Б. Б. Ахметов Редакциялық алқа



Pdf көрінісі
бет52/69
Дата13.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#125769
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   69
Байланысты:
zhinak-kongress

ӘОЖ 371.14 
 
ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ Ә.КЕКІЛБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ 
ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ТАҒЫЛЫМДАРЫ 
 
Көкшеева З.Т. 
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технолгиялар және инжиниринг 
университеті 
 
Аңдатпа.
  Ә.Кекілбайұлы    мұрасындағы  халықтық  педагогика  негіздерін,  нақыл 
сөздерін  жас  ұрпақ  тәрбиесінде  пайдалану,  оның    идеяларын  білім  беру  орындарында, 
білімгерлердің  өзіндік  жұмыстарында,  ғылыми  жұмыстарда  тереңірек  зерттеу  мәселесі 
жайлы айтылады.  
Түйінді  сөздер
:  ұлттық  педагогика,  Ә.Кекілбаев  шығармалары,  қанатты  сөздер,  жас 
ұрпақ тәрбиесі, тәлімдік тәрбие тағылымы; 
 
Бүгінгі жаңа Қазақстанның  дербес даму жолын таңдау кезеңі жас ұрпақ тәрбиелеуде 
халықтық  педагогиканың  бастауы  мен  қайнар  көздерінен  асыл  қазыналарды,  мәдени 
мұраларды тауып, оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануды талап етеді. Себебі, еліміздің көркейіп, 
өркениетті елдер қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен 
көрінеді.  Елбасы  «Жаңа  әлемдегі  Жаңа  Қазақстан»  атты  Жолдауында:  «біздің  бірлескен 
шешімдеріміз  бен  тындырған  істеріміздің  нәтижелері  жаңа  жалпы  қазақстандық 
патриотизмнің  іргетасын  қалап,  біздің  Отанымыздың,  біздің  барша  көпұлтты  және 
көпконфессиялы  қоғамымыздың,  біздің  балаларымыздың  тамаша  келешегі  бар  екеніне 


213 
 
негізді  мақтаныш  пен  сенімділікті  туындатады.  Қазақстандық  патриотизм  мен  саяси  ерік-
жігер – жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары»,  - деп атап көрсетеді. Бұл өз 
кезегінде  жас  ұрпақ  тәрбиесіндегі  халықтық  мәдени  мұраның  алатын  орны  мен  маңызын 
арттыра түседі[1].  
 Мамандар  кез-келген  халықтың  тарихи  ғылыми  ойын,  философиясын  зерттеу  үшін, 
рухани мәдениеттің бөлінбес компоненті болып табылатын халық есінде терең ой қалдырған 
адамдар  арқылы  оқып  -  үйренеді.  Осы  орайда  Әбіш  Кекілбайұлының  қалдырып  кеткен 
ғылыми мұрасы еліміздің педагогика және психология ғылымында үлкен даңққа ие, болашақ 
ұрпақты тәрбиелеуде оның идеялық, танымдық, тәрбиелік маңызы өте зор. Оның «Аңыздың 
ақыры»,  «Үркер»,  «Елең-алаң»  тарихи  романдары  –  тек  тарихи  шежіре  ғана  емес,  бүгінгі 
қоғам  үрдісімен,  ұлт  мүддесімен  астасып,  бостандық  рухы  мен  өркениеттің  өшпес 
құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуаты бар, тәлім-тәрбиелік маңызы өте зор 
шығармалар болып табылады. Бұл еңбектерінде әлеумет тәрбиесінен бастап ұлттық тыныс-
тіршілік,  адамгершілік  әлем,  еңбек  тәлімі,  қазақы  отбасындағы  тәрбие,  қазақы  зерде  мен 
таным,    адам  мінезінің    алуан  қырлары,  қазақтың    тарихы  мен  тағдыры,  ұлттық  сана  мен 
елдік намыс, ұлт, тарих пен тіуелсіздік, тіл  мен рух, мемлекет пен саясат  т.б. тақырыптар 
кең орын алған. Оның мұраларында қазіргі қазақ жұртына, жастарға айтылған өсиет сөздер 
мен  ақыл-кеңестер  жетіп  артылады.  Әбіш  Кекілбаев  шығармашылығындағы  ұлттық-
этникалық  һәм  гуманистік-ізгілік  хақындағы  ой-толғаныстар  әлемі  қазақ  жұрты  деген 
ұғымының аясынан асып түсіп, адамзаттың ең абзал қадір-қасиеттерімен рухтас иен кеңістік 
аумағын қамтиды. Оған мысал ретінде Қазақстанның халық жазушысы мемлекет және қоғам 
қайраткерінің ел есінде қалған  10 қанатты  сөздерінен мысал келтіре кетсек[2]:  
1.  Ақиқаттың  мекені  –  жүрек.  Оған  мына  кеңістіктің  бетінде  бардың  бәрі  сияды. 
Құдірет жетсе, ерен болмысты түгел сыйғызып алуға болады. 
2.  Өмір  құбылыстарына  психологтің  көзімен  қарайтын  адам  ең  алдымен  сол 
құбылыстың  барша  озғыны  мен  тозғынын,  кемелдігі  мен  келеңсіздігін  көре  білетін 
кейіпкерді табуы, тануы қажет. 
3.  Жазушының,  ақынның  қоғамдық  болмыстың  тұңғиығына  да,  асқарына  да  бірдей 
ұмтылған  өзгеше  еңбегінің  жалғыз-ақ  өлшемі  бар.  Ол  –  оның  адам  жүрегіне  қаншалықты 
жақындай алғаны. 
4.  Өткенге  әртүрлі  қарауға  болады.  Өткенге  өскенді  дәлелдеп  қарау  бар  да,  өшкенді 
дәлелдеп  қарау  бар.  Тарихқа  өткенде  мынандай  керемет  едік  деп  қарайтын  көз 
ұлтшылдықтың  сырқаты.  Ал,  енді  өткеннің  бәрін  қу  тақырға  жорып,  қуратып  қоятын  бір 
көзқарас тағы бар. Ол адамзаттың ежелгі тарихын айналасы бес-алты ұлттың еншісіне беріп, 
өзгені  шөміштен  қысатын  шовинистердің  жанына  майдай  жағады.  Тарихқа  деген  шын 
көзқарасқа бұлардың екеуі де атымен жат.   5. Өнерде шәкірттік сезімін жоғалтқан адам ұстаз 
бола алмайды.  6. Тарих қанмен жазылып қанмен түзетіледі. 7.Өмір бойы алысып-жұлысып 
жүріп пысықайлықпен табылатын өтірік даңқ раға жыл түспей жатып, көшкен жұрттағы күл 
төккен төмпектей жермен-жексен шөгіп, жұтап шыға келеді. 
8.  Өмір  сүйген  ақын  азаматтық  ақтық  демі  таусылар  сәттің  өзін  әзірейіл  көргендей 
шошына суреттеп, күңірене күйзелмей, қаншалықты па қаншалықты парасатты бейнелейді. 
Бұл құбылыс – оның дара таланты. 
9. Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ. 
10.  Арлы  адам  –  ең  күшті  адам.  Өйткені,  ол  өткінші  бақыттың,  өткінші  қайғының 
ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтанда оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуым мүмкін, 
өкінішті болуы мүмкін емес.  
Сондай-ақ,  адамдық  пен  адалдық,  мейірім  мен  рахым,  адам  мінезі  мен  ұл-қыз 
тәрбиесіне  қатысты  былайша  ой  қорытады:  Тірісінде  қалтқысыз  ыстық  ықылас,  өлісінде 
татаусыз тағзым тек  құшағың толып аялап, ауызың толтырып мақтауыңа жараған марғасқа 
азаматтарға ғана бұйырған;  Риясыз көңілден шыққан ақиқат  сөз ғана әмбені  түгел риза ете 
алмақшы;  Үйдегі  ұл-қызымызға  абырой-әжетсіз  азаттық  –  айуандық  екендігін  жеткілікті 
ұғындыра алсақ қана көшедегі көргенсіздікті жүгендей аламыз; Жарығы таусылмаған жанға 


214 
 
бақыттымын  деп  қомдану  тасырлық,  бақытсызбын  деп  мұңаю  пақырлық  шығар;    Адамдар 
әділ болса, өмір әрқашан әділ;  Адам нәсілін жер бетіне баянды етіп тұрған бірден-бір күш – 
мейірім мен рахым;  Орынсыз ашқарақтық, орынсыз баққұмарлық шынайы азаматтық бақыт 
үшін қандай қиянат болса, орынсыз жігерсіздік пен рухани қауқарсыздық, орынсыз көнтері 
көнбістік те дәл осындай қиянат;  Қатыгез, қапас тоғышарлықтың ең алдымен жүгірер қаруы 
– қуадалау, қорқыту, зорлық-зомбылық;  Арман  – қашан да ұзақ, ғұмыр  – қашан да қысқа;  
Алақаны  бар  тіршіліктің  шапалағы  да  бар;    Пәтуасыз  уақыт  сабырлыны  тонап,  саналыны 
арытады;    Ұлы  тұлғаны  уақыт  аласарта  алмайды;    Ізденіс  пен  ізгілік,  мейірбандық  пен 
кішіпейілділік  бағаланбай  қалуы  мүмкін  емес;    Кекшілдік  –  кешегінің  тұтқынында  қалу, 
кешірім  –  жаңаға  бой  ұсыну;    Іріткі  салар  алауыздықты  аласта,  ұйытқы  боларлық 
жарастықты ұлықта.  
Мақаламыздың  тақырыбы  болып  отырған  заманымыздың  заңғар  жазушысы  Әбіш 
Кекілбаев жөніндегі пікірлерге тоқтала кетсек, сыншы-публицист С.Қирабаев: «Жазушының 
тiлiнде  де,  дiлiнде  де  мiн  жоқ.  Қашанда  сергек,  қашанда  сезiмтал,  бәйгенiң  алдынан  ғана 
келетiн  тұлпарларға  ұқсатам  мен  Әбiштi. Ал,  аспанға  қарасам  оның  жұлдызын  оңай 
танимын.  Оның  жұлдызы  сол  Әуезов,  сол  Шолохов,  сол  Айтматов,  сол  Нұрпейiсов 
жұлдыздарымен қатар тұр. Ол да жарық жұлдыз, мәңгi жанатын жұлдыз»,- деп ой қорытса,  
ал  М.Қозыбаев:  «Кекілбаев  дарыны  мейлінше  ғибратты  дарын.  Оның  кеңістігінің  өзінен 
ұғымтал көкірек пен жіті көз адуын өнердің мінезін көреді»,- дейді. А.Сүлейменов: «Тарихқа 
арналған шығармаларды жазудың тек композициялық құрылысы, сюжеттік мазмұны, тарихи 
реалийлердің көрінісі жағынан ғана емес, тілдік-стильдік сипаты жағынан да әр алуан болып 
келетіндігін  және  бұндай  жоғары  сатыға  қазақ  көркем  әдебиетінің  де  жеткендігін 
Ә.Кекілбаевтың  шығармашылығы  анық  көрсетеді»,-десе,  ғалым   Р.Сыздықова:  «ХХ 
ғасырдың екінші жартысынан басталған ұлттық әдебиеттегі жаңа дәуірді еске алсақ, «Әбіш 
шыңы»  осылардың  дәп  ортасында,  биікке  самғап,  қол  жетпейтін  өрде  тұрғанын  бүгін 
әрқайсысымыз-ақ мойындаймыз»,-деген ой тұжырымдайды[3].   Әр елдің ойшыл-ғұламалары 
озық  идеялары    өз  халқының  тіршілік-тынысымен,  ұлттық  тәрбие  дәстүрімен  тығыз 
байланыста  туып,  өсіп-өркендеп,  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  жетіп  отыратынын 
білеміз. Осылайша,  өмірдің  әлеуметтік  жағдайларының  өзгеруімен,  қоғам  мен  тұлға 
қажеттіліктерінің дамуымен байланысты халық тәжірибесіндегі педагогикалық құндылықтар 
қайта  жасалып,  жаңаша  сипат  алып  отырады.  Сөзімізді  қорыта  келе,  Ә.Кекілбайұлы  
мұрасындағы халықтық педагогика негіздерін  жас ұрпақ тәрбиесінде отбасы, отансүйгіштік, 
адамгершілік,  ізгілік,  тәрбие  үрдістерінде  толық  пайдалану,  оны  жүйелеп,  бүгінгі  күннің 
талабына 
сәйкестендіру 
қажеттілігін 
тудырады. 
Сондықтан, 
Ә.Кекілбайұлының 
шығармашылық  еңбектерін  мектеп  оқушыларынан  бастап,  ЖОО-да  әлеуметтік-
гуманитарлық пәндердің дәріс, тәжірибе сабақтарында, білімгерлердің өздік жұмыстарында 
қамтылуы  керек.  Жастар  мен  оқушылардың  азаматтық  санасын  қалыптастыру  мақсатында 
жазушының  елжандылық  идеяларын  тереңдеп  зерттеу,  ғылыми-зертеу  жұмыстарын    жан-
жақты жүргізіп және педагогика тарихын, этнопедагогика салаларын дамытатын ақпараттық-
ресурстық орталық ашуға  болады деп ойлаймыз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан».  
2.
 
Кекілбаев Ә. 2 томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1989. 
3.
 
Әбіш Кекілбаев туралы сөз / Е. Дүйсенбайұлы // Ана тілі. - 2009. - 9 сәуір. - 7 
бет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет