П АПУЛОНЕКРОТИКАЛЫҚ ТЕРІ ТУБЕРКУЛЕЗІ . Папулонекротикалық туберкулез біріншілік туберкулездің
созылмалы
ағымында
микобактерияның
гематогенді
диссиминациясы нәтижесінде пайда болады. Аурудың негізінде
туберкулез микобактериясымен немесе оның өнімдерімен
сенсибилизация әсерінен пайда болатын аллергиялық васкулит
көрініс береді. Негізінен жасөспірімдер мен балалар ауырады.
Бөртпелер ұстама тәрізді пайда болады, симметриялы орналасқан
жазғыш беттерде, жамбаста, денеде, құлақ қалқандарында және
беттерде орналасады. Көптеген топтасқан, тығыз қою қошқыл
диаметрі 1-3 мм түйіншектер пайда болады. Олардың
орталығында іріңді некротикалық қабыршақтар пайда болады.
Кейінірек түйіншектер орнында ұсак дөңгелек жаралар қалады.
Олар жазылғанда күлгін түсті