Профилактикасы.
Жеке гигиенаны сақтау, тершеңдікті жою,
іш киім және киімдерді дезинфекциялау ережелерін сақтау.
Аяқ басы микозы.
«Аяқ басы микозы»
термині жиі тырнақ
пластинкаларының
зақымдануы
микоздың
әртүрлі
қоздырғыштарымен (
Trichophyton rubrum, T. mentagrophytes var.
interdigitale, T. tonsurans, T. violaceum,
плесневые грибы, реже –
Epidermophyton floccosum
) шақырылатын табанның саңырауқұлақ
ауруларын біріктіреді. «Аяқ басы эпидермофитиясы» термині тек
қана
Epidermophyton floccosum
мен шақырылатын микозға
қолданылады. Олардың клиникалық
ұқсастығын ескере отырып,
аяқ басы микоздарын суреттеуді бірге бере отырып, әртүрлі
этиологиялық түрлерінің ағымдық ерекшеліктерін ерекше
көрсеткіміз келді.
Аяқ басы микозы – әлемнің барлық мемлекеттерінде
кездесетін өте кең тараған ауру. Халық арасында кейбір топтар
(жүзушілер,
монша
жұмысшылары,
спортшылар,
цех
жұмысшылары, шахтерлер және т.б.)
ауру пайызы жоғары,
әртүрлі авторлардың мәліметтері бойынша 60-80%. Қала
тұрғындарына қарағанда, ауыл тұрғындарында сирек кездеседі.
Салыстырмалы түрде балалар сирек ауырады (зерттелген 15
жасқа дейінгі балалардың 3,9%). Бірақ, 16-18 жас аралығында
аурушаңдық 17,3% жетеді.
Ауру жұқпалы және сау адамдарға ауру адамдардан
моншаларда,
бассейндерде,
жаяжайларда
инфицияланған
кілемдерден, төсеніштерден, шылапшындардан, отырғыштардан
жұғады.
Ауру қолданған аяқ киім, шұлықтардан жұғады,
сондықтан бір ортақ аяқ киім кию қауіпті. Мицелий жіптері және
саңырауқұлақтардың споралары көп мөлшерде аурулар көбінесе
«жоғалтатын»
эпидермистің
мүйізді
қабатының
қабыршақтарында
орналасады.
Спортшыларда
аяқ
басы
микозымен жиі ауруының дәлелі ретінде, шетел әдебиеттерінде
бұл ауруды «атлет аяғы» деп те атайды.
Саңырауқұлақтардың сапрофиттелген түрінен
патогенді
жағдайға аусуына табандардың тершеңділігі, жалпақ табан,
башпайлардың арасындағы қыртыстардың тығыз болуы, дұрыс
таңдалмаған
аяқ киім, қажалу, баздану, жасқа сәйкес терінің
анатомо-физиологиялық ерекшеліктері, тердің химизмі, тердің
pН-нің сілтілікке ауысуы болып табылады.
Аяқ басы
эпидермофитиясының дамуына эндогенді факторлардан орталық
және шеткі нерв және эндокрин жүйелерінің функциясының
бұзылуы, әртүрлі ангиопатиялар, акроцианоз және басқада
аяқтардың
тамырлық
аппаратының
бұзылуы,
терінің
ихтиозформды түрімен
зақымдалуы, гиповитаминоздар алып
келеді. Сонымен қатар табан терісінің механикалық және
химиялық
жарақаттануының,
жағымсыз
метеорологиялық
жағдайдың, қоршаған ортаның жоғары температурасының
маңызы бар. Саңырауқұлақтардың веруленттілігіне және
патогенділігіне мән беру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: