Б. Б. Ахметов Редакциялық алқа



Pdf көрінісі
бет50/69
Дата13.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#125769
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69
Байланысты:
zhinak-kongress

 
ӘОЖ 82.09 
ТАЛҒАМ ТАРАЗЫСЫ 
 
Қамарова Н.С. 
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті 
 
Аңдатпа.
  Бұл  мақалада  заңғар  жазушы  Әбіш  Кекілбаевтың  шығармашылығындағы 
тарих пен адам тағдырының біртұтастығы, жазушы прозасындағы терең психологизм, қиял 
мен шындықтың астасуы сөз болады. Әбіш Кекілбаевтың ешкімге ұқсамайтын, талғамы биік 
қаламгер екендігі дәлелденеді. 
Түйінді  сөздер:
  тарих  пен  адам  біртұтастығы,  аңыздық    желілер,  мифтік    мотифтер, 
психологизм, талғам таразысы, т.б. 
 
Көркем  әдебиеттің  әріден  келе  жатқан  басты  мұраты  –  адамзаттың  асқақ  армандар 
жолындағы күресін, парасатын жырлап, жан дүниесінің  сырын шерту. Бұл мақсат ешқашан 
да күн тәртібінен түспейтін маңызды. Талантты суреткер ешқашанда адам мен заманды бөле-
жара  қарамайды.  Cебебі  қоғам  мен  адам  бір-бірімен  тығыз  байланысты  ұым.  Көркем 
шығармада образ – орта – уақыт  бірлігі бөлінбестен тұтастықта алынып, шынайы қалпында 
суреттелуі  тиіс.  Заманымыздың  заңғар  жазушысы  Әбіш  Кекілбаевтің  шығармашылығында 
тарих  пен  адам  тағдыры  біртұтастықта,  бірлікте  көрініс  тауып  өріледі.  Қаламгер 
туындыларындағы  сан  алуан кейіпкерлер жүйесі  тарихтың қилы кезеңдерінен сыр  шертіп, 
кейіпкерлердің ішкі  жан  дүниесі замана шындығы ашатыны ақиқат. 
Біздің  зерттеуімізге  негіз  болғалы  отырған  –  бүкіл  саналы  өмірін  қазақ  әдебиетінің 
дамуына  арнап  келе  жатқан  Маңғыстаудай  қасиетті  жердің  түлегі,  көрнекті  жазушы,  ақын, 
философ,  тарихшы,  мемлекет  және  қоғам  қайраткері,  қазақ  әдебиетінің  ірі  тұлғасы  Әбіш 
Кекілбаев.  Қаламгер  әдебиеттің  барлық  жанрында  қалам  тербеді.  Білімдар  жазушы 
зерттеушілік, аудармашылық шығармашылық табиғатымен де ерекшеленді. 
«Әбекеңді  көргенде  еріксіз  есіңе  Каспий  түседі.  Алыстан  жарысып,  бірімен  бірі 
алысып,  желкесі  күдірейіп,  жалдары  жарқырап,  гүрілдеп,  арқырап  келе  жатқан  бұйра  асау 


204 
 
толқындар келеді ойыңа. Шаншыла көкке атқан, ақ көбік шашқан, бірінің өкшесін екіншісі 
қат-қабат  басқан сол толқындар қаламгердің  сезімтал жүрегін, серіппелі  білегін танытады. 
Әбекеңнің  толғау  толқындары  бұлттай  жүйкіле  көшеді,  Ебі  желіндей  еседі,  оқырманды 
еркіне  қоймай  тарих  иіріміне  үйіріп  алып  кетеді»  -  деп  жазатын  академик  М.Қ.Қозыбаев 
қаламгердің  адами  қадір-қасиетімен  ерекше  жаратылған  жайсаң  тұлға  екендігін  айқындай 
түскен. 
Тарихи  роман  жанрында  полифониялық  үнді  тарих  тілімен  сөйлете  білетін  жазушы 
Әбіш Кекілбаев «Үркер» мен «Елең-алаң» дилогияларының көркемдік-эстетикалық қасиетін 
ерекше  арттыра  түседі.  Романның  негізгі  желісі  Қазақстанның  Ресейге  қосылуының 
тартысты  да  шиеленісті  тарихи  оқиғаларына  құрылған.  Бұл  шығармаларда    аңыздар  мен 
мифтерді халықтың адамгершілік проблемаларымен ұштастырады.  
Әбіш Кекілбаев тарихи танымдық негіздегі деректерді өте көп білетін шежіре десе де 
болады. Ауыз әдебиеті мен аңыз-хикаялар мен мифтерді жетік білгендіктен шығармаларында 
шын өмірдің шыншыл бейнесі жасалып, нақты өмірдің ізі сайрап жатады. Аңыздық желілер 
мен мифтік мотивтер көркем шығарманың эмоциялық әсерін күшейту мақсатында ғана емес, 
кейіпкер  табиғатының  ішкі  рухани  байлығын  динамикалық  түрде  дамыта  түсу  үшін  де 
пайдаланылады.  Фольклорлық  аңыздардың  кейіпкер  психологиясы  мен  ортаны  табиғат 
құбылыстарымен қатарластыра бейнелеуде маңызы зор. Әбіш Кекілбаев «Үркер» мен «Елең-
алаң»  романдарында  Әбілқайыр  образын  сомдау  үшін  сақталған  деректерден  басқа  халық 
жадындағы аңыз-әпсаналарға сүйенеді. 
Халық  аузында  айтылып  келген  аңыздың  тұрақты  сюжетін  жазушы  «Үркер» 
романында  миф  жанрының    үш  түрлі    символикалық    тәсілімен  жүзеге  асырады.  Белгілі 
ғалым С.Қасқабасов үш іс-әрекеттің белгісін былай бөліп көрсетеді: 
1/ құбылушылықтан пайда болған заттар; 
2/сапар, саяхат кезінде пайда болған дүние; 
3/ұрлау,  алып  қашу  нәтижесінде  дүниеге  келген  нәрселер;  -  деп  анықтама  береді. 
Сондай аңыздық сюжеттің бірі - Әбілқайыр түсі арқылы берілетін әпсана. 
Әбілқайырдың    сапарға  шыққанда  табиғат  жаратылысымен  кездесуі,  яғни  ми 
қайнатқан ыстықта қалың құрақ өскен жыланшық  өзенге кез болғаны немесе сапар кезінде  
қалың  қамысты    тулатып  келе  жатқан  бір  күшті  көретіндігі.  Бұл  сәтті  жазушы  былай 
суреттейді:  «Қолын  қорамсаққа  соза  берді.  Қамыс  арасының  оқыс  тарғылданып  бара 
жатқанын  байқады  да,  әлгі  жер-жаһанды  түгел  сатырлатып  келе  жатқан  жойқын  дүниенің 
маңдай тұсы, дәу де болса, осы шама-ау деп, шіреніп тұрып тартып кеп жібереді. әлдене арс 
етіп  жоғары шапшығандай болғасын, бүкір садақты бүгілте тағы да зу еткізеді. Сұлқ тұрған 
сүр қамыс түгел бұлқынып, астан-кестен болды да қалды. Біраз уақыт тулап-тулап, ақыры ол 
да басылды. «Апыр-ау, бұл не екен?» - деп, аяғын ептеп басып, жақындап барып көз тастаса, 
сала  құлаш  сары  ала  жолбарыс  көлденеңінен  түсіп  сұлап  жатыр.  Бұл  шап  беріп  селебесін 
суырып, жақындай түсті. Кенет... Әлгі сұлқ жатқан сары ала жолбарыстың құрсақ тұсы бүлк 
ете қалды да, құлағы  жымиған арлан бөрі  боп атып шығып, қалың құрақтан бір-ақ секіріп, 
қара  адырға  қарай  тұра  ағызсын  кеп»  -  деп  суреттелетін  жері  –  миф  жанрындағы 
құбылушылықтың бір түрден екінші басқа түрге енуіне дәлел. Бұл жерде хикая жанрының да 
элементтері бар.  
Ал  қауіптен  қашу  нәтижесінде  дүниеге  келген    жанды-жансыз  нәрселер  романда 
Әбілқайырдан  қашқан  арлан  бөрі  мен  қызыл  түлкінің  жан  сала  бас  сауғалап  қашу  амал-
әрекеттері  арқылы  іске  асады.  Осындай  жағдайлар  кезінде  жазушы  Әбілқайырды  батыр, 
құралайды көзге атқан мерген ретінде суреттейді. 
Жазушы Әбілқайыр түсі арқылы өткен замандағы қазақ халқының бір жеңнен қол, бір 
жағадан  бас  шығарып,  ортақ  жауларын  күл-талқан  еткен  ерлік  жорықтарын  көз  алдымызға 
елестетеді. Фольклорлық шығармадағы қаһарманның түс көруі ертеден келе жатқан тұрақты 
мотив.  Абылайдың  түсін  жорушы  Бұқар  жырау  болашақ  заманның  кескін-келбетін,  хал-
жағдайын  дәл  жорып  көрсетеді.  Ал  жазушы  Әбіш  Кекілбаев  Әбілқайыр  түсі  арқылы  өткен 
замандағы қазақ халқының бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ортақ жауларын күл-


205 
 
талқан еткен ерлік жорықтарын көз алдымызға елестеді. Автор Әбілқайырдың бұл түсін Мәті 
бидің келіні Патшайымға жорытып, қарияның сөзімен бекіттіре түседі: «Келіншектің аппақ 
жүзіне  лып  етіп  қан  жүгірді.  Жүрексіне  шыққан  бір  әдемі  әуезбен  әңгімесін  бастады. 
Ендеше,  әуелі  суат  басында  судыраған  қамыс  ішінде  жолбарысқа  кезіксеңіз,  ол  баяғы 
халқыңыздың жүрек жұтқан арда кезі шығар. Ол заманда ол кімнен тайсалушы еді. Артынан 
арсылдаған қасқыр боп, өзіңізге тап берсе, оның да жөні бар секілді. Жан-жағынан тап-тап 
берген  сұғанақ  жау  көбейсе,  тайсалмас  батырың  да  қанына  қарайып,  көзіне  қан  толып, 
ызасына мінбей ме? Еліңіздің тап сондай ақикөз кезі кеше еді ғой. Енді ашуға мініп, айбат 
шегіп  те,  ештеңе  бітіре  алмағасын,  қырық  бұлтаққа  салар  қызыл  түлкінің  кебін  кимей 
қайтеді?  Онысынан  да  ештеңе  шықпаса,  құрт-құмырсқаға  айналып  тоз-тоз  болып  кетуден 
басқа жолы қалды ма? Құрт-құмырсқадан қайтадан қызыл түлкіге айналғаны, халқымыздың 
қанша құқай көрсе де, келешегінен күдерін әлі үзе қоймағаны ғой...» - деп жориды келіншек.  

 
Дұрыс айтасың, балам, – деді басын изеп Мәті би.  
« Қазақтың бір кезде ештеңеден жүрегі тайсалмаған арда да, асау да 
болғаны  рас.  Ол  кезде  оны  жолбарыстан  да  жүрегі  шайлықпайтын  нар  тәуекел  ғана 
билей алды. Одан кейін ол тап бергенге шап беріп, көк жұлын арландай намыс қой болды. 
Ол кезде оны алған бетінен өлмей қайтпайтын қайсарлық биледі. Енді, міне, ақылдан пәтуа, 
қайраттан  айбын  кеткен  кезде  халықта  қырқылжың  болмасқа  шарасы  бар  ма?  Бұндайда 
бұлтартпайтын  жерден  бұлтарып  кете  алатын,  жалтарар  жерде  жалтарып  кете  алатын 
әмбебап айла ғана ел қорғаны бола алады. Бойынан алпыс екі айла табылатын билеуші ғана 
өзінің де, елінің де басын аман алып жүре алып, айласыз, әупірім, алаңғасар қайырылмаған 
халық  құрт-құмырсқаның  кебін  киіп,  бет-бетіне  безіп,  бордай  тозып  кететін  алмағйып 
заманның  да  туғаны  шығар.  Мұндай  әркіл-тәркіл  кезде  ел  ұстайтын  ердің  де  жолбастары 
тәуекелшіл  жолбарыс,  ашушаң  арлан  емес,  айлакер  түлкі  болатын  шығар.  Заманына  қарай 
амалы деген осы ғой» /67, 45/, - деп бітіреді. 
Міне,  жазушы  аңыздан  ақиқат  дәуір  туғызып,  сіздің  сол  замандар  шындығына 
көзіңізді жеткізе біледі. Түсті жақсыға жору және оны халық ішінен ыққан Мәті бидей дана 
қартқа қорытындылатып айтқызу  әпсананың реалдық болмысын арттыра түскен. Бұл аңыз-
әпсаналық  хикая  Әбілқайырдың  алға  қойған  басты  мақсаты  ел  билей  ісінде  қандай  жол 
таңдағанын көрсететін кішігірім программасы тәрізді. Аңызды, мифті тек даяр күйінде ғана 
емес,  оған  терең  философиялық  мағына  дарытып,  халықтың  өткен  өмір  өткелдері  мен 
болашақ  тағдырының  жұмбақ  кезеңдерін  суреттеуде  автор  тарихи  шындық  тұрғыдан 
зерделей  көрсеткен.  Әбілқайыр  ендігі  басшының  арандатушы  емес,  қайта  есі  кеткен  елді 
арандатудан арашалаушы болу керектігін түсінеді. Жазушы аңыздың бетінде айталар ойдың 
ығында  кетпей,  астындағы  антитезисіне  мықтап  ден  қойғызады.  Мазмұнын  бір-екі  ауыз 
сөзбен  бітіре  салатын  аңыздардан  үлкен  философиялық  ой  тудыру  Әбіш  қаламының 
стихиясы десек, қателеспейміз. 
Жазушы  қиял  мен  шындықты  өз  шығармасында  бірде  оқиға  арқауында,  бірде 
көркемдік  контраст  беруде,  бірде  қосымша  күшейткіш  мағына  үстеу  ретінде  келтіреді. 
Көркемдік тәсілдің қай-қайсысы да шығармадағы кейіпкердің болмыс-бітімін ашуға қызмет 
етеді. Сондай бір көркемдік тәсіл – түс.  
Әбіш  Кекілбаев  «Үркер»,  «Елең-алаң»  романдарында  түске  ерекше  мән  беріп,  одан 
үлкен әлеуметтік-философиялық астарлы мағына туғызып отырады. Түс кейіпкердің өңінде 
ойлаған ойларын немесе істерінің белгілі бір шамадан өзгеріске ұшыраған түрі. Түс – қазіргі 
қазақ  қаламгерлеріне  халықтың  басты  ауыз  әдебиет  үлгілері  –  флоьклорлық 
шығармаларынан  етен  таныс.  Ә.  Кекілбаев  аңыздық  прозаның  хикая  жанрын  пайдалануда 
көркемдік  тәсілдің  осы  түс  көру  әдісін  үлкен  көркемдік  құрал  ретінде  қолданады.  Қазақ 
прозасындағы ішкі монолог әдісін зерттеуші ғалым Г. Пірәлиева: «Түс – ішкі монологтің бір 
элементі,  яғни  кейіпкердің  көңіл  күйін,  санасындағы  үздіксіз  жүріп  жатқан  процестің  бір 
сәтін бейнелейтін көркемдік тәсілдің бірі» , - деп түсті ішкі монологтың бір элементі ретінде 
қарастырып, қазақ жазушыларының ең көп қолданатын көркемдік құралы екендігін айтады. 


206 
 
Сонымен  қоса  ХХ  ғасыр  көркем  ойының  жеткен  тағы  бір  үлкен  жетістігі  – 
психоанализ.  Алғашқы  көш  бастаушыларының  бірі  швейцар  психологы  және  философы 
К.Густов  Юнг  еді.  Ол:  «невроз  и  другие  психические  заболевание  проявляются  к 
репродукцированию  в  сознаний  больного  архических  образов  и  переживаний,  который 
расматриваются  как  «первичные  формы  адаптаций  человека  к  окружающему  миру»,  -  деп 
ойын тұжырымдайды. Ғалымның бұл айтқан пікірі қаламгеріміздің шығармаларындағы «түс 
көру» тәсіліне де қатысты.   
Хан  мен  қарашасының  қатынасын  суреттеуде  жазушы  қиялы  хронология  мен 
деректер  қорығынан  шығандап  ұзап  шығып,  халықтық  аңыздар  мен  әңгімелерге,  ұлттық 
наным  мен  сенім  толы  мифтік  сарындарға  жиі  барады.  Ұлттық  ойлау  мен  адамзат  ойының 
арасындағы  кейбір  көлденең-кірпіш  кедергілерді  тегістей  отырып,  автор  өзінің  түпкі 
мақсаты  мен  концептуальды  ойына  жету  де  психологиялық  паралелизм  әдісін, 
психологиялық  анализ  жасау  жүйесін  жақсы  пайдаланады.  Бұл  жәйт  халықтық  бейнелерді 
сомдаудан,  солардың  қуаныш-күйінішін  суреттеуден,  сол  секілді,  орыс  елшілері  мен  қазақ 
сұлтандарының  араласу-арбасуларынан  мол  аңғарылады.  Соның  қай-қайсысынанда  да, 
әңгіме  құлағында  тұрар  бір  жан  –  Әбілхайыр.  Ол  қай  тұста  да  өзінің  күнгей-көлеңкесімен 
көрініп отырады. Сызданып отырып, сыр бермей кетер хан бірде бақталас, бәсекелестерімен 
іштей шарпысса, енді бірде шарт үзіліп, ашық айқаста жүреді. Кейде оның дәл қазір қандай 
ойға шомып, нендей шешім қабылдап отырғанын,  қара халықты былай қойып, қасына ерген 
сұлтандары да тани алмай, таба алмай әлекке түседі.   
Екі  романда  да  игі  істің  басында  тұратын  Әбілқайыр  ханмен  бірге  бірталай 
батырлардың  жарқын  образдары  жасалады.  Олардың  ішінде  Бөкенбай,  Есет,  Жәнібек 
батырлар ерекше көзге түседі. Олар – ерлігімен көзге түскен, ақылымен ел билігі идеясына 
ой  қосқан  көсем  еткен  де  батырлық  пен  алғырлық  мінездер,  халық  қамқоры  бола  білген 
азаматтарға деген ел сүйіспеншілігі. Сондықтан бұл образдарда халықтық сипат күшті. Олар, 
негізінен,  халық  ортасынан  шыққан  адамдар.  Бөкенбайдың,  Есеттің,  Тайланның,  тағы 
басқалардың Әбілқайырмен достығын да осындай халықтық мақсат бар.  
Осындай  халықтық  образдардың  бірі  –  Тайлан  батыр  мен  оның  әкесі  Мәті  би. 
Романдағы Мәті – халық даналығының, еркешелігінің, азаматтығының үлгісі десе болғандай. 
«Үркер»  уақиғаларына  естелік  күйінде,  лирикалық  шегіністер  арқылы  араласатын 
Төле, Қазыбек, Әйтеке билер бейнелерінде де әділдік аңсаған халық ойларының, даналықтың 
сипаттары жинақталған. 
«Үркер» де,  «Елең-алаң» да реализмі бай шығармалар. Сол кездегі  қазақ қоғамының 
өмірі, оның көрші елдермен тартысты тіршілігінің алуан түрлі шындығы терең суреттелген. 
Жазушы  тарихи  оқиғалар  ізін  сақтай  отырып,  сол  арқылы  ел  тағдыры,  халық  өмірінің 
кешегісі мен бүгінгісі, ертеңі жөнінде ойланады. Қазақтың ұлттық ерекшеліктері, халықтық 
салт-санасы  ұғым  түсініктеріне  қатысты  материалдар  мол  келтіріледі.  Автор  жақсыны 
мадақтайды, ұнамсыз жайларға сын көзімен қарай жазады. Халықтық жиындар мен ондағы 
ел  тіршілігі,  аға  билердің  өнегелі  сөздері  халық  санасында  қалыптасқан  шешендік  өнер 
поэтикасына  негізделеді.  Шығармада  көрініс  тапқан  ел  тағдырына  қатысты  ақылды  ойлар, 
халықтың  мінез-құлқы  сол  елдің  мекені  болған  даланың  кеңдігін  бейнелейді.  Халықтың 
характерінде  де  осындай  сипат  басым.  Ерлік  те,  сөз  ұстар  тапқырлық  та  сол  ортаның 
шындығынан туады.   
Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» шығармасының терең негізінде жатқан дайын құрылым 
бар. Екі жүз құлаш құдықты бір ғана адамның қазатыны оқырманына қиналыс туғызатындай 
оқиға.  Жазушы  тілінде  «шақырлаған  ақ  тауды  тесіп,  су  шығару»  деген  тіркес  бар.  Мұндай 
қабілет  кез  келген  пенденің    қолынан  келетін  іс  емес.  Бұл  жерде  қара  күшпен  қоса,  әрбір 
тасты  ойып,  тесерде  әрбір  тастың  ар  жағындағы    болмашы  бір  дыбысқа  дейін  аңдап,  жер 
астының  әрбір  жігін,  тыныс-тіршілігін  сезіп-біліп  отыратын  ерен  түйсік  керек.адам  бойын 
тылсым  билегенде,  бір  уыс  болып,  жаның  өзіңе  білінбестен,  әлдеқайда  ұшып  шығады.  Бір 
сәттік  сезім  күйін  адам  өзі  де  аңдамай  қалады.  Егер  тылсым  ұзақ  баурайтын  болса,  онда 
түпсіз  тұңғиық  өзіне  тартып,  құлдырауға  кете  бересіз.  Тән  адам  жанынан  жоғалып, 


207 
 
шырылдаған  жан  ғана  қалады.  Ол  тұңғиыққа  батып,  тылсым  адам  жанында  ұзақ 
тұрақтамайды... 
«Шыңыраудың»  көптеген  жерінде  әлдебір  алыс,  әрі  қатерлі  дүниенің  суық  лепті 
көріністері бар. 
«Көзін  құдықта  ашса  да,  жер  астына  әр  түскен  сайын  бір  жас  қартайғандай  болады. 
Аяғының  астында,  сонау  көзге  түртсе  көрінбес  қара  түнекте,  ол  өмірі  көрмеген  бір  дүлей 
аранын ашып, тісін сақ-сақ  қайрап тұрғандай...» 
«Құдықшының  жалғыз  серігі  –  үрей.  Оны  жан-жағынан  анталап  тұрған  сыз 
қабырғалар да, ту төбеден жылтырап, екі көзін төрт қылып, өзіне телміртіп қойған болмашы 
саңылау  да,  аяғының  астынан  шаянша  шағып  жатқан  сыз  топырақ  та  қорқытады.  Осынша 
азаптанып қазғанда жөнді су шықса жақсы, сол судың кіндігі бір көш бұру қалуы да мүмкін 
ғой. Шықса да ащы боп шыға ма, тұщы боп шыға ма?»   
«Құдықшы  сан  сапат  жер  шұқып,  сан  рет  су  шығарса  да,  өмір  бойы  әлденеге 
сезіктенумен,  өзіне-өзі  сенбеумен  өтеді.  Қазбас  бұрын  әбден  тәптіштеп,  тап  осы  араның 
күмәні  жоқ  деп  қазық  шаншығанмен,  жер  астына  кісі  бойы  түсуі-ақ  мұң,  қалың  күдік 
қайтадан қамап алады. Енді сол күдігі жер астына бір елі тереңдеген сайын өсе береді». 
...Құдықшы  неғұрлым  көпті  көріп,  жер  ортасына  жақындаған  сайын  соғұрлым 
үрейшіл болыңқырайтын секілді.  Ал енді су  әне шығады, міне шығады дейтін күндері  ол... 
өмір  бойы  өлім  аузында  жүрген  кісідей  өң-сұры  қалмай,  қорқыныш  құшағына  біржола 
беріледі... баяғы тәтті арманның бәрін ерсі көріп, өзін есірік санайды...  
Көрдіңіз бе, қасында қосшы жігіттері болса да, құдықшы жалғыз. Құдықтан шыққан 
құм-тасты,  сазды  тартып  шығарып  төгіп  тұратын  жігіттердің  де,  арнайы  келіп  құдықты 
көріп,  қошемет-қолаш  көрсетушілердің  де  құдықшы  жанын  түпсіз  үрей  мен  ессіз 
күдікбилеген  де  түк  септігі  тимей  қалады.  Бойындағы  күш-қуатын  түгел  сарқып,  енді  жер 
астына беттеместей тауы шығылып шықса да, әлдебір әзәзіл күштің жетегімен ол жер астына 
тағы да, тағы да түседі. Әлгі әзәзіл әр шыңырау біткен сайын алдына түсетін мал да (жетпіс 
құлаш жер қазылса, жетпіс тоқты айдайды), қошемет-қолпаш атты аярда емес. 
Байқап  тұрсаңыз,  суық  лепті  көріністер  бірден  еңсені  ауырлатып  жібереді. 
Шығармада  бьективті  процесс  алдындағы  психикалық  күй  адам  жанында  орнығып  болды. 
Ішкі  дүниесіне  терең  иірімге  батқандай  шым  етіп  жоғалу,  еірікі  үрей  мен  түпсіз  күдіктен 
айлар, жылдар  бой көтерумен адам рухын алапат  әрекетке лып келді. Жүздеген құлаш жер 
астындағы    жалғыздық,  түпсіз  ой,  үрей,  күдік  пен  күмән,  елес,  қауіп  құдықшының  бойын 
билеп алған. Адам жанұшырған сайын ішкі бір қатерлі күштің де өшпенділігі күшейе түседі. 
Бұл тартыс   - екеудің біреуі  өлмей тоқтамайтын дәрежеге жетпек. Еңсептің атағы дәуірлеп 
тұрғанда  елде  Хорезмнен  көшіп  келген  Қалпақ  деген  құдықшы  пайда  болады.  Елге  оның 
даңқы  бірден  тарайды.  Қызғаныш  оқиғаны    өршітетін  сияқты.  Шығармаға  Қалпақты 
объективтілік заңдылық әкелді. Еңсеп Қалпақтың бойынан өзі  баяғыдан бері  санасыз күтіп 
жүрген  әзәзіл  бір  күшті  көреді.  Өзге  дүниенің  тылсымы  адам  бейнесінде  келіп  тұрғандай. 
Енді Еңсепті бұл дүниемен байланыстырып тұрған әлсіз жіп үзілді де жүре берді. Содан бір 
жыл бойы мелшиген меңіреу жерді үңги береді.  Шығарма соңында Еңсеп өзін өзі сезінуден 
қалып,  сүймені  тасқа  тией,  тесіктің  өзіне  түсіп,  етпетінен  құлап  түседі.  Еңсеп  зіп-зілдей 
кірпіктерін әзер көтеріп, көзін ашып алып еді,  жан-жағынан ақ түтек боп сарқырап жатқан 
ағын  су  әлдеқайда  алды  да  қайқайды.  Жан-дәрмен  бір  бақыруға  ғана  мұршасы  жетті.  Ал 
Қалпақ  бейнесі  құр  қуыс,  шексіз  түнек  кеңістіктің  бейнесі  болып  келді.  Арада  бірнеше 
жылдар  өткенде  жұрт  Еңсеп  өлген  құдықтағы  суға  қарық  болды.  Жаңбырсыз  жылдары 
қаншама  шыңыраудағы  су  тартылғанымен  Еңсеп  өлген  құдықтағы  су    лықылдайды  да 
жатады.  Шығарма  мазмұны    әлдебір  тұтастық  ішінде  ғана  қабылданатын  ой  ағымына 
құрылған. Автордың жан дүниесінде экзистенция Еңсеп арқылы түзілген.   
Мұндай  психологизм  Кекілбаев  шығармашылығының  өн  бойынан  табылады.  Шын 
мәнінде Ә.Кекілбаев – адам характерін сонылық бейнелеу тәсілдерімен танытқан жазушы. 
Энциклопедиялық  білім  иесі  Әбіш  Кекілбаев  қаламынан  талай  тарихи  тұлғалар 
бейнесі  туды.    Әмір  Темір,  Шыңғыс  хан,  Әбілқайыр  хан,  Шақшақ  Жәнібек,  Абылай  хан, 


208 
 
Әйтеке би, Құрманғазы, Бейбарыс... бұл тұлғалар шын мәнінде қанық бояумен тұлғаланған 
тұлғалар.  Жазушы  С.Елубаевша  айтқанда:  «жазушы  лабораториясының  бір  басты  зерттеу 
объектісі  –  арғы-бергі  тарихтағы  билік  аппараттары,  билік  психологиясы,  адам 
табиғатындағы осынау сұрапыл күштің оң-солын таразылау, талдау».  
Қаламгердің  талғам  таразысы  деген  не?  Ақын-жазушы  атын  иемденген  тұлғаның  ең 
алдымен    жауапкершілігі  мен  талғамы  жоғары  болу  керек.  Бүгінгі    қоғам  мен  жүйенің 
көрінісі  –  тер  төкпей, қиналмай,  өнердің  жауапкершілігі  мен  оның жүгін  сезінбей,  өзін  оп-
оңай әнші-күйші, өнер адамы атай салу  етек алды. Осы бір әдет әдебиетке де келді. Ақын, 
жазушы атану дүниедегі ең оңай нәрсеге айналды. Ақын не жазушы атануға, сол атқа лайық 
болу үшінде қаламгердің шығармасында өз үні, өз айтары, өз қолтаңбасы көрінбесе де, тым 
құрығанда  шығарма  көркем  әдебиеттің  талаптары  мен  өлшемдеріне  сай  болуы  керек  емес 
пе? Кез келген өнердің өз өлшемі, талаптары болатыны сияқты әдебиетте де ойыңа келгенді 
жазып,  бір  жылт  еткен  сәтті  ойдың  қағазға  түскен  нұсқасын  көркем  шығарма  деуге 
болмайтынын  білгеніміз  абзал.  Бұл  орайда  Әбіш  Кекілбаевтың  талғам  таразысын  әдебиет 
атаулыға  үлгі  дер  едім.  Туған  әдебиетімізге  соны  соқпағымен  келген  қаламгердің  тақырып 
таңдауы  да  шығармаларының  көркемдігі  де,  сөз  саптауы  да  бөлек,  ешкімге  ұқсамайтын 
өзгеше.  Кейіпкерлер  сол  өмір  сүрген  дәуірдің  мінбесінен  сөйлейді.  «Мәңгілік тақырыптар» 
төңірегінде ой қозғаған қазақ жазушысы әлем әдебиетімен ағымдас, арналас шығып жатады. 
Болмысы  бөлек,  шынайы,  шеберлікпен  суреттеген  жаңа  эпостың  авторы  халқымыздың 
көркемсөз  өнеріне  рухани  құндылық,  қомақты  үлес  қосты.  Шеберліктің  биік  үлгісін 
көрсеткен жазушы шығармаларын зерделеу, терең  талдаулар жасау әлі де жалғасын таппақ. 
Әбіш Кекілбаев – ешкімге ұқсамайтын, талғамы биік қаламгер. Кешегі мен бүгінгіні 
жалғаған шығармашылығында өзінің биік талғамы мен талап биігінен көрінді. Шығармалары 
адамның терең жан дүниесін зерттеуге бағытталған заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш 
Кекілбаевтың шығармалары қай кезде де құндылығын жоймақ емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет