Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет91/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

16-сурет. Фолликулит:
а – жекелеген элементтер; б – жайылған процесс 
 
 17-сурет. Стафилококкты сикоз. 


біртұтас пустула конгломератын түзеді. Іріңдіктер жарылып, 
бетінде шашпен жабысатын лайлы-сары түсті қабық түзіледі. 
Егер зақымдалу ошағындағы шашты алып тастасақ, оның 
түбіндегі желатин тәрізді муфтаны көреміз; бұл ірің сіңірілген 
шаштың эпителиальды қынабы. 
Әдетте сикоз бірде өршіп, бірде басылып ұзақ уақытқа 
созылады. Бұл науқастың психикасын тежейді, әсіресе бетте 
орналасқан 
болса. 
Ауру 
бір 
жағдайларда 
субъективті 
өзгерістерсіз, бір жағдайларда қыздыру, жеңіл қышыну немесе 
түйреу сезімімен жүреді. Жедел ағымды инфильтративті іріңдеген
трихофитиядан (“паразитарлы сикоз”), өздігінен емделуге бейім 
тығыз және аса терең түйіндерден, ошақ шеттеріндегі шаштағы 
саңырауқұлақ элементтерінен (эктотрикс тобынан) ажырату 
керек. Егер сикоздың экзематизациясы болса, клиникалық 
көрінісі (гиперемияның негізгі ошақтан тысқары таралуы, 
экссудативті папулалардың пайда болуы) іріңдеумен асқынған 
экземаны еске түсіреді. Мұндай жағдайларды диагностикалағанда 
остиофолликулитте экземаға тән шынайы полиморфизмнің 
болмауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет