189
Жас буынға ғана емес, жалпы адамзат атаулыға жаңалық арқылы жақсылық үйрету
тәсілдері сөзден ғана тұрмаса керек. Жан-жақты саналы бағыт, сара жол, сапалы тәрбие, түзу
қадамға сілтейтін қаншама көрнекілік сипаттағы құралдар бар.
Адамзат ұрпағын жалғайтын, келешек тағдырын батыл сеніммен ілгері апаратын
жастар тәрбиесіне қазіргі таңда заманауи талапқа сай тәрбиелік ошақтар қажет-ақ.
Жастарымыздың кітап оқымайтындығы, жат қылықтарға бой алдырғаны, жат ағымдар
ықпалына кете бастағандығы, ойын түйіп, пікірін жинақтап, қорыта әңгіме айта
алмайтындығы секілді толып жатқан «әттеген-ай» мәселелері кез-келген жерде алға
тартылып жатады. Жасы үлкендер арасында «біз жас кезімізде бәлен едік-ау, түген едік-ау»
деп қынжыла отырып жиі айтылатын әңгімелердің куәсі болып жүрген жастар әбден мезі
болып, еті үйреніп кеткендігі сонша, жекелеген жиындарда «Бүгін неге сол қалпыңызды
сақтамадыңыз? Жасы ұлғайғанмен көңіл қартаймайды, іс-әрекет, тәрбие қартаймайды» деп
күңкілдесе пікірін айтып жататындығы жасырын емес. Жаны бар сөз. Алдымен үлгі болатын
өзіміз – ата буын, аға буын ғой.
Светқали Нұржанның «Шыңғыс ханмен шайқас» поэмасындағы:
«Отырарды ойрандаған,
өртеп кітапханасын
Хас қанішер Хан Шыңғыстың өшірейік қарасын!»
Осы ұранды тамызық қып отша шалқып лапылдар –
Киізтұмсық ғалымдар мен мүйізтұмсық ақындар!
Кітапхана табылса егер – оқи қояр
жан құсап,
Екіленіп есіреді «тағындағы» әңгі «шах»!
деген керемет өлең жолдарындағы кейіпкерлер қазіргі таңдағы ең өзекті кітап оқу
мәселесіне келгенде арзан ақылмен аузын ауыртып жүргендер прототипі. Ақын қызыл сөздің
шылауында су татыған жылымық сапырма ақылмен лағып, өркениет әлеміне өзінше
өміршеңдік әкелмекші өпіремдеу, өкініші күштірек, кесірлікке құрылған есерсоқ ессіз
есептің иелерін юмормен іледі. Өлең жолдарындағы нақты тарихи оқиға фактісін
айғақтайтын сенімді деталь мағыналығымен құнды. Өздерін ақтап алғысы келген
тоғышарлардың тұжырымы арқылы әлеуметтік ахуалды әшкерелеген, «тәрбиесіз берілген
білімнің адамзаттың қас жауы екендігін» тағы бір айғақтақтаған мықты дәлел. Ә.Кекілбаев
та: «кітапқұмарлық шек пен шекараны білмейді екен. Расына келсек,
кітапқа немқұрайдылық
та тап солай. Оның да шек шекарасы болмайды. Тек біл миллиард жарлы-жақыбай ғана кітап
оқудан құралақан емес көрінеді. Талай дамыған және дамып келе жатқан елдердегі
миллиондаған сауатты кісі қолына кітап пен журналды тым сирек алады екен. Ал студенттер
мен мектеп шәкірттерінің көпшілігі көз майын тек оқулықтарына немесе болашақ
мамандықтарының жай-жапсарына жұмсайды екен. Қысқасы, кітапқа қалай қарайтынына
қарап, кім-кімнің де болашағын алдын ала біле беруге болатыны даусыз» деп, [1, 31-32]
сауатты жан көп-ау, бірақ сана мен сауатты рухани бітіммен үйлестіре алмағандардың қанша
оқыса да кітап бетін құр парақтаумен бірдей саналатын әрекеті жалқыға ғана емес, жалпыға
ортақ трагедия екендігіне оқырманының көзін жеткізе пайымды пікір қорытады.
Қазіргі таңда ақпарат алудың ең оңай, ең жеңіл, ең тиімді, ұтымды, уақыт үнемдейтін,
әйтеуір артықшылығы көп делінетін интернет желісі көмегіне сүйену десек, Ә.Кекілбаев осы
мәселені де назардан тыс қалдырмай, дәйекті деректермен: «...кітап оқу дағдарысы – біз
сияқты аяусыз қатал экономикалық тұралауды жуық арада ғана бастан кешкен «жауыр»
қоғамдарда ғана емес, көптен бері қоры отайып, қоңы сөгіліп көрмеген іргелі қоғамдарда да
айта қаларлықтай мөлшерде орын алып отырған келеңсіздік. Ендеше, оның біздің бүгінгі
ұлттық кеңістігімізден де тысқары әлемді қамтитын жаһандық себептері да аз болмаса керек.
Оған бұл әңгіменің соңғы отыз-қырық жылды түгел қамтып келе жатқандығы да дәлел бола
алады. Бұндай індеттің күшейгені сонша, өз дін, өз идеологиясын қалыптастырды. «жазба
әдебиет дәурені өтті, ауыз әдебиет дәурені қайта келді», «Гутенберг (баспа өнімдері)
галактикасын Маклюзи (аудиовизуалдық құралдар) галактикасын жұтып қояды» дейтін
сәуегейлер де табылды. Сол тұста АҚШ-тың «Дженерал Эллектрик» компаниясы тәжірибе
жасап, бір адамға бір мазмұнды хабарды текст, радиохабарлама, телебейне арқылы жеткізіп,