АИВ-инфекцияланғандар еңбекке
жарамды және денсаулығы еш
сыр бермейді, бірақ
оларда банальді инфекциялар, негізінен тері
инфекциялары, жиі кездеседі. CD4-тің 1 мм
3
-де 400-ден
азаюы
аурудың тез дамуы жайлы мағұлымат береді.
3. АИТС-ның клиникалық көріністері сатысы.
АИВ
жұқтыру мен АИТС дамуы үшін шамамен 8 жыл (1 ден 18 жылға
дейін) қажет.
Жалпы белгілерімен қоса, терілік көріністер анағұрлым айқын
көрінеді
және
АИВ-инфекцияның
диагностикалық
және
прогностикалық маркері ретінде орын алуы мүмкін.
CD4 лимфоциттері бұл стадиядағы науқастарда 1 мм
3
-та 400-
ден аз.
ЖИТС-ның жалпы клиникалық көріністері: бұрынғыдан дене
салмағының 10%
төмендеуі, 1 айдан аса іш өтуі,
жоғары тыныс
жолдарының қайталамалы инфекциялары,
өкпе туберкулезі,
банальді инфекциялардың ерекше өтуі, оппортунистикалық
инфекциялар:
пневмоцистті
пневмония,
церебральді
токсоплазмоз, әртүрлі этиологиялы энцефалиттер, сальмонеллезді
септицемия, цитомегаловирусты инфекция.
Достарыңызбен бөлісу: