– қарттық алопециясы
(a.senilis; син.: сениль-
дік алопеция, андрогенетикалық алопеция) –
шаш түйінінде болатын инволюциялық өзгерісте-
рге байланысты пайда болатын алопеция.
– мезгілінен бұрын алопеция
(a. praematura;
пресенильдік алопеция) – жас және орта жастағы
адамдардың маңдай, төбе аймағынан басталатын,
тегі белгісіз алопеция.
– мерездік алопеция
(a. syphilitica) – мерездің
екінші кезеңінде шаш түйінінің зақымдалуына
немесе жалпы улануға байланысты туындайтын
алопеция.
– мерездік аралас
алопеция (a. syphilitica mixta)
– жайылмалы және ошақты мерездік
алопецияның аралас кездесетін түрі.
– мерездік жайылмалы
алопеция (a. syphilitica
diffusa) – шаштың жайылмалы түсуі (әсіресе
самай аймағында) болатын мерездік алопеция.
– мерездік ұсақошақты
алопеция (a. syphilitica
areolaris; син.: мерездік ошақты алопеция) –
негізінен самай, шүйде, қас, кірпік аймағында
көптеген ұсақ шашсыз ошақтар түрінде бой
көрсететін алопеция.
Достарыңызбен бөлісу: |