155
ӘӨЖ: 82-24(25)
ӘБІШ ДРАМАТУРГИЯСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕАТР ӘЛЕМІНДЕГІ ОРНЫ
Жұматова Ж.С.
Ш.Есенов атында Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Аңдатпа
. Драматургия жанрына да үлкен үлес қосқан қаламгер, әлем әдебиетіндегі
классикалық драматургия үлгілерін қазақ тіліне аударумен бірге өзі де осы жанрда төл
туындыларын дүниеге әкелген Әбіш Кекілбаевтың қазіргі кезде театрда сахналанып жүрген
шығармалары қарастырылған.
Түйінді сөздер
: драматургия, театр, «Махаббат мұнарасы», «Абылай хан», «Лир
патша»
«Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз айту
кімге болса да, оңайға түсе қоймас»,-деп Қуаныш Сұлтанов «Кекілбаев кеңістігі» атты
мақаласында айтып өткендей, Әбіш жайында сөз қозғау, оның шығармашылығын зерттеу,
оған үңілу көп еңбек пен ізденісті талап ететін дүние.[1]
Жазушы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
(бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы
Жанайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген. Белгілі, білікті, беделді,
дәулетті адам болған. Тектінің ұрпағы тектілік танытпаса, айыбы, аманатқа қиянат жасағаны.
Әбіштің әлемі сол текті бабаның көріп-білген дүниесін балаға аңыз бен ертегі, әңгіме ретінде
жеткізгенінен пайда болды. Әбіш
әлемі - өзіндік бір пәлсапалық, дүниетанымға толы әлем.
Әбіш Кекілбаев - драматургия жанрына да үлкен үлес қосқан қаламгер. Әлем
әдебиетіндегі классикалық драматургия үлгілерін қазақ тіліне аударумен бірге өзі де осы
жанрда төл туындыларын дүниеге әкелді. Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың
шығармаларын насихаттауға арналған алғашқы театр фестивалі 2016 жылы желтоқсан
айында республикалық деңгейде өтті. Оған ел өңірлерінен – 6 және Ресейден Ноғай театры
қатысқан болатын.Облыстық музыкалық драма театрында Әбіш Кекілбаевтің пьесасына
жазылған "Абылай хан" қойылымы қалың көрерменге тегін көрсетілді. Сахна әртістері
туындыны қазіргі мен өткен заманды ұштастыра отырып сахналаған.
«Әбекең біздің театрмен тығыз байланыста болды. Әбекеңнің тек қана «Абылай хан»
шығармасы емес, «Аңыздың ақыры» романындағы соның желісінде біздің театр ұжымы
«Махаббат мұнарасы» деген қойылым қойды. Сонымен бірге қызылордалық режиссер Әмір
Темірді шақырып, Әбекеңнің «Мәңгүрт» деген бойынша «Адам болып өтейін» деген
қойылымын қойды»-дейді Нұрнияз Мұханов - облыстық музыкалық драма театрының
директоры.[2] Театр әртістері Әбіш Кекілбаевтың «Абылай хан» қойылымы арқылы
тарихымыздың тереңдігін, тіліміздің байлығын тағы да бір дәлелдеді.
"Абылай хан"
сахналық дастаны - қазақтың кешегісі арқылы бүгінін меңзейтін туынды. Тарихи мәні зор
шығарма ғасырлар бойғы халық аңсаған тәуелсіздікті сахналады. Осы спектальдің режисері-
"Тарлан" сыйлығының иегері әрі аталған театрдың көркемдік жетекшісі Гүлсина
Мерғалиева. Қойылымда тарихи оқиғаларға жанама түрде қазіргі заман көріністері
енгізілген. Естеріңізге сала кетейік, "Абылай хан" қойылымының тұсаукесері, Астанада
өткен қазақ хандығының 550 жылдығының торқалы тойында көпшіліктің назарына
ұсынылған болатын. Шығарманың авторы, Әбіш Кекілбаев ағамызда сол кезде қойылымды
көріп, өзінің жоғары бағасын берген еді. "Әбіш әлемі" фестивалінің 2-ші күні Петропавл
қаласынан келген Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры Әбіш
Кекілбайұлының "Махабат мұнарасы" пьесасын ұсынды. Көрсетілім көрерменнің көңілінен
шықты. Екінші - Уильям Шекпирдің туындысы "Лир патша" сахналанды. Бұл Әбіш
Кекілбаевтың аудармасы. Ашкөздік. Сатқындық. Билікке талас. Бұл "Лир патша"
спьектаклінде айқын көрінеді. Пьеса әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа негізделеді.
156
Ұлы Лир патшаның еліне жүргізген өктем билігі балалары алдында әлсіз болады. Қойылым
көрермендерге мейірімсіздік пен махабаттың ара жігін ашып көрсетеді.
Көрерменге бұл пьесаны театрдың қара шаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ
мемлекеттік театры сахналады. "Махабат мұнарасы". Сезім мен сергелдеңге толы спектакль.
Пьеса желісі әмірші Ақсақ Темір мен оның кіші әйелі арасындағы оқиға төңірегінде өрбиді.
Әмірші сүйіктісінің көңілі өзге біреуге ауған. Айбатты хан тағдыр тәлкегінің алдында
шарасыз күй кешеді.
Жортуылға кеткен ұлы Әміршісін сағынған ханша әдемі мұнара тұрғызбақшы болады.
Мұнараны салу кезінде жас жігіт жас әйелге өзінің ынтық көңілін аңғартады. Мөлтең мұң,
мөлтек сыр ұлы сезімге жалғасады. Әміршінің жарына ынтық болған жігіттің сезімі
әшкереленіп, хас шебер дарға асылады.
Биыл Әбіш атамыздың 80 жылдығына байланысты Маңғыстау облысында өтетін
«Әбіш әлемі» І Халықаралық фестиваліне шет мемлекеттен 8 театр қатысады. Қазан айында
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және ТҮРКСОЙ-дың қолдауымен, Маңғыстау
облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін фестивальдің ерекшелігі – оған әлемнің түкпір-
түкпірінен бірнеше театр ұжымы қатысады. Атап айтқанда, Арменияның Абельян Ванадзор
мемлекеттік драма театры, Грузияның Тбилисидің Мемлекеттік Азербайджан театры,
Иранның Биле Савар Барбод театры, Өзбекстанның Хорезм театры, Тәжікстанның
К.Худжанди атындағы музыкалық комедия театры, Түркияның Мемлекеттік театры,
Түрікменістанның Мемлекеттік театры қойылымдарын ұсынады.
Ал Қазақстаннан фестивальге М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма
театры, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық драма театры және Н.Жантөрин
атындағы драма театры қатысады.
«Өкінішке орай, Әбекеңнің классикалық көркем шығармаларының сахналанғаны,
оның ішінде өзге тілдерге аударылғаны тым аз. Сондықтан оларға биылғы фестивальге өз
репертуарындағы ұлттық және классикалық қойылымдармен қатысуға рұқсат етілді. Ал
болашақта Әбекең шығармаларын ұлттық және шет елдердің сахналарында сөйлетуге жан-
жақты дайындық жүргізіледі деп ойлаймын. Бұл ретте, жалғыз біздің театр ғана емес, Әбіш
ағаның әдеби мұрасына жанашыр қаламгер әріптестері, басқа да ынталы зиялы қауым
белсене ат салысуы тиіс», - деді Нұрнияз Мұханов. [3]
Қара нардай қайыспай, арқалаған қазақ елінің аманат жүгінің салмағын бүгінде жүрек
таразысымен халық сезініп келе жатыр. Алда одан сайын сезіне береді. Әбіш әлемі ашыла
береді. Әбіш Кекілбаев кеңістігі кеңейе береді. Оның танымын түсіну үшін, зерттеу үшін,
тану үшін осы
жастардың бойына,
санасына, жүрегіне сіңіру керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
massaget.kz
2.
http://mangystautv.kz/kz/news/society/aktaulyktar-ekekilbaevtyn-abylai-han-koiylymy
3.
https://lenta.inform.kz/kz/mangystauda-abish-alemi-i-halykaralyk-teatr
Достарыңызбен бөлісу: