Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Жүйелі көріністі гонококктық инфекция



Pdf көрінісі
бет459/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Жүйелі көріністі гонококктық инфекция 
бір немесе 
бірнеше жергілікті зақымдануларды қамтиды: зәр-жыныс 
жүйесінің төменгі бөлімдерін парауретральды және қосымша 
бездерді іріңдеумен, зәр-жыныс жүйесінің жоғарғы бөлімін
ауызжұтқыншақты, тік ішекті, асқынулармен көз құрылымдарын;
диссеминирленген процесс (асқазан-ішек жолын, сүйек-бұлшық 
ет, жүрек-тамыр, нерв, тыныс жүйесін, теріні; сепсис) 
Параутреальды
бездер зақымдалғанда мөлшері тары 
дәніндей, тығыз ауырсынатын түйіндер пальпацияланады; 
куперов
бездерінің қабынуы ауырсынатын, тығыз, аралықтың 
орта сызығының екі жағынан бірдей (жиі сол жағынан) құрылым 
пайда болуымен білінеді.
Гонококкты 
эпидидимит
әдетте, жедел дамиды, аталық бездің 
қосымшалары аймағында және шапта ауырсынумен білінеді. 
Қосымшасы үлкейген, тығыз, пальпациялағанда тығыз; аталық 
безді жоғарыдан, артынан және астынан қоршап тұрады. 
Интоксикация белгілері байқалады. Эпидидимиттің, орхиттің 
клиникалық көрінісінің алдында, әдетте уртрит, өте сирек 
жоғарыда көрсетілген мүшелердің оқшауланған зақымдалулары 
байқалуы мүмкін.
Гонококкты 
простатит
жедел немесе созылмалы ағымды 
болып келеді. Қуықтүбі безінің катаральды, фоликуллярлы және 
паренхиматозды зақымдалуларын ажыратады. Жиірек простатит 
везикулитпен
қосарланады.
Әйел адамдардың жартысынан артығында гонореяның 
субъективті-асимптомды 
ағымы 
байқалады. 
Қынаптың 
кіріберісінің гонококктық қабынуы – 
вестибулит
– 8-20% 
жағдайда инфицирленгеннен кейін 2-3 аптадан соң дамиды. 
Үлкен вестибулярлық шығаратын өзектердің зақымдалуында
(бартолинит)
өзектердің сыртқы тесіктерінің айналасының 
гиперемиясы (гонореялық дақ), шамалы кілігейлі-іріңді бөлінді,
пальпациялағанда өзектің ауырсынуы және ісінуі байқалады. 


Өзектің сыртқы тесігі обтурацияға ұшырағанда бездің жалған 
іріңдігі қалыптасады. Зәр-жыныс жүйесінің жоғары бөлігінің 
гонококктық зақымдалуы әртүрлі деңгейдегі эндометритпен, 
сальпингоофоритпен, пельвиоперитпен білінеді.
Гонококктың жатыр қуысына еніп
эндометриттің
дамуы
организмде 
интоксикация 
белгілерінің 
пайда 
болуымен,
құйымшақ аймағына берілетін, іштің төменгі бөлігінің
ауырсынуымен білінеді. Жатырдан және оның мойнынан көп 
мөлшерде, сұйық, іріңді, кейде қан аралас бөлінді байқалады. 
Көптеген науқастарда лейкоциттер саны қалыпты болса да, ЭТЖ 
жоғарлайды.
Эндометриттің созылмалы ағымында субъективті көріністер 
шамалы білінеді, іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну айтарлықтай 
қарқынды болмайды, дене қызуы қалыпты немесе субфебрильді 
болады.
Жоғары өрлейтін гонорееяға инфекцияның жатырдан жатыр 
түтігіне, аналық безге, іш пердесіне – 
сальпингоофорит 
– тез 
таралуы тән. Науқастың жалпы жағдайы ауырлайды, дене қызуы 
жоғары көтеріледі, пульс жиілейді, жүрек айнуы, құсу байқалады. 
Қанда лейкоцитоз, ЭТЖ-нің 40-60 мм/ сағ.-на дейін арытады.
Нәрестелерде 
гонококктық инфекцияның белгілері 2-5-ші 
тәулікте байқалады және нәрестелер офтальмиясын, ринитін, 
уретритін, вагинитін, вульвовагинитті қамтиды.
Балалық шақта және жасөспірімдік кезде процесс 
вагинитпен 
және 
жатыр мойнының эктопиясымен
білінеді.
Диссерминирлеген гонореяда эндоцервицит, менингит, 
синовит, артрит, пневмония, перитонит, сепсис және басқалар 
дамуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет