түрлері: 
бактрим (бисептол, септрин), сульфадиметоксин (мадрибон), 
сульфален (келфизин), сульфатон. 


Әдетте, сульфаниламидтерді кең спектрлі антибиотиктерден 
нәтиже болмағанда немесе оларды көтере алмайтындықтан 
пайдалана алмаған жағдайларда тағайындайды.
Антибактериальді препараттардың қатарында нитрофурандар 
(фурадонин, фурозолин, фурозолидон, фурагин) да кіреді. 
Нитрофурандар – грамм оң және грамм теріс микроорганизмдерге 
қарсы синтетикалық препараттар жиынтығы. Препарат ағзамен 
жақсы көтеріледі және фагоцитоз бен басқа да иммундық 
қасиеттерін белсендіреді.
Нитрофурандарды 0,05-0,1 г тамақтан соң күніне 3-4 реттен 5-
7 күн ұзақтықта тағайындайды. Нитрофуранның барлық 
препараттарын 
антибиотиктерге 
және 
сульфаниламидті 
препараттарға сезімталдығы жоқ пиодермиттерді емдеуде 
қолданады. 
Әдетте пиодермиттер екіншілік иммундық жетіспеушілігі бар 
науқастарда дамиды. Әсіресе, Т-лимфоцит субпопуляциясының 
дисбаланстық жағдайы мен ағзаның арнамалы емес қорғаныш 
факторларының белсенділігі төмендеуі байқалады. Осыған орай 
пиодермиті бар науқастардың емінде иммунитетін белсендіру 
мақсатында арнамалы және арнамалы емес иммунотерапия 
жүргіземіз.
Терісінің іріңді зақымдануы бар науқастарды емдеуде 
қолданылатын әсер етулер кешенінің құрамынағы арнамалы 
иммуномодуляторлардың маңызы зор. Оған стафилококкты 
анатоксин, нативті және адсорбирленген стафилококкты 
бактериофаг, стафилококкты антифагин, антистафилококкты 
гамма-глобулин, 
стрептококкты 
вакцина, 
стрептококкты 
бактериофаг, аутовакцина, антистафилококкты сарысу жатады. 
Стафилококкты нативті анатоксинді ересектерге 0,1-н 2,0 мл-
ге дейін және 1-2 жастағы балаларға 3-5 күндік интервалмен 0,1-н 
1,0 мл-ге дейін жауырынның төменгі бұрышының тері астына 
енгізеді. Кезекті мөлшерін алдыңғы салынған препаратқа болған 
реакцияның толықтай өшуінен кейін ғана енгізеді. Тазартылған 
адсорбирленген стафилококкты анатоксин тері астына тек 3 рет 
30-54 күн үзіліспен 0,2-0,5 мл мөлшерде тағайындалады. 


Стафилококкты бактериофагты 0,1-2,0 мл мөлшерінде ағза 
реакциясына қарай 1-3 күн сайын тері ішілік, тері астылық, 
бұлшықет ішілік енгізуге болады. 
Стафилококкты антифагинді 0,2-н 1,0 мл-ге дейін тері 
астылық 1-3 күн сайын енгізеді. Терінің іріңді ауруларының жиі 
рецидив беретін түрлерінде антифагинмен бірге нативті 
стафилококкты анатоксинді тағайындау қажет. 
Сұйық стрептококкты бактериофагты тері астылық не 
бұлшықет ішілік 3-4 күн сайын 0,5; 1,0; 1,5; 2,0 мөлшерде 
енгізеді. Әрбір инъекцияны жергілікті реакция жойылмайынша
енгізбеу керек. 
Стафилококкты вакцина тек ересектердің пиодермитін 
емдеуге қолданылады. Вакцинаны тері астылық, бұлшықет ішілік 
не тамыр ішілік 0,05-0,1 мл мөлшерден бастап, күнде 0,1-0,2 мл 
қосып отырып, 2,0 мл-ге жеткізіп енгізеді. Ем курсы 10-12 
инъекция. 
Стрептококкты вакцина мен аутовакцинаны тері ішілік немесе 
тері астылық жергілікті реакциясы мен көтере алуын ескере 
отырып, 100-200 млн микробты дене (0,1-0,2 мл) мөлшерінен 
бастап, 2 млрд микробтық денеге (2,0 мл) жеткізіп енгізеді. 
Экзематизациясы мен екіншілік аллергиялық бөртпелері 
(пиоаллергидтері) бар науқастарға вакциналар (стрепто- және 
стафилококкты) мен аутовакциналарды 10-100 рет натрий 
хлоридінің изотониялық ерітіндісімен араластырып енгізеді. 
Антистафилококкты гамма-глобулинді 120 ХБ мөлшерде 
күніне 1 рет 3-5 күнге тағайындайды. Ем курсы 3-5 инъекция. 
Гипериммунды антистафилококкты сарысуды 4-5 мл/мг 
мөлшерде вена ішілік тамшылатып енгізеді. Балаларда сарысу 
мөлшерін 10-12 мл/кг есебінен алып, 3-5 күндік үзіліспен 3-6 рет 
құю тағайындалады. 
Пиодермиттердің торпидті, қайталамалы ағымын емдеуде 
антибактериальды еммен қатар метилурацил, пентоксил, натрий 
нуклеинаты, декарис, спленин, тималин, Т-активин сияқты 
иммуномодуляторларды кеңінен қолданады.
Қалқанша маңы безінің гормональді препараттары – тималин, 
тактивин – пиодермит емінде тағайындайды. Балаларда көбіне 


тималин 3-10 күн ұзақтықта күнделікті бұлшықет ішілік 
қолданады. Тималиннің тәуліктік мөлшері 1 жаста – 1 мг, 1-3 
жаста – 1-2 мг, 4-6 жаста – 2-3 мг, 7-14 жаста – 3-5 мг. Қажет 
болса ем курсын 1-6 айдан кейін қайталайды. Ересектерде Т-
активинді тері астылық енгізеді. Оның мөлшері процесс 
ауырлығы мен иммунды реактивтілігіне байланысты. Т-активинді 
ауыр науқастарда 1-2 мкг/кг күніне 1 рет, барлығы 3-4 инъекция. 
Терілік процесс пен Т- және B- лимфоциттердің мөлшері оң 
нәтиже берсе, препараты аптасына 1 рет 1,0 мл (100 мкг), 
барлығы 10 инъекция. Қатерсіз ағымды созылмалы қайталамалы 
пиодермиясы бар науқастарға Т-активинді күнара 1,0 мл (100 мкг) 
барлығы 3-4 инъекция, содан кейін аптасына 1 рет 1,0 мл енгізеді. 
Ем курсы 15 инъекцияға дейін. 
Жайылған пиодермиттер немесе аурудың созылмалы 
қайталамалы түрін емдеуде антибактериальді, арнамалы және 
арнамалы емес иммунотерапиямен қатар жалпы әлдендіретін ем 
де жүргізіледі: аутогемотерапия, гемотрансфузия, пиротерапия, 
нативті плазма құю, витаминотерапия, ферментотерапия және 
физиотерапиялық әдістер. 
Іріңді аурулары бар науқастарды кешенді емдеуде 
физиотерапияның 
көптеген 
түрлерін қолданады. 
Оларға 
ультракүлгін сәулелер, гелиотерапия, УВЧ, ультрадыбыс, 
электрофорез, фонофорез, лазеротерапия жатады. 
Хирургиялық 
ем 
– 
абсцесстенген 
фурункулдарды, 
гидрадениттерді ашу – тек флюктуация кезеңінде жүргізіледі. 
Хирургиялық, болмаса электрокоагуляция, сұйық азотпен 
аппликациялау, аргон лазерінің сәулесімен күйдіру жолымен 
пиогенді гранулема (ботриомикома) мен созылмалы вегетациялық 
түрлерінде патологиялық тінді алып тастауға болады. 
Созылмалы пиодермияның терең және ауыр түрлерінде 
кортикостероидтарды 2-40 мг преднизолонмен эквивалентті 
мөлшерде, 
сондай-ақ 
цитостатиктер 
немесе 
оларды 
кортикостероидтармен қатар қолдануға болады. Бұл препараттар 
аутоиммунды процесстерді баса отырып, аллергияға қарсы, 
қабынуға қарсы және антипролиферативті әсерге етеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет