Б. Б. Ахметов Редакциялық алқа



Pdf көрінісі
бет20/69
Дата13.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#125769
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69
Байланысты:
zhinak-kongress

ӘОЖ 81.512.122(045) 
 
Ә.КЕКІЛБАЕВ ТАРИХИ РОМАНДАРЫНЫҢ ТІЛДІК ӘЛЕУЕТІ 
 
Нұрдәулетова Б.І. 
Филология ғылымдарының докторы, профессор 
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті 
 
Аңдатпа.
  Мақалада  Ә.Кекілбаевтың  «Үркер»  романының  тіліндегі  жергілікті  тіл 
ерекшеліктері,  көнерген  сөздер,  қазақ  халқының  XVIII  ғасырдағы  тілдік  қазынасында 
кеңінен  қолданылған  этнографизмдер,  қару-жарақ,  әскери  қызмет  атаулары,  автордың 
поэтикалық тілінің көркем кестесін айшықтай түсетін ерекше оралымдар талданады. Аталған 


75 
 
ұғым-түсінік,  бұйым  атауларының  қазіргі  әдеби  тілімізге  кәсіби  термин  сөздер  ретінде  ену 
мүмкіндігі сөз болады.  
Түйінді сөздер:
 этнографиялық атаулар, авторлық қолданыс, контаминациялау, әскери 
термин, перефикс т.б. 
 
Маңғыстаудың  Абыл,  Нұрым,  Қашаған,  Қалнияз,  Сүгір,  Сәттіғұл  сынды  жыр 
жүйріктерінің зергер сөздерін тыңдап, Адайдың дана қарттарының аузынан шешендік сөздер 
мен  тарихи  шежірелерді  зердесіне  құйып  өскен  Ә.Кекілбаевтың  қолданысында  осы  өңірде 
ғана  қолданылатын  тіл  ерекшеліктері  мен  көне  тұлғалар  жиі  қолданылады.  Әсіресе, 
жазушының  тарихи  тақырыпқа  жазылған  туындыларында  байырғы  сөздер,  жергілікті  тіл 
ерекшеліктері, ауызекі сөз саптау үлгілері, танымдық-этнографиялық сөздер жиі ұшырайды. 
Мұндай сөздер, әсіресе, халқымыздың арғы тарихынан хабар беретін «Үркер», «Елең-Алаң» 
романдарында мол. Әбіш Кекілбайұлының тілдік әлеуеті, қазақтың сөз қазынасындағы әрбір 
дүниені  орнымен  қиыстыра  білудегі  ешкімді  қайталамайтын,  ешкімге  қайталата  алмайтын 
қас шеберлігі тіл өнеріндегі бөлекше әлем деуге татиды. 
Ә.Кекілбаев  шығармаларының  тілі  туралы  зерттеу  еңбектерде  жазушы  қолданған 
жергілікті  тіл  ерекшеліктері,  көне  тұлғалар,  қаламгердің  өзіндік  қолтаңбасын  танытатын 
авторлық  қолданыстар  (жеке  сөз-образдар,  тұрақты  тіркестер),  әсіресе,  жазушының 
сөзтаңдау,  сөзқолдану,  сөзойнату  шеберлігі,  шешендік  қыры  жан-жақты  талданып  жүр. 
Жазушы тілін қазіргі танымдық тілбілімі тұрғысынан қарастырған зерттеулерде Ә.Кекілбаев 
тілдік  тұлғасының  түрлі  қырлары  да  талданған.  Сондай  зерттеулердің  қатарынан  академик 
Р.Сыздықтың  Ә.Кекілбаевтың  тарихи  романдарының  тілдік  кестесін    танытуға  арналған 
еңбегінің  (кітаптың  бір  тарауы  арналған)  маңызы  айрықша.  Талғампаз  зерттеушінің 
талдауларына  іліккен  «жеке  сөздер»  қатарын  (жазушының  шеберлік  мәнерін  танытатын 
поэтикалық  әді-тәсілдеріне  арналған  талдауларға  тоқталып  жатпаймыз)  шамамен 
төмендегідей топтауымызға болады: 
1.  XYIII  ғасырдағы  қазақ  әдеби  тілінің  қазынасын  танытатын  қару-жарақ,  сауыт-
сайман, киім-кешек, әскери адам, әскери титуль атаулары: күлдір мамай, жекеауыз, бірауыз, 
қандауыз,  жездіауыз,  шиті,  берен,  жалаңқат,  кіреуке  тон,  көк  найза,  ақ  алмас,  шар  болат, 
даңғырашы, сайыскер, садақшы, қылышкер, айдауыл, қарауыл, торуыл, ноян, зайсан, тайшы  
т.б.  Зерттеуші  аталған  сөздерді  жай  ғана  талдап  қоймай,  әскери  термин  ретінде  дозор, 
авангард,  аръергард  сияқты  кірме  сөздердің  орнына  түркі-монғол  тілдік  бірлестігінен  бері 
қолданыста  бар  шыңдауыл,  ертеуіл,  шығауыл,  айдауыл,  торуыл,  тосқауыл  сөздерін  неге 
пайдаланбасқа деген ұсынысын да айта кетеді.     
2. Қазақстанның батыс өңірінде, соның ішінде Маңғыстауда қолданылатын жергілікті 
тіл ерекшеліктеріне жатқызылатын сөздер деп мошқау, жаңғыз, жандық, кермар, атанақтау, 
күнте, бөтеке, құдандал, әрпіл-тәрпіл, айлапат т.б. сөздерін атайды. 
3.  Автордың  өзіндік ізенісінен  туған  сөздер  ретінде:  сұқсыр,  сойыл  дос,  қамшы  дос, 
күп,  тұран,  сәлдекендей,  жұтыраю,  лайытқан,  ызғындай,  әрқайын,  кемталай,  шажырқай, 
батымды болу, қойманшы, тұяқкешті, мәмлехана, мәмлегер, жаубасарлар, жолығыс, тұқым-
тебер, дегелшіктер, тұрымтай мәслихат, мөлт қара, ыңғайтек, басына тауан іздеу, бөспебай, 
сөлімбай,  сүмірейме,  шұбарту,  лайыту,  бәсік,  бетжүздік  т.б.  сөздері  көрсетіледі.  Бірақ 
зерттеуші  аталған  сөз  қатарының  бірен-сараны  жергілікті  болуы  мүмкін  екендігін, 
диалектологиялық  сөздікте  тіркелмегендіктен,  дәл  айту  қиын  екендігін  де  ескерте  кетеді. 
Нақты фактілер мен дәлелдерге ғана сүйеніп пікір айтатын нағыз ғалым ретінде болжамдарға 
бой алдырмай, барын бар деп қана көрсетеді [1, 91-94].    
Ә.Кекілбаев  шығармаларының  тілі  туралы  зерттеулер  мен  ғылыми  пікірлердегі 
деректерді жүйелей келіп, жалпы жазушы тіліндегі «ерекше» (яғни қазақ әдеби тілінің ресми 
сөздік  қорында  кездеспейтін)  сөз-қолданыстарындың  басым  көпшілігі  оқырмандарын  тәнті 
етіп  қана  қоймай,  олардың  ұлттық  таным  көкжиегін  кеңейтуге  де  септігін  тигізетін,  қазақ 
халқының  тарихы  мен  танымынан  дерек  беретін  этнографиялық  атаулар  деп  айтуға  толық 
негіз бар. Мысалы, қазақтың салт-жоралғысын білдіретін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет