3.2. ВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯЛАР АИВ-инфекцияланғандардың
5-20%-да
жәй
герпестің
клиникалық көріністері анықталады, себебі иммунотапшылық
вирустың белсенуіне әкеледі, ал жәй герпес бойынша (ВПГ-2)
серопозитивтілік ауруды жұқтырғандардың 40-95% болады.
Зақымдалу үлкен ауданды алып жатады және некрозбен аяқталуы
мүмкін. Клиникалық көріністерінің ерекшелігі, дамудың
торпидтілігі, аурудың қайталамалылығы АИТС жайлы ойлауға
мүмкіндік береді.
Herpes zoster АИВ-инфекцияның
маркері ретінде болуы мүмкін, себебі
науқастардың 70-90%-да кездеседі
және буллезді және везикулезді
бөртпелер түрінде көрініс береді
(136-сурет). Зақымдалудың бас пен
мойында
орналасуы
АИВ-
инфекцияның агрессивті ағымын
меңзейді. Ең ауыр асқынуларына көз
аймағындағы
герпетикалық
бөртпелер кезіндегі кератит пен
соқырлық жатады. Иммунотапшылық
фонында
белдемелі
теміреткінің