АИВ берілу жолы – жыныстық,
қан арқылы, вертикальді.
Негізгі жолы – гетеросексуальді және гомосексуальді байланыс
кезінде таралады.
Қан арқылы ортақ шприцті пайдаланғанда (нашақорларда),
АИВ-инфицияланған
мүшелер
мен
тіндерді
трансплантациялағанда, қан мен
оның препараттарын құйғанда
жұғады. АИВ тасымалдаушыларының қанынан жасалған
препараттарды (VIII және IX факторлар) гемофилиямен ауыратын
науқастарға құйғанда және өлген
адам роговицасын алмастырып
салғанда, даму жағдайлары тіркелген. Вертикальді жұғу
құрсақішілік
немесе босану кезінде, сонымен қатар емшек сүті
арқылы жүзеге асады. Басқа берілу жолдары (ауа-тамшылы, қан
сорғыш жәндіктер арқылы) тіркелменген.
АИВ/ЖИТС-тің негізгі қауіпті топтары:
– инъекциялық наркотикалық заттарды қолданушылар
– коммерциялық секспен айналысатын қос жынысты адамдар,
гомосексуалдармен қоса.
– төрмеде отырғандар
– мигранттар мен көшкен
жер аударылған адамдар және
қараусыз қалған және жетім балалар.
Достарыңызбен бөлісу: