Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет59/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Күлдір бөртпе (bulla) (6-сурет) –
экссудативті 1см және одан 
да үлкен қуысты элемент. Күлдіреуік тәрізді бұның да 
жабындысы, серозды сұйықтыққа толы қуысы, негізі болады. 
Күлдір бөртпенің қуысы мүйізді қабаттың астында орналасса – 
субкорнеальді, тікенекті қабатта орналасса – интраэпидермальді, 
эпидермис пен дерманың арасында орналасса – субэпидермальді 
деп аталады. Күлдір бөртпе пішіні дөңгелек, жартышеңбер тәрізді 
не сопақша; сұйықтық мөлдір, сарғыш, сирек лайлы не 
геморрагиялық болады. Күлдір бөртпе қуысының сүйықтығында 


лейкоциттер, эозинофильдер, эпителиальды клеткалар табылады. 
Кейбір дерматоздарды диагностикалағанда клеткалық құрамының 
ерекшелігіне байланысты күлдір бөртпе негізінен жағынды алып, 
цитологиялық зерттеу жүргізу қажеттілігі туады.
Терінің жанасатын беткейлері мен кілегей қабаттарда күлдір 
бөртпелер тез жарылып, эрозивті беткей түзеді.
Күлдір бөртпелер тұрпайы күлдіреуікте, туа біткен 
күлдіреуікте, көпформалы экссудативті эритемада, күйік, дәрілік 
токсикодермия мен кейбір басқа да тері ауруларында дамиды.
Күлдір бөртпе жиі эритематозды дақ фонында, кейде 
өзгермеген теріде де (тұрпайы күлдіреуік кезінде) пайда болады. 
Микроорганизмнің теріге экзогенді енуінде күлдір бөртпе 
эпидермистің инфекциялық агентпен (мысалы, стрептококк) не 
оның токсиндерімен зақымдалуына байланысты дамуы мүмкін. 
Күйікте серозды экссудат эпидермистің некроздалған бөлігін тері 
деңгейінен көтереді. Интраэпидермальді күлдір бөртпелердің 
түзілуіне түрлі эндогенді факторлар әсер етеді; бұл кезде клетка 
аралық байланыстың бұзылысы (акантолиз) мен эпидермальді 
клеткалардың дегенеративті өзгерістері орын алады. Базальді 
мембрананың құрылымы бұзылысында тамырлардан шығатын 
ісіктік сұйықтық немесе экссудат эпидермисті толықтай жауып 
(эпидермолизис) субэпидермальді күлдір бөртпе пайда болады 
(мысалы, полиморфты экссудативті эритемада). Күлдіреуікте 
көпіршіктер интраэпидермальді (тікенекті қабатта), жекелей не 
қосылысқан акантолитикалық клеткалар түрінде орналасады. 
Күлдір бөртпелер өзгермеген тері не кілегей қабаттарында 
ғана емес, қабыну фонында да туындауы мүмкін. Күлдір 
бөртпенің тузілу механизмі сан түрлі. Эпидермаішілік күлдір 
бөртпелер әдетте акантолиз нәтижесінде пайда болады.
Процестің негізінде клеткааралық байланыстың (аканттардың) 
еріп, тікенекті клеткалар ажырап, олардың арасында экссудатқа 
толы ойық пайда болып, соңында күлдірге айналуы жатады. 
Сонымен қатар, тікенекті клеткалар дөңгелектеніп, аздап 
кішірейеді, ядролары басқа клеткалардыкімен салыстырғанда 
ірілеу келеді. Олар күлдір бөртпенің негізін құрайды. Бұл 
акантолиздік 
клеткалардың 
(Тцанк 
клеткаларының) 


диагностикалық маңызы зор, олар күлдір бөртпе диагнозын 
растайды. 
Эпидермаастылық 
күлдір 
бөртпелер 
базальді 
мембрананың қабаттарының арасында немесе оның астында не 
үстінде түзіліп, иммундық өзгерістерде де орын алуы мүмкін 
талшықтарының байланысын бұзады. 
Іріңдік немесе пустула (pustula) – 
тері деңгейінен көтеріңкі 
құрамында 
іріңі 
бар 
экссудативті 
қуыстық 
элемент. 
Микроорганизмдердің (негізінен стафилококктар) өмір сүруінің 
нәтижесіндегі өнімдер эпителиальды клеткалардың некрозын 
туғызып, эпидермисте іріңдік қуыс түзеді. Эпидермисті алып 
жататын және қабыршақ түзуге бейім іріңдік 
импетиго 
деп 
аталады. Қабыршақ түскен соң зақымдалған тері орнында 
уақытша пигментация қалады. Шашты фолликулдардың 
айналасында шығатын іріңдіктерді
фолликулиттер 
деп атайды. 
Егер 
іріңдіктің 
ортасы 
шаш 
түбіне 
кіретін 
болса, 
остиофолликулит
дамиды. 
Фолликулиттер өз артынан ешқандай із қалдырмай жазылатын 
беткей 
және 
тыртық 
түзетін 
терең 
болып 
бөлінеді. 
Фолликулиттердің жиі қоздырғышы стафилококк болып 
табылады. Терең фолликулярлы емес, дерманы зақымдайтын 
іріңдік
эктима 
деп аталады. Ол жазылғаннан соң тыртыққа 
айналатын жара түзіледі. Эктиманы стрептококктар шақырады. 
Беткей стрептококтық пустула (жалпақ, әлсіз) 
фликтена 
деп 
аталады. 
Іріңдіктер бірыңғай қызғылт тәжбен қоршалып тұрады. Кейде 
іріңдіктер күлдіреуік пен күлдір бөртпеден соң пиококкты 
инфекцияның қосылысуының нәтижесінде екіншілік дамуы 
мүмкін. 
Күлдіреуік (urtica) 
– терінің емізікті қабатының шектелген 
жедел қабынулық ісігінің нәтижесінде түзілген экссудативті 
қуыссыз элемент. Ол қатты қышитын, дөңгелек не сирек сопақша 
пішінді тығыздау жастық тәрізді төмпешік. Күлдіреуік – эфемерлі 
түзіліс, тез (бірнеше ондық минуттан бірнеше сағатқа дейін) және 
ізсіз жоғалып кетеді. Күлдіреуіктің мөлшері 1-ден 10-12 см-ге 
дейін ауытқиды. Емізікшелердің ісінуімен бірге шығатын қан 
тамырларының кеңеюінен күлдіреуіктердің түсі боз-қызғылт 


болып келеді. Егер ісік лезде үлкейетін болса, тамырлар басылып 
қалып, күлдіреуікке теріден де боз түс береді. 
Күлдіреуіктер маса, москиттер, басқа да жәндіктер тістеген 
жерде, жылы, салқын, қыздыратты қалақаймен жанасқанда 
(сыртқы факторлар), интоксикация мен сезімталдықтың артуынан 
(ішкі факторлар) пайда болады. Теріде 
уртикария
дәрілік, 
тағамдық 
және 
инфекциялық 
аллергияларда 
(есекжем, 
ангионевротикалық Квинке ісігі, сарысулық ауру) табылады; оны 
зақымданған тері беткейін механикалық тітіркендіру арқылы 
шақыруға болады (мысалы, пигментті есекжемде). Бірқатар 
жағдайларда механикалық тітіркендіру нәтижесінде теріде ірі 
ұзақ сақталатын күлдіреуіктер орын алады 
(urticaria factitia 
немесе 
dermografismus urticarus). 
Күлдіреуіктермен қатар жүретін терінің қатты қышынуына 
қарамастан, науқастың терісінде қышыну іздері қалмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет