Б. Б. Ахметов Редакциялық алқа



Pdf көрінісі
бет33/69
Дата13.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#125769
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69
Байланысты:
zhinak-kongress

 
ӘОЖ 81.512.122(045) 
 
ТАРИХ. ТҰЛҒА. ТАҒЫЛЫМ 
 
Ыбырайым Б. 
ф.ғ.д., профессор,  
Халықаралық «Алаш» және Қ.Аманжолов сыйлықтарының лауреаты, 
Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі  
 
Аңдатпа.
  Баяндамада  Әбіш  Кекілбаевтың  «Аңыздың  ақыры»  романының  көркемдік 
ерекшеліктеріне,  негізінен  көркемдік  мазмұн  арқылы  бейнеленген  концепциялардың 
қоғамдық-әлеуметтік, тарихи-философиялық  сыр-сипаттарына, жеке адамның тарихи тұлға 
ретінде өз дәуірі мен кейінгі күнге ықпал жасау дәрежесі мен мүмкіндігіне, замандық әлеует 
ретінде  қажеттілігі  мен  көкейтестілігіне,  перспективасына  тарих,  философия  эстетикасы  
тұрғысынан назар аударылған.   
Түйінді сөздер
: проза, роман, концепция, тарихи-қоғамдық жағдай. 
 
Сауал мен жауап 
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының басында отыздың белесінен енді асқан жас 
жазушы  Әбіш  Кекілбаевтың  «Аңыздың  ақыры»  романы  жазылды  және  жарық  көрді. 
Романды оқып шыққан соң, негізгі үш сұрақ туындайды: 
1.
 
Не айтпақшы? 
2.
 
Мазмұн  арқылы  ұсынылған  көркемдік  шындықтың  кімге,  қаншалықты  қажеті 
бар? 
3.
 
Қалай айтылды? 
Осы үш сұрақ романның концептуалдық әлемі мен поэтикасын байыптауға бастайды.  
 «Аңыздың  ақыры»  тарихтағы  түрлі  өркениетте,  алуан  өмір-қоғамда  өшпей  келе 
жатқан  тарихи-рухани    құбылыстар  табиғатының  индивидуалистік,  максималистік 
сырларына зер салған концептуалдық мазмұнымен әдеби қауымның назарын аударды. Бұған 


118 
 
және бір себеп -  романның жазылу сипаты. Бұрын-соңды ешкім дәл осы ракурстан арнайы 
ден  қоймаған,  алайда  қай  заманда  да  қарсы  алдынан  шығуы  әбден  мүмкін  тарихи-
философиялық оқиға-жұмбаққа, әрекет-шешім-жұмбаққа, ежелден емі табылмай келе жатқан 
рухани-әлеуметтік  дертке  қоғамдық-тарихи  құбылыстар  контексінде  қоғам  мен  тұлға 
талабын,  табиғаты  мен  тағдырын  салыстыра-сабақтастыра  зер  салды.  Қай  дәуірде  де 
қалтарыста  қалмай,  қандай  қағаберістен  де  қағынып  шыға  беретін  шырғалаңдардың 
тамырлары  мен  байланыстарынан  көз  жазбай,  үнемі  бақылау  барысында  қоғам  мен  адам 
сырының  сұмдығын,  сымбатының  сиқын,  айбынының  айбарағын  айқындаудың,  замандық 
сипаттың  философиялық,  қоғамдық-әлеуметтік  салмағы  мен  зардабын  зерттеудің  әлем 
әдебиетінде  бұған  дейін  кездеспеген,  мүлдем  тың  талабы,  жинақтап  айтқанда,  болмысты 
байыптау мен бейнелеудің жаңа үлгісі ұсынылды.  
Бұған дейінгі қазақ және әлем романдарынан басқаша, мәселен, романға арқау болған 
өмірлік  коллизиялардың  тосындығынан  /мұнараның  салынуы  мен  қиратылуы/  гөрі, 
психологиялық  талдау  барысында  әлем  әдебиетінде  бұрын  кездеспеген  тәсіл-мысалдың 
қолданылуы: Әміршінің ұйықтап жатқан ханшаның үстінен шықққанда, еске түскен сәттер – 
умаждалған  көрпе  арқылы  баяғы  бала  кезде  көрген  қарасақалдың  су  алуға  келген  әйелмен 
кездейсоқ  ұшырасуы,  шыңғырған  дауыс  пен  қойдың  мекіренгені  сияқты  «тосынның» 
психологиялық-логикалық  астары,  кейіпкерлердің  кейініне  шешуші  ықпалы,  жас  шебер 
Жағыпардың  күлің-күлің еткен көгілдір мұнара арқылы ишаралаған құпиясы, соны көрген 
көшелінің  іші  сезбеуі  мүмкін  емес  Сұлулықтың  -  мұнараның  ханша  мен  ғажап  ғимаратты 
өрген  өнерліге  эмоциялық  әсері,  эстетикалық  мазмұны,  соның  бәріне  қозғаушы,  түрткі 
болған  қызыл  алманың  көңілді  ұйқы-тұйқы  еткен  астыртын  пәрмен  серпініне  айналуы, 
ханның  өмірдегі  әрекет  түгіл  адамның    /  ханша  мен  шебердің/  жарық  дүниеден  жасырған 
ойларына  жасаған  қысымы-қиянаты,  алдымен  ойын,  сосын  адамның  өзін  табанға  таптаған 
жойқын  озбырлығы,  талай  адам-пенденің  пікірін  қазып  алып,  солардың  көзқарасын  және 
талғамын  таразыға  тарта  келе,  талдай  келе,  жасырын  шындықты,  адамды  танудың  өзіндік, 
жаңа  тәсілін  табуға  деген  қайтпас  құштарлығы  мен  белсенділігі,  әмірші  өзімшілдігінің 
өрттен  бетер  өршіп,  оқырманның  көз  алдында  «өту  шежіресі»,  басқаша  айтқанда,  бір  адам 
туралы  мәліметі  мен  «білімін»  бірнеше  адамның  (бәйбішенің,  шебер  Жапардың,  күтуші 
кемпірдің,  азбан  құлдардың,  қарт  уәзірдің  сөз  ләмі  мен  қарым-қатынас  елестерінен 
байқайтын  сұңғылалығы)  «еңбегі»  мен  «тәжірибесі  арқылы  молайтуы»  және  осы  «білімін» 
үзік-үзік  объективті  жағдайлар-оқиғаларға  байлап  сәйкестендірмей,  үнемі  әміршінің 
бұйрығын  бұлжытпайтын  өзімшілдіктің  өңмеңдеуі,  тайынбай,  табан  аудармай  үсті-үстіне 
жасаған  «шабуыл»  -  әрекетінің  арнасымен  жүйелі,  үздіксіз  толықтыруы,  болмыстанудың 
теңдессіз,  тиімді  тетігінің  бірі  –  «адамтанудың»  адымы  астамшылық  жолында  аршындауы, 
бүкіл  романның  осы  процесті  айқындауға  қалтқысыз  қызмет  етуі  Әбіш  Кекілбаев 
шығармасының  әлем  әдебиеті  контексіндегі  орны  мен  көркемдік  бітімін  бірден 
айрықшалайды.  
Тап  осындай  тосын  сипат  –  тың  дәстүрге  –  жаңа  өріске  ден  қойған,  өзіндік    Әбіш 
Кекілбай үлгісімен жазылған роман қазақ әдебиетінде бұған дейін болған емес, әзірге ондай 
теңдесі  де,  жалғасы  да  жоқ  дегенде,  әсіре  мақтан  үшін  емес,  әдебиеттің  шексіз  көркемдік 
әлемінде  айтулы  ізденіске  қашанда  мүмкіндік  барын,  әрі  осындай  жанкешті  пайымдауды 
рухани  қажеттілік  деңгейіне  көтеретін  парасатты  ізденіс  қоғам  мен  адам  үшін  ең  басты 
зәрулікке,  әсіресе  қазіргі  ақпарат  тасқынында  аласұрған  заманда  рухани  кемелденуге  әсері 
зор  қоғамдық-мемлекеттік,  рухани-мәдени  құндылыққа  айналғанына  назар  аудару  үшін 
ескерсек керек. 
Саптыаяққа  ас  құйып,  сабынан  қарауыл  қараған  заманның  көзілдірігімен  бір 
шолғанда,  қараға  аунап  кетуге  немесе  нұсқап  жіберуге  бейім  сол  кездің  идеологиясына, 
төбелдірігіне  идея  деген  үкі  тағылған  талаптарға,  бықынажай  пікірлерге  құлтасыз  қызмет 
ететін  секілді.  Айталық,  «қылмысы»  көрінбейтін,  айыптауға  нақты,  айқын  дәлел  жоқ  жас 
ғашық,  ханшаға  сырттай  іңкәр  жазықсыз  шебердің  көзін  ойып  жазалауы  ханның 
жауыздығын,  дәуірдің  сұмдығын  көрсетуі  сықылды  көрінгенімен,  түптеп  келгенде, 


119 
 
романның көркемдік мазмұнының әлемі қоғамдық-мемлекеттік болмыс пен сол болмыстың 
қамалы ішінде үстемдік орнатқан жағдайдың құлақкесті құлына айналған адамның табиғаты 
мен  танымындағы  замандар  бойы  қайталана  беретін,  қайғыға  қамайтын  қайшылықтар  мен 
сабақтастықты    сан  ситуация,  сын-сәттерде,  қарапайым,  күнделікті  тұрмыста  ұшыраса 
беретін  қылық-қимыл,  әрекет,  кейіпкер  психологиясы  арқылы  тайқы  маңдай  адам  затының 
қайталана  беретін  трагедиясын  алдымызға  көлденең  тартады.  Соның  барлығын  ұршықтай 
ійіріп,  диірменнің  тасындай  айналдырған,  ақ  дегені  –  алғыс,  қара  дегені-  қарғыс  болып 
тұрған,  қор  етем  десе  де,  зор  етем  десе  де,  қалауы  білетін,  өз  елінің,  өз  мемлекетінің 
құдіретіне айналған билік  иесі – Алмас хан. 
Қай  кезеңде  де  заман  талабына  қарай  әр  хан  –  әр  билеуші  өз  жұртының  бәсекелес 
басқа елдерден басым  түсуіне мүдделі екені  тарихтан мәлім. Кез келген сәтте шабуылдауы 
мүмкін  өзгелердің  табанында  қапелімде  тапталмас  үшін  әскери  басымдықпен  өмір  сүру 
қажеттілігі – бертінге дейін бетке ұстап келе жатқан тіршілік шарты. Сол замандағы әр елдің 
билеушілерінің  арасындағы  объективті,  субъективті  қарым-қатынастар  мен  соған  әсер  етуі 
мүмкін  ықпалдардың  үйлесу  айрықшалықтары  мен  қайшыласу  зардаптарын  толық 
білмейінше, бұрынғы тарихи оқиғалар мен жағдайларға үкім айту, ақтау немесе жақтаудың 
қай-қайсысы  да  әсіресіз  әділетті  болуы  неғайбіл.  Ендеше  оқиғалар,  тұлғаларды  дерек, 
дәйеккөздері  ретінде  ескеру  немесе  пікір  білдірушінің  субъективті  сөзі  ретінде  ғана 
пайымдау әділетке тым құрыса бір табан жақындау талабына айналса керек...  
Биліктің құдіреті мен қулығы 
Сонымен  бір  қарағанда,  заман  идеологиясына  бейімдеп,  бейнелегендей  көрінетін 
Алмас ханның прототипін іздеу жөнсіз және оның прототипі  - талассыз, айқын. Ол – қандай 
шексіз биліктің де белгілі бір кезең-жылдармен тұйықталатын шектеулілігі мен зұлымдығы. 
Бұған тарихта мысалдар қисапсыз, тап кәзір тізіп, уақыт кетірудің қажеті шамалы. Бұрынғы 
тарихтың алмағайып кезеңдерін, алапат аласапыранын білетін, жеке басқа табынушылықтың 
қорғансыз,  қарапайым  қалың  бұқараны  қандай  қасіретке  қамағанын  өз  көзімен  көрген 
қаламгердің  бұлайша  толғануына  себепкер  –  шексіз  биліктің  ашық  және  астыртын 
озбырлығының  жеке  адам  түгіл  тұтас  қоғамға,  мемлекетке,  заманға  жасаған  және  жасай 
беретін,  алдағы  уақытта  да  сан  рет  сансыратуы  мүмкін  қиянаттарына  деген  қайсар 
қарсылығы, қоғамның жеке адамға көрсеткен немесе көрсете беретін қиянатын, қысастығын 
әшкерелеу. 
Роман  мазмұнына  қарасаңыз,  бүкіл  хан  сарайындағыларды  шырқ  үйіруге  түрткі  – 
бәрінен бұрын ханның  күдігі. Ханның ойында ойран тудырған күлбілте күдік  дем беретін 
дәлелдің жоқтығынан күмілжіп көміліп қалмай, тұншығып өліп қалмай, қызғаныштың қызыл 
шоғынан тұтана келе, күдірейген күмәнға ұласты. Нақ осы күмәннің шынтуайтқа шыққанда, 
мызғымайтын  мықты  дәлел  емес,  желк-желк  еткен  желбуаз  желеу  ғана  екенін  сұңғыла,  әм 
сарапшыл хан білмейді емес. Білгенде қандай! Сол себепті асығыс, шұғыл шешім жасаудан 
аулақ.  Шешімді  көшедегі  «куәгер»  көптің  көзі  жетіп,  көңілі  ұйитындай  етіп,  үкімді  сол 
көптің  өзіне  «шығартады».  Мұнараға  қастандық  жасап,  қиратпақшы  болды  деген  дәлелсіз 
желеуді өсекке ұластырып, оған  «бәледен» бейхабар қарашы - көптің «рас па, апырмайын» 
«бәсе,  сұмдық-айға»  жеткізгенде,  әлгі  өсекке  өң  кіргізіп,  шырайлы  тон  киген  шындыққа 
айналдыру  технологиясы  -  үстемдіктің  қашанғы  сары  тәсілі,  ары-беріден  кейін  принципі 
екеніне барлық замандағы барлық мемлекет, барша қоғам өмірі куә.  
Сонымен сауаты кем немесе мүлде жоқ, байыпсыздығы салдарынан кертартпа немесе 
көрбала  көптің  көбік  сөзін  «өзіне  сол  керек»  деген  өкімге,  сол  өкімін  үкімге  айналдырған 
қаперсіз  жұрттың  надандыққа  бергісіз  білместігін  пайдаланғанда,  қоғамдағы,  тарихтағы, 
жеке адамның тұтас өмірі мен күнделікті тіршілігіндегі сырт көз байқай бермейтін, байқауы 
мүмкін  де  емес  небір  ию-қию  Түйіндіипан-лептерге  дейін  сол  жылдардағы  жас  жазушы 
қапысыз сезіп, сұңғыла сараптай білген, сол білгенін психологиялық талдау арқылы таратып, 
кейіпкерлердің  табиғи  ой-толғанысы  арқылы  шебер  бейнелеген.  Алпысыншы  жылдардың 
соңында,  жетпісінші  жылдардың  басында  прозаға  бел  шеше,  белсене  араласқан  жас  Әбіш 
Кекілбаевтың заман-қоғам-адам сабақтастығының шарасыздығын, сорын идеологияның қалт 


120 
 
жібермейтін  қырағы  көзі  қадағалап  отырғанына  қарамастан,  содырлы  байланысты  сынау 
жолын тапқан алғырлығы, зеректігі, зерделілігі тәнті етеді. 
Тарихи  дерек,  өмірлік  материал  мен  көркемдік  мазмұн  логикасы  авторды  қаншама 
қанаттандырып,  шыңға  шығандатып  алып  кетті  деген  күннің  өзінде  бұған  дейінгі 
әдебиетіміздегі  тап  осындай  жүйелі  де  терең  мазмұн-болмысқа  зер  салып,  бұған  дейін  дәл 
осындай  философиялық  концепциямен  ұсынылмағанын,  билік-қоғам  мен  адам  қарым-
қатынастарының  қалтарыстарын  ақтарғанын,    шығармашылық  парасат  әлеуетінің  бұдан 
кейінгі  қазақ  әдебиетіне  зор  әсер  еткенін  көрмеу,  мойындамау  мүмкін  емес.  Қазақ 
әдебиетінде  «Абай  жолынан»  кейін  бір  де  бір  шығарма  әдеби  процесіміздегі  ізденістерге 
көркемдік  мазмұн  кеңістігімен,  көркемдік  шеберлігімен  мұндай  әсер  ете  алған  жоқ. 
Болмысты адам мен қоғам, индивидуалистік психология мен тарихи-әлеуметтік жағдай, жеке 
адам  табиғаты  мен  танымындағы  құбылыстар  контексі,  сол  контексте  қамтылған  шындық 
арқылы  пайымдауды  өзіндік  таңдап  алған  ракурста  байыптау  –  шын  ойшылдың,  нағыз 
суреткердің қолынан келетін, әрі сәтімен ілуде бір жаратылатын құбылыс. 
Әлденеше  ғасыр  бұрынғы  тарихи  жағдайдың  шындығын  алға  тартып,  «Бес  жүз  кісі 
тауда  тас  шығарып  жатты.  Екі  жүз  кісі  оны  сол  арадан  жылтыратып  өңдеді.  Арба  жеккен 
тоқсан бес піл тасып тұрды... 
...  Мешіттің  біткеніне  үш  күн  болды.  Ішінде  әрқайсысының  биіктігі  жеті  құлаштан 
асатын, тастан қашалған төрт жүз сексен баған бар... 
Мешіттің  көк  күмбезі  сонау  зеңгір  аспанның  өзіне  көгілдір  сәуле  шашқандай, 
әншейінде шыжыған шілдедегі аптап ыстықтан отқа ұсталғандай, өңі тайып, ақ айранданып 
тұратын  ол  бүгін    қайтадан  ніл  жүгіріп,  мөлдірей  қалыпты»  /  52-бет/  сияқты  мысал  – 
суреттер  арқылы  кезең  көрінісін  көз  алдымызға  әкелгенімен,  автордың  алаңы  арыда  –  сол 
заманнан бертінге дейінгі десек те, көне дәуір мен келешектегі кезеңдер аралығы  десек те, 
қайталанып  келген,  әлі  де  жалғасуы  әбден  мүмкін  –  субъективті  өзімшілдіктің  тарихи-
қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық озбырлыққа ұласуы, шексіз биліктің жазықсыз қалың ел 
үшін,  тиран  немесе  жәдігөй  билеушінің  өз  кезіндегі  «беделі»  мен  көкжиектегі  келешек 
атағына  да  көлеңке  түсіретін  жойдасыз,  жойқын  жуандықтың  қасіретке  душар  ететін, 
ылаңды,  қанды  шежіресін  айқындау,  соған  деген  ымырасыз  қарсылықты  ояту.  Адамзаттың 
бүкіл  тарихы  –  озбырлықпен  күресуі,  тыныш  өмір  сүруге  мүмкіндік  беретін  заманға 
ұмтылуы.  Жеттік-жетілдік  деген  ХХІ  ғасырда  да  озбырлықтың  өлмей-өшпей,  сонымен 
уланған  дүниежүзілік  саясаттың  мың  құбылып,  сан  түрлі  қитұрқы  сипатта  құтырынып 
тұрғанына – тарихи-саяси, т.б. оқиғалар мен идеологиялық концепциялар бұлтартпас айғақ.  
Концептуалды  мазмұны  қоғам  құрсауындағы  адам  табиғатын,  оның  болмыс 
батпанымен  байланысын  байыптаған  «Аңыздың  ақыры»  -  психологиялық-философиялық 
роман  деп  кезінде  орынды  айтылды.  «Қызыл  алма»  атты  алғашқы  бөлімінде  әмірші  Алмас 
ханның бәйбішесі жіберген қызыл алмадан күдік алуы, одан кейінгі «Мұнара», «Махаббат», 
«Аңыздың  ақыры»  бөлімдерінде  кезегімен  ортөбелік  жас  шебер  Жаппардың,  ханшаның 
ахуалы,  ең  ақырында  мұнараны  қиратуға  шешім  қабылдау  «хикаясы»  -  себептері 
айқындалады.  Оқиға  желісі  күрделі  емес,  сюжеті  ықшам.  Алайда  әр  кейіпкердің  үнемі 
дызығып,  ұстараның  жүзінде  тұрғандай  өн  бойын  қорқынышты  діріл  мен  емексіген  үміт 
кезек билеп, алма-кезек басым түсіп жатқанда, көлкештеген, адымы қысқа қайырымдар емес, 
көл-көсір баяндаудың ағыл-тегіл суреттеуге ұласып, одан керісінше тәсіл алмасуы немесе екі 
тәсілдің  де  жарыса,  жараса  қолданылуы  жас  ойшыл,  жас  суреткердің  орасан  зор 
шығармашылық  әлеуеті  мен  үзілмей,  үздіксіз  үдере  алға  тартып  отыратын,  алған  бетінен 
қайтпайтын, өзіне дейінгі болмаған тың тәуекелден тайқымайтын сұрапыл шабытының, сол 
қуаттарды  негізгі  мақсат  –  нысанаға  үнемі  бағындыра,  бағыттай  білген  ұлы  парасатының, 
нәзік сезімталдығының дәлелі. 
Мәселен, құрт түскен алманың ханға жетуі – әл-әзір тиянағы жоқ, дәлелі жеткіліксіз, 
бұлыңғыр желеу-емеурін, ійшараның ійіне түсіп қалған күдік қана. Ұйқыдағы жас ханшаның 
ырықсыз,  ессіз  тән  құмарлығының  құшағында  көрпені  кеудесіне  басып  жұмарлауы,  әлден 
уақытта саябырлап, бәйіз табуы ойға қалдырған әміршінің ілік іздеуіне  себепкер – алманың 


121 
 
бүлінгені  мен  көрпенің  умаждалуы  ғана  емес,  бұған  дейін  жинақталған  өмірлік тәжірибесі. 
Түсінде  мауқы  басылғандай  ханшаның  тыншуы  мекіренген  қойды  еске  салуына  түрткі  – 
ожар қарасақалдың қолына түскен бейтаныс әйелдің алғаш айқайлап жанұшырғанымен, көп 
ұзамай  лажсыз  ләззат  құшағында  масаюы,  суын  алып,  түк  болмағандай,  бұраңдап  кете 
баруы. Алма – ханша – қарасақал – суға келген белгісіз әйел – мекіренген қой... – бұлардың 
барлығы  –  қырағы  ханның  жадынан  шықпаған,  өз  көзімен  көрген  мысал-ассоциациялар. 
Соларды бір-бірімен сабақтастыра салыстыру барысында ұлғая түскен күдігі  – ханның енді 
мұнараға да, жас шеберге де жіті назар аударып, мұқият бақылауына себеп. Әсіресе балғын 
шағында  ну  жыныста  қарасақал  мен  беймәлім  әйелдің  кездейсоқ  ұшырасқанын  өз  көзімен 
көруі  –  тәжірибесіз  жасты  тіксіндіргенімен,  таңсық  сезімін  қытықтап  оятуы,  өмірі 
ұмытылмастай әсер алған сәті, естуі, түйсінуі – таңдана қабылдауы. Қабылдау арқылы әсері 
психологиялық-эмотивтік  тәжірибеге  айналып,  жалпы  өмірлік  тәжірибесін  толықтырды. 
Осылайша  «әккіленуі»,  есеюі  -  алдағы  күнге  жарақсыз  бармай,  алданып  қалмай,  қамданып 
баруына сеп. 
«Осындай»  тәжірибесі  табан  тірейтін  тиянаққа  айналып,  шексіз  билік  иесіне  ойға 
алғанын  өзі  ғана  біле  алатын  зымияндықпен  жүзеге  асыруына  қолайлы  мүмкіндік  береді. 
Қиялы тәуелсіз, ойы азат адамды бүкіл тіршілігін басынған бұйрықтың бағытына бейімдеген, 
ойы  –  тұл,  қиялы  -  құл  адам-пендеге,  адам-малға,  құрал-адамға  айналдыруына  мүмкіндігі 
ұшан-теңіз.  Пендеге    немесе  тұлғаға  айналдыру  тетіктерін  табу,  пайдалану  құпиялары  мен 
Түйіндіипандарын  әбден  біліп  қана  қоймай,  одан  әрі  дамытатын,  үсті-үстіне  «жаңасын» 
ойлап таба беретін, үстемдіктің тұлға-«таланты» - Әмірші.  
Оның  өз  қолындағы  биліктің  әзәзілдігі  мен  әзірейілдігін  бес  саусақтай  біле  тұра 
мойындауға,  ерте  ме,  кеш  пе,  күндердің  күнінде  жұтып  алатын  құрдымға  құлау  қаупін 
ойлауға  құлықсыздығына  дәлел  -  астамшылдығы.  Солай  бола  тұра  әмірші  –  белгілі  бір 
дәрежеде психолог. Аталған ассоциациялар ханшаның жан дүниесін, ханшаның талабы мен 
қарекетін білуге, сонымен бірге Жаппардың да «аяқ алысын» аңғаруға мегзейді. Сол сияқты 
шебердің  ерекше  жан  салып,  көз  жауын  алған  мұнара  өрген  өнері,  еңбегі  –  оның  өзін  де, 
ханшаны  да  байқап-барлауға  қажет,  мызғымас  тиянақ.  Бір  кейіпкер  арқылы  екіншісін, 
немесе  керісінше,  бұл  аз  болса,  басқа  характер-образдардың,  ситуация,  детальдардың 
барлығының да жиыла, тұтаса келе, ханша мен Жаппарды танытатын, «әшкерелейтін» тұтас 
жүйеге, дәлелдер тізбегіне ұласуы  – қиыннан қиыстыру шеберлігі  мен жазушының күрделі 
ойлау мен сезіну ерекшелігінің мысалдары. 
Хан  –  ханша  –  шебер  –  үшеуіне  қатысты  психологиялық  шиеленіс  шытырмандары 
үнемі  мұнараға  келіп  тіреледі.  Ол  –  көптің  көзін  қытықтап,  көңілін  арбаған  көрнекті,  сұлу 
ғимарат  қана  емес,  шебердің  қол  жетпес  арман  –  ғашығы  –  ханшаға  деген  ықыласын 
айнақатесіз айшықтап, аспанға, айдай әлемге аян еткен махаббат ескерткіші, қайран қалып, 
қарамасқа қоймайтын сұлулық бейнесі, қайталанбас ынтызарлық жыры. Күлің-күлің етіп, көз 
арбаған  мұнара,  жазықсыз  мерт  болуға  шақ  қалған  ханша,  алып-ұшқан  жас  жүрегінің 
толқуын  жасыра  алмай,  таспен  сырласуға  мәжбүр  болған,  өзі  айта  алмай,    мұнараны 
«сөйлеткен»,  арманды,  ынтық  сырын  соған  ғана  сеніп  тапсырған  жас  шебердің  тасқа  тіл 
бітірген  ғажап  өнері  түрлі  кейіпкерлердің  қабылдауы  арқылы  әлсін-әлсін  бейнеленгенде, 
бояулар  қайталанбайды,  қайта  бірін  екіншісі  толықтыра  үстемелеп,  мұнараның  көркін  әр 
қырынан  әрлеп  аша  түседі.  Кідіртетін  кісен,  тежейтін  тұсауды  елемей,  шарықтаған  қиял, 
төгіліп тұрған жазушы тілі, ана тілінің құнарын еркін, табиғи пайдалануы, қай  Түйіндіипан 
мен  қай  құпияны  да  тамылжытатын,  жарасымы  жанға  жайлы  табиғи  пластикасы, 
психологиялық  иірімдер  шырғалаңы  мен  тұңғиығы  арқылы  әлем  әдебиетінде  ұқсасы  жоқ 
өзіндік көркемдік әлем түзілген. 
Сол  әлем  ұстындарының  бірі  –  Жаппар  шебер,  түптеп  келгенде,  жазықсыз,  сұлу 
өнердің  өкілі.  Әміршінің  алдындағы  бар  айыбы  –  жасырын  сезімінің  мұнара  арқылы 
бейнеленіп  «әшкереленуі».  Шығарманың  басынан  аяғына  дейін  көктеп  өтетін  осы  ғимарат 
сұлулығы  –  әр  кейіпкер  үшін  әркелкі,  әрқилы  серпін.  Бірақ  бұл  –  әлі  әмірші  ойлағандай 
қылмыс емес, кесек дәмеден ауылы алыс есекдәме ғана. Әмірші соған да іштей шамданады. 


122 
 
Өзімшілдіктің  астамшылдық  атты  уының  тамшылай  беруі  салдарынан  әуелгі  елеусіз  күдік 
ұлғая  беріп,  ақыры  қыжылға  ұласты.  Қыжылдың  қынабынан  кескілеспей  келіспейтін  кек 
шықты.  Ішіне  қатқан  кек  –  зіл  оның  еркін,  алаңсыз  тыныстауына  мүмкіндік  бермей,  ойын 
қақпалап, озбырлығын түрткілеп оята береді. Ақыры шебердің қиялын жазалаудың амалын 
тауып, жаны жай табады, «есесін» қайтарады.  
Жақсыны білмей, қадіріне жетпей мансұқтау – топастық, надандық, түлейлік, ал біліп 
тұрып мансұқтау – ішмерез іштарлық, қанқұмар қаныпезерлік. Байғұс жас шебер адал еңбегі 
мен аяулы өнерінің көзге шыққан сүйелдей көрініп, сарай ішіндегі саясаттың, адам ішіндегі 
саясаттың, сұрқиялықтың тәлкегіне айналарын білмеуі – албырт жастықтың аңғалдығы. 
Мұнара  сымбатының  сиқырын  түйсініп,  ұғына  алатындар,  қадіріне  жете  алатындар 
санаулы ғана. Ары-беріден кейін басқа түгіл соны өз қолымен тұрғызған шебердің өзі де ақи-
тақи  анық  білмейтін  сұлулық  айрықшалығын  ілуде  бір  сарапшы  ғана  анықтай  алады.  Хан 
мен ханша дәл сондай деңгейдегі сарабдал болмаса да, күнде шүйілетін күдіктің көзі қырағы, 
кері шегінуді білмей, өңмеңдеуден қажымайтын күмән – әрі күншіл, әрі сыншыл. Мұндайда 
ақылға  ақыл  қоса  алатын,  баршадан  ерек  сарапшының  –  сыншы  ойшылдың    маңызы  баға 
жеткісіз. Бірақ хан ондай тәуелсіз, тура биді іздеуге де, тыңдауға да ықылассыз, құпиясының 
жария болып кетуінен сақтанады. Ақылман сарапшы мұндайда  тиімді жол табуы, қаһарлыға 
да, жазықсызға да, шарасызға да шарапаты тиюі, қай-қайсысын да аман алып қалуы мүмкін 
еді. Алайда ханның өзімшілдіктен өрбіген озбырлығының асқынып, жазықсыздық жендеті  - 
жауыздығы  басым  түсіп,  бас  шеберді  өлтіртіп,  жас  шебердің  көзін  ойғызып  тастағанымен, 
зорлық  шешімі  өле-өлгенше  есінен  кетпейтіні  анық.  Қайдан  кетеді,  қайыршыдан  бетер 
қарашысы көзінше құлдық ұрғанымен, үнемі именіп, қаймығып тұратынын есінен шығарып, 
өз ойы, өз еркіне ие бола алмаса? Несі хан - құлына құдіреті жүрмесе?! Ханшаға қайдағы бір 
бейшараның, күнін көре алмай жүрген байғұстың көзі түсуі – мұның жарты әлемнің әміршісі 
екеніне  қарамай  басынуы.  Хан  сарайы  үшін  бұдан  өткен  сорақылық  болмақ  емес.  Тәуелсіз 
ақылшысы  жоқ  немесе  кемеңгермен  келісімі  кемшін  қоғам,  мемлекеттің  жығасы  қисаюы 
осындай біржақты, шалағай ойлардың тіршілік нормасына, жүйесіне, өмір сүру принципіне 
айналуының зардабы екеніне тарих куә.  
 Сарапшы  жоқта,  өнер  –  жетім.  Талғамы  жетілмеген  қай  белсендінің  де,    таңдайы 
тақылдаған  талай-талай  тапқыр  емес,  тақыр  шешеннің,  қаншама  білгішсіп,  езуі  көпірген 
демагогтың  – қай-қайсысының да сөзі,  пікірі, шешімі, т.т.   – белгілі  бір сәттегі  құбылмалы 
көңіл  ауанының,  шектеулі  тәжірибесінің  ықпалымен  қорытынды  жасауы.  Шексіз  биліктің 
шыңына шыққан, өзгені қор, өзін зор тұтқан Әмірші – солардың жиынтық бейнесі іспетті.  
Ол  –  әрі  өз  дәуірінің  Тұлғасы,  әрі  Заман  Құрбаны.  Өзгені    танып-таразылауға 
келгенде, соншама сұңғыла ол өз пиғылының құлына, өзімшілдігінің тұтқынына айналғанын 
аңғармайды.  Өзімшілдіктің  өзегін  өштіктің  өрті  жайлап  алған.  Басқа,  бейтарап  өмірді 
байыптауға  аяқ  баса  алмайды.  Осындай  дүлей  қара  күш  –  биліктің  салдарынан  шебер 
туындысының күйреуі – өнердің сирек ұшырасатын сұлулығының қор болуы ғана емес, адам 
қиялына – ханшаның ханға арнап ақ тілекпен салдырған мұнара – ықыласының, бәйбішеден 
басым түссем деген аңқау да  адал есебінің, зау биікке талпынған үмітінің соққыға ұшырап 
есеңгіреуі,  шебердің  бар  білгенін  сарқып  жұмсаған  ғажап  еңбегі  мен  мөлдір  сезімінің  тас-
талқан  болуы.  Нағыз  өнер  –  адамның  адам  екенін  әсіресе  анық  танытып,  жасампаздығын 
мойындата  алатын,  қайталанбас  ғажап  екенін  білгісі  келмеген,  соған  қасақана  қастандық 
жасауға ұмтылған дөкір, дүлей қара күштің аты – Зұлымдық. Сұлулықты терең сезінбейінше, 
қадіріне жете алмайды. Ендеше зұлымдық тартынбайды, талқандауға бейім тұрады.  
«Аңыздың  ақыры»  арқылы  қазақ  әдебиетіне  болмысты  сезіну  мен  бейнелеудің  жаңа 
үлгісі, жаңа типі дүниеге келді. Кейіпкерлерді талдау тактикасы мен таныту стратегиясының 
Әбекеңе ғана тән, кемелденген соны үлгісін әкелу арқылы қазақ әдебиетіне ғана емес, әлем 
әдебиетіне әсер еткеніне шетел қаламгерлерінің Ә.Кекілбай шығармаларымен үндестігі  мен 
олардың ағынан жарылып айтқан лебіздері де айтарлықтай дәлел ретінде ескерілуі тиіс. 


123 
 
Шығармадағы тарихтың белгілі бір дәуір-қоғамдағы дерек, шежіре емес, қай заманға 
да  тән  көркемдік  уақыт  –  мәселеге  айналуы  болмыстану,  адамтану,  сезінудің  әдебиетте 
бұрын-соңды ұшыраспаған перспективаларын жасады.  
Ең бастысы – автордың дәуірлер, қоғамдар, мемлекеттер өмірі мен тағдырын мұқият 
таразылай  келе,  ашынбасқа  қоймаған  көкейкесті  ойын  жеткізуі,  мемлекеттің  өмір  сүру 
сипаты мен болашағына биліктің ықпал жасау мүмкіндігін, жауапкершілігін сезіндіруі, жеке 
адамның  бостандығына  жасайтын  зорлығының  қайдан  бастау  алатыны,  әрі  соған  деген 
тозбас,  тапжылмас  қарсылықтың  айқындалуы.  Ендеше  «Аңыздың  ақыры»  -  әлеуметтік-
тарихи үстемдік пен оның табиғаты, өзіндік, астыртын психологиясы мен зардабы, озбырлық 
машинасына айналу қатерін пайымдауға бастайтын роман-толғаныс /размышление/. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет