шашты бөлігіндегі теріде жиі анықтала бастады. Терапияның
нәтижелігіне қарамастан, бұл ауру рецидивінің жиі себептерінің
бірі болуы мүмкін.
Мектепке дейінгі және жасөспірім балаларда жыныстық
жетілу кезеңінде түрлі-түсті теміреткі мойнында, кеудесінде,
қолтық астында, іште, арқасында, аяқтарында және қолдарында,
бастың шашты бөлігінің терісінде орналасады.
Ауру ағымы ұзақ (айлап мен жылдап) өтеді. Клиникалық
жазылғаннан кейін жиі рецидивтер байқалады. Күн сәулесі тез
жазылуға алып келеді: түрлі-түсті теміреткі терісінде бұрынғы
бөртпелердің орны күнге күймейді және ақ дақтар пайда болады
(псевдолейкодерма).
Диагностикасы
.
Диагностикасы қиындық тудырмайды.
Қиындық тудырған жағдайда қосымша әдістерге жүгінеді. Иодты
Бальцер сынамасын қолданады: теріні иодтың 5% спиртті
ерітіндісімен
зақымдалған
аймақ
және
болбыр
мүйізгекті қабаты бояғанда,
сау
теріге
қарағанда
интенсивті
сары
немесе
қоңыр түске жақсы боялады
(43-сурет).
Кей жағдайда
иодтың
орнына
1-2%
анилинді бояу ерітінділері
қолданады,
“жоңқалар”
феноменін қолдануға болады
(Бинье симптомы): дақтарды
айнамен
қырған
кезде
болбыр
мүйізгекті
қабатының жоғарғы қабаты қабыршақтанып түлейді.
Клиникалық жасырын зақымдалған ошақтарды анықтау үшін,
ртутты-кварцты лампа қолданылады, оның сәулелері айна арқылы
өтіп, никель тұздарымен импренерленеді (Вуд сүзгісі-фильтрі).
Зерттеу қараңғы бөлмеде жүргізіледі: кебекті теміреткінің
дақтары
жарыққа
қою-қоңыр
немесе
қызғылт-сарыға
флюоресценцияланады.
Достарыңызбен бөлісу: