Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет185/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

 
Клиникасы және ағымы
.
Висцеральды кандидозда жиі 
тыныс жолдарының, асқазан-ішек жолдарының, зәр-жыныс 
мүшелерінің кілегей қабаты зақымдалады. Жүрек-тамыр және 
нерв жүйелері, бүйрек, бауыр, талақ, бронхтар және өкпелерді 
(пневмония), ми тіндерін, жүрек бұлшықетін, қан тамырларын 
және басқа да мүшелердің ашытқылық зақымдалулары туралы 
жазылған. Висцеральды кандидоз кейде ішкі мүшелерді 
зақымдамай да септикалық жағдайға алып келуі мүмкін. Осы 
зақымдалулар, әлсіз және жүдеген созылмалы ауыр инфекциямен 
және ауыр аурулармен ауыратын науқастарда пайда болады, 
сонымен қатар осындай аурулардың емінде антибиотиктер, 
кортикостероидтар және цитостатиктер қолданады. Висцеральды 
кандидоздардың арнайы клиникалық симптомдары жоқ немесе 
өте аз. Ауру (пневмония, энтерит, колит, миокардит және т.б.) 
созылыңқы, енжар ағыммен өтсе, ішкі мүшелердің ашытқылық 
зақымдалуы туралы ойлау қажет, антибиотиктерді қолданғанда
субфебрильді 
температура, 
ем 
әдістерінің 
тиімділігінің 
байқалмауы, жағдайының нашарлауы байқалады. Висцеральды 
кандидозға күмән тудыруға жиі ішкі мүшелердің зақымдалумен 
жүретін және көзге көрінетін кілегей қабаттырының (әсіресе ауыз 
қуысы), тырнақ білікшесі мен тырнақ пластинкаларының ашытқы 
зақымдалуы көмектеседі. Осы жағдайларда сирек тері 
жамылғысының әртүрлі аймақтарының зақымдалады. Соңғы 
шешім лабораториялық зерттеулердің нәтижесінде негізделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет