Микоздар
АИВ-инфекцияланғандарда
жайылған, ауыр, емге
қиын көнетін және қайталамалы болады. Микоздардың
диссеминирленген формалары кездеседі, оның ішінде түрлі түсті
теміреткінің, әрі қалыпты иммунды статусы бар адамдарда сирек
кездесетін бастың шашты бөлігінің зақымдалуы болады. Диагноз
клиникалық
көрінісі, микроскопиялық зерттеуде мицелийдің
табылуы мен қоздырғышты ортаға
сеуіп анықтауға байланысты
қойылады.
Терең микоздар
(криптококкоз, споротрихоз, хромомикоз
және
т.б.)
олар
үшін
эндемиялық
емес
аймақтарда
оппортунистикалық инфекциялар
тобына жатады және АИТС
жылдам дамуы жайлы меңзейді.
Достарыңызбен бөлісу: