Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


-сурет. Әртүрлі түсті теміреткі



Pdf көрінісі
бет153/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

 
43-сурет. Әртүрлі түсті теміреткі 
(Бальцер сынамасы) 


Клиникалық белгісіз, соның ішінде бастың шашты бөлігінің 
терісінде ошақтарды ерте анықталып, тиімді ем қолдануға және 
рецидивтің алдын алуға мүмкіндік береді. 
20-30% 
cілтілі 
ертіндімен 
(KOH 
немесе 
NaOH) 
қабыршақтарды микроскопиямен зерттегенде саңырауқұлақ 
элементтерін анықтауға болады. 
Емі.
Түрлі-түсті теміреткінің негізгі емінде кератолитикалық 
және саңырауқұлаққа қарсы препараттар қолданады. Шектелген 
түрлерінде сыртқы антимикотикалық заттар: кетоконазол, 
бифоназол, киотримазол, тербинафин және т.б. қолданылады. 
Клиникалық көріністерін жою үшін бұл препараттарды крем 
немесе жақпамай түрінде тәулігіне 1-2 рет 5 күн бойына жағу, 
әдетте жеткілікті болады.
Тербинафин спрейін түрлі-түсті теміреткемен зақымдалған 
ошақтарға және айналасындағы сау тіндерге 1 аптада 2 рет 
жағады. Тербинафин терапиясынан кейін (1% крем немесе спрей) 
басқа препараттарды тағайындаудың қажеті жоқ. Альтернативті, 
бірақ тиімді әдістер болып ересектерде 20% және 10%, балаларда 
бензил-бензоат ерітінділерімен тәулігіне 1 рет 3-5 күн немесе 10% 
күкіртті-салицил жақпамайы немесе терінің зақымдалған 
ошақтарына 60% сулы гипосульфит натрий ерітіндісін, содан 
кейін 6% ас қышқылы ерітіндісімен (Демьянович әдісі) өңдейді. 
Жайылған 
түрлерінде 
жергілікті 
терапиядан 
нәтиже 
болмағанда, жүйелі антимикотикалық препараттар тағайындайды: 
итроконазол 100 мг/тәулігіне тамақтан кейін 15 күн және 200 
мг/тәулігіне 7 күн бойына. 
Флуконазолды 150 мг-нан аптасына 1 рет 4-8 апта бойына 
тағайындайды. 
Алдын-алу. 
Түрлі-түсті теміреткімен ауыратын науқастың 
отбасын 
люменисцентті 
лампаны 
қолданып 
қараймыз. 
Синтетикалық тіндерден іш киім киюге болмайды және аптасына 
1 рет теріге 1-3% салицил спиртін жағамыз. Шамадан тыс 
тершеңдікке ем жүргіземіз. 
 
Емдегенде аурудың киімдерін, төсек-жабдықтарын 2% 
сабынды сода ерітіндісімен, үтіктің буы арқылы дезинфекция 
жасалуы қажет. Бас киімдердің ішкі бетін үтіктің буы арқылы 


үтіктеу қажет. Жазғы рецидивтің алдын алу үшін наурыз айынан 
бастап мамыр айына дейін айына 1 рет 3 күн кетоконазол су 
сабынымен теріні өңдеу қажет.
Оны ылғалды теріге 5 мин жағады да, сосын душтың астына
тұрып жуып тастайды. 
Кеңес беру. 
Науқасқа емдеу кезінде іш киімді және төсек-
орнын әдеттегідей әдіспен жуатынын түсіндіреді. Жайылған 
процессте емі аяқталғаннан кейін 1-2 айдан соң 1-2 апта бойына 
алдын алу емін жүргізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет