трихофития (пьедра) жатады, ауыру орталық және оңтүстік
Америка мемлекеттерінде жиі кездеседі.
Кебекті, немесе түрлі-түсті, теміреткі.
Қоздырғышы –
Pityrosporum orbiculare
немесе
Malasseria furfur
–
эпидермистің
мүйізді
қабатында
және
фолликулалардың
сағаларында
орналасады.
Микроскоппен
қарағанда
зақымдалған
саңырауқұлақтардың пішіні қысқа,
қалың мицелий жіптерінің
оралуын және дөңгелек споралардың 2 контурлы қабаттарының
жиналуын көруге болады. Саңырауқұлақ культурасын алу
бірен-
сараң жағдайда ғана болады және өте қиын. Аурудың
патогенезінде шамадан тыс тершеңдік, тердің химиялық құрамы,
мүйізді қабатының
физиологиялық бұзылысы, жеке бейімділігі
маңызды. Жиі жас ер адамдар мен әйел адамдар ауырады.
Балаларда, әсіресе 7
жасқа дейінгі, кебекті теміреткі сирек
кездеседі. Ол препубертатты
және пубертатты кезеңдерде
шамадан тыс тершеңдікпен бірге вегетоневрозбен, туберкулезбен,
қант диабетімен ауыратын әлсіз балаларда болуы мумкін.
Аурудың қатынастылығы шамалы.
Достарыңызбен бөлісу: