Б. Б. Ахметов Редакциялық алқа



Pdf көрінісі
бет45/69
Дата13.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#125769
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69
Байланысты:
zhinak-kongress

ӘОЖ 82.09 
 
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ӨЛКЕ ТАРИХЫ КОНТЕКСТІНДЕ   
 
Тоқбаева Л.Қ. 
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті 
 
Аңдатпа. 
Мақалада  Әбіш  Кекілбаевтың  өлке  тарихына  қатысты  еңбектеріне  шолу 
жасаған.  Әбіш  Кекілбайұлының    шығармаларынан  Әбіш  Кекілбаев  шығармашылығының 
Қазақстан географиясын оқытуда алатын орны да сөз болады. 
Түйінді сөздер: 
Әбіш Кекілбайұлы, өлке тарихы, Маңғыстау ескерткіштері, Қазақстан 
географиясы. 
 
Әбіш Кекілбаев – ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің, әрісі әлем әдебиетінің санаулы сөз 
саңлақтарының бірі. Қалам Әбішті қайраткер атандырды, тек әдебиеттің ғана емес, мемлекет 
пен қоғамның қайраткері. Мырзатай Жолдасбеков: «Маңғыстауда ежелден 362 әулие бар еді, 
363-ші  әулие  Әбіш  Кекілбаев  шығар»-деп  пікір  білдірген  болатын.  Шын  мәнінде  осындай 
заңғар жазушыны әулие деп атаудың еш әбестігі жоқ деп білемін. [1] 
Қазақстанның  Халық  жазушысы,  мемлекеттік  сыйлықтың,  сондай-ақ  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  Бейбітшілік  және  рухани  келісім,  тағы  да  «Тарлан» 
сыйлықтарының  иегері.  Қазақстан  Ғылым  академиясының  академигі,  «Құрмет  белгісі», 


175 
 
«Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев», «Отан» ордендерін өңірінде таққан айтулы 
азамат.Қазақстанда  қаламгерлер  арасында  алғаш  болып  Қазақстанның  Еңбек  Ері  атанды. 
«Түрік  дүниесіне  қызмет»  халықаралық  сыйлығының  лауреаты,  сенатор,  ХХ  ғасырдың 
әлемдегі  ең  үздік  100  жазушысының  бірі  атанған. Бірақ  ол  ең  бастысы  –  жазушы. 
Әдебиеттегі  қадамын  өлеңмен  бастап,  «Алтын  шуақ»,  «Дүние  ғапыл»  кітаптарын  жарыққа 
шығарған,  әдеби  сында  да  біраз  тер  төккен  ол  қара  сөзден  май  қалқып,  тортасын  айырған 
әйгілі прозашы. Бұл саладағы алғашқы әңгімесі «Ажардан» бастап, «Ашбөрі», «Ең бақытты 
күн»,  «Тасбақаның  шөбі»,  «Ақырғы  аялдама» сынды   ондаған дүниелер    туғызған    ол 
бұл  күнде  әлемге  әйгілі  «Күй»,  «Шыңырау»,  «Ханшадария  хикаясы»  сынды  әлденеше 
повесть,  «Үркер»,  «Елең-алаң»,  «Аңыздың  ақырындай»  айтулы  романдардың  «Абылайхан» 
сияқты  кесек  драмалардың  авторы. Қазір  оның  қаламынан  туған  «Автомобиль»,  «Құс 
қанаты»,  «Бір  шоқ  жиде»,  «Шеткері  үй»,  «Бәйгеторы»  хикаяттары  ХХІ  ғасыр 
табалдырығындағы  қазақ  әдебиетінің  алтын  жамбы-озық  үлгілері  болып  табылады.  Әлем 
әдебиетінің  әйдік  сыншылары  мен  зерттеушілері  Әбіш  қаламынан  шыққан  толайым 
туындыларды аударып, төңкеріп «Ол- қазақ әдебиетін трагедиялық хикаят, аңыздық-тарихи 
монументальды романдар үлгісімен байытқан зор талант» деп баға берді.   
Қасиетті  Маңғыстаудың  әрбір  тасы  тарихи  шежіреге  толы.  Бұл  маңғаз өлкенің 
сұлулығы  мен  кереметін  ақындар  жырмен  жеткізе  алмаса,  әншілер  әнмен  сайрап  жеткізе 
алмаған.  Себебі,  Маңғыстау  күннен-күнге  жаңарып,  жасарып  келеді.  Маңғыстау  топырағы 
болашақтан қара таспен тілдескен талай марғұландарды күтуде. Енді осы Маңғыстаудың ой-
қырын  кім  зерттейді,  ән  –жырын  кім жазады  деп  жүргенде, бала  кезің  ұлағат  дана  кезің, 
Тырнап ашқан сен едің дала көзін. Кәрі дала сан ғасыр толғантқанда, Маңғыстауым туа алған 
дарабозым-деп,  -ақын  С.Нұржан  жырға  қосқанындай,  Мырзайырдың  топырағынан  Әбіш 
атты алып кемеңгер, ойшыл, дана, қарапайым сөзбен айтқанда осы бір ғажайып өлкенің қыр-
сырын ашушы, яғни, өзгелерге туған өлкесін таныстырушы бір ұл дүниеге келген еді. 
Әбіш Кекілбаетың  шығармаларының  незгі  түйіні –адам  арасындағы,  өмірдегі, 
табиғаттағы  жарастықпен  келісімдіктің  жаршысы.  Оның  туған  ауылына,  туған  жерге 
арналған шығармаларын шын тебіреністен шын шабыттан, қуаныш  пен сағыныштан туған. 
Әрбір  қазақ  үшін  Әбіш  Кекілбаев  еңбегінің  үлкен  тәрбиелік  мәні  бар. Әбіш  Кекілбев 
Қазақстан  жерін,  оның  ішінде  Маңғыстау  жерін  шығарма  тілінде  сипаттаған  географ 
жазушы.  
«Бір  жақ  мүйісінен  ақсиып  жол  шығып  жатқан  құмақ  жалдың  күн  батыс  бетіндегі 
көлдеу  ойға  дұрыстап  зер  салған  кісі  Маңғыстау  шертер  хикаяның  Түйіндіін  тапқан  болар 
еді...»  деп  бастайды  ол  өзінің  «Ұйқыдағы  арудың  оянуы»  атты  шығармасында.  Бұл 
шығармасында жазушы нақты деректерге сүйене отырып, аса мол қазба байлықтарымен аты 
аңызға  айналған  Маңғыстау  түбегінің  өткені,  бүгіні,  келешегі  жайында  қызғылықты  сыр 
шертеді. 
Ірі  индустрия  орталығына  айналған  өлкенің  экономикасы  мен  мәдениетінің  жарқын 
болашағы мен бүгінгі проблемалары жайлы сөз қозғайды. [2]  
Маңғыстау!  Тұла  бойы  тұнған  құпия-сыр  елі,  360  әулие  мекені.  Оңың  пұшпағы,  әр 
тасы ертегі, әр тобесі мен сайы аңыз. Оны мекен еткен адамдар да аңыз.  Оның жері қандай, 
жер бетіндегі атаулары қандай! Шайыр, Меред, Тамшалы, Өрмелі, Босаға, Сынды, Қаламқас, 
Шерқала…  осылардың  бойында  қаншама  сыр  бар.  Маңғыстау  сирек  қонысты,  табиғаты 
қатаң,  географиялық  тұрғыда  оқшау  орналасқан  аймақ. Әбіш  Кекілбаев  «Маңғыстау 
дариясы-халқының  көкірегінде»  деген  мақаласында,—  Маңғыстауға  құдай  бәрін  берген-
астына  да,  үстіне  де. Маңғыстау  дегенде  Құдайдың  сараңдығы  ұстаған  бір  жері  бар.  Ол- 
біздің  жерге  өзен  бермеген.  Жұртқа  Әмудария,  Сырдарияның  бәрін  бергенде  Маңғыстауға 
Манашының Ащыағарынан басқа ештеме қимаған. Бірақ Құдай әділ болған соң ғана Құдай 
болып  тұр  ғой  деп  ойлаймын.  Сол  жерінің  бетіне  бермеген  дарияны  осындағы  халықтың 
көкірегіне берген,- деген.  
Маңғыстау  географиялық  картасында  ойып  орын  алған,  белгілі  бір  жерде  телінген 
ертегі-  аңыздар  жеткілікті.  Олар:  Қарағантүпе  -  Мерт,  Тамшалы,  Молда  тас,  Таушық-


176 
 
Сарытас  өңірінде  ноғайлы  аңыздармен  қатар  айдаһар  мен  үлкен  жылан  туралы  аңыздар, 
Керелдегі  Қаламқас  ару  аңызы,  тіпті  ең  соңы  Құлбарақ  пен  Балуанияз  батырлар  туралы 
аңыздар. Әбіш   Кекілбаев   Маңғыстаудағы  географиялық  нақтылыққа  ие  болған  аңыз 
ертегілерді былай  топтастырған: 

 
Жер су атауларының мәнін түсіндіретін аңыз ертегілер: 

 
Гоеграфиялық обьектилердің, тау, төбе, т.б сипатын 
Ерсарының қайрағы және Ерсарыға қатысты әңгімелер. Меред сұлу аңызы. 

 
Нақты мифтік топонимдер: айдаһар мен жыландар ауланды, өлтірілді деліетін 
Батыс Қаратаудың төңірегіндегі сай үңгірлер. 

 
Зираттар  мен  құдықтарға  байланысты  аңыздар,  бұл  ертегі-аңыздардың  ең  көп 
бөлігін  құрайды.  Маңғыстауда  өмір  сүрген  мұсылман  әулиелері  туралы  және  кейінгі 
қазақтың киелі кісілері туралы аңыздар.  
Темірбаба жайлы аңыздар. 
Теңіз жағасында аяғын суға малып отырған Темірбаба жер түбінен - Хорезмнен келе 
жатқан  Шопан  атаның  аяғының  дыбысын  естіп  отырыпты.  Қашан  қасына  келгенше, 
үндемепті.  Шопан  ата  қасына  келіп,  жөн  сұрапты.  Темірбабамен  құдірет салыстырғысы 
келетінін  айтады.  «Құдіретіңді  әуелі  өзің  көрсет»-  депті  Темірбаба.  Шопан  ата  таудың 
етегінде жайылып жүрген бір үйір қара құйрықты шөрелеп шақырған екен. Үйірдің алдында 
тұрған текесі етегін жалап, жата кетеді. Шопан ата пышақсыз бауыздап, жіліктеп, мүшелеп, 
терісіне  салып,  алақанымен  бір  сипап  өткенде  теке  сілікініп-сілкініп  алып,  үйіріне  шаба 
жөнеледі.  Кезек  Темірбабаға  келгенде,  ол  балағын  тізесіне  дейін  түріп,  ыңыранып  жатқан 
көк  теңізге  қойып  кетеді.  Теңіз  қақ  айрылып,  Темірбабаның  басқан  жері  қара  жер  болып 
қалыпты. Барып-барып қараса, Шопан ата бұлғалық салып, бұлғап жатыр екен: «Әулиелігіңе 
сендім.  Бұдан  әрі  жүре  берсең,  кәпірлер  келетін  жол  саларсың»,-деп  қайтарыпты.  Қазіргі 
Қара түбек жері содан қалған екен. 
Теңіз жағалай жүріп келе жатқанда, баласы суға кетіп, оны құтқара алмаған Темірбаба 
теңіз  бетін  үш  рет  «Өмір  бойы  осылай  сапырылып  жат!»-  деп  қамшылапты.  Темірбабаның 
қамшысының тиген жері қара жер болып қалыпты. Содан бері теңіздің Форт-Шевченко беті 
тынымсыз сапырылысып, ал, керісінше Бекдашы беті тыныш жатады екен. 
Төлеп батыр жоқ қарап шығып айдалада, жалғыз үй қоныстанған Түрікменнің үйіне 
келіп  қонады.  Қонып  жатқан  үйдің  кісісі  мұның  Төлеп екенін  біліп,  бір  баласын  Көкбөріге 
жібереді. -  Егер  кек алам  деп  жүргені  рас  болса,ертең  кегі  кеткен  адам  осы  жерден 
шығады,барлық түр-түсі осыған келеді.Құныкер осы кісі болу керек,-деп,хабар береді.Ол кісі 
ертесі  күні  қазіргі  Ожабай  әулиенің  тұсында  күтіп  жатады,сол  жерде  екеуі  кездеседі.Төлеп 
оған: -  Мен  жай,  өз  шаруаммен  жүрмін,ешқандай  ұрыс-керісті  қаламаймын,егер  ол  кезде 
менің найзамның ұшы тиген болса,кінә өзіңнен. 
Мен  осы  жерде  қалайда  кегімді  алуым  керек,басқа  уақытта  сәті  түспейді,-деп 
есептеймін деп.Қасында  аз  ғана  қолы  болса  керек,соғыс  басталып  кетеді.  Түрікмен  батыры 
өзі  қолға  түсіп,  жолдастарының  кейбірі  қашып  кетеді.  Аз  жолдастарының  өзіне  көр 
қазғызып, түрікменнің батырын тірілей, басын төмен қаратып, тікесінен көмгізген екен. Ең 
соңғы өлетіндей боп, көметін кезге келгенде, айтыпты дейді: 
Ащыағар  сайдың  бойында  отырған  ноғайлы  ауылдарын  қалмақтар  шабады.  Олар 
ноғайлының ақылшысы Орманбетке бізге көн деп талап қояды. Би көнбейді. Қалмақтар оны 
өлтіріп, қалған он бір биді шақыртады. Он бір би қалмаққа келе жатып, Манашы мырзаның 
үйіне  түседі,  оған  бізбен  бірге  жүр  дейді.  Оларға  Манашының  шешесі  Күйкен  ере 
келеді. Ащыағар сайдың бойындағы қалмақтарға он бір би:  Үш күнде қайтып келеміз, елді 
көндіріп  келеміз  деп,  Манашыны  аманатқа  тапсырып  кетеді.  Бірақ  қорқақ  билер  үш  күнде 
келмей,  ауылдарын  жасырып,  көшіріп  әкетеді.  Қалмақтар  Манашыны  кескілеп  өлтіреді. 
Оның күйігіне  шыдай  алмаған  анасы  Аралтөбе  тауының  бір  шыңынан  ұшып  өледі.  Содан 
бері Ащыағар сайы «Манашы», Аралтөбе тауы «Күйкенұшқан» аталып келеді. 
Олжаның  қызын  (Олжаның  ру  немесе  адам  аты  екені  белгісіз)  күйеу  жігіт  пен 
қалматай  алып  қашады.Соңынан  қуғыншылар  қуып,жеткен  жерінде,әуелі  ,Қалматайды 


177 
 
өлтіреді.  Моласы  қазір  де  бар-  «Қалматайдың  қауымы»  деп  аталады.  Ол  жолдастарына. 
«Сендер  алға  қарай  кете  беріңдер»,-  дейді.кішкенеден  соң,  қуғыншылар  күйеу  жігітті, 
соңынан  қызды  қуып  жетіп  өлтіреді.  Болған  оқиға  батыстан,  шығысқа  қарай  болған  болу 
керек,  қыздың  моласы  күн  шығыста  да,  жігіттің  моласы  батыста.  Қазір  де  үшеуінің  де 
моласы бар, аралары бір-бірінен 3-4 шақырымдай қашықтықта. 
«Осы біз отырған өлкеде бізден бұрын жеті жұрт  келіп, жеті жұрт кетіпті.  Ең алғаш 
қоныстанған жұрт аяғы жеткені аң аулап, аяғы жетпегені жерге өскен шөппен қоректеніпті. 
Аң аулайтын аяғы ұзын еркектерден гөрі шөп отайтын кәрі-құртаң, қатын-қалаш, бала-шаға 
көп  болыпты.  Әсіресе,  балалы  әйелдердің  отыра  қап,  отаған  жерінде  енді  қайтып  түк 
шықпапты. Осы күнгі ойдым тақырлар сол балалы әйелдердің отыра қап шөп отаған жерлері 
екен. 
 Су және құдықшылық кәсіпке байланысты аңыздар 
Су-тіршіліктің көзі. Бұл барлық халыққа тән ақиқат. Оның қадірін білудей-ақ білетін 
қазақ  халқы.  Қазақстанның  көп  жері  бағзыда су  көздерін  негізінен  тұтыну  өлшеміне  салып 
ащы,  тұщы  деп  екіге  бөледі.  Маңғыстау  Үстіртінде  немесе  оған  шектес  аймақтарда  ащы, 
яғни кермек суды мал іше береді. Ащыға әуес түйе үшін ол нағыз таптырмайтын су. Әдетте 
бұл жердің қыр қазағы су көзінің өнімін малға тұщы деп бағалап жатса, түйеден де басқа мал 
ішетін  су  деп  түсіну  керек. Ежелден  су  қадірін  білудей-ақ  білген.  Бұл  жердің  жергілікті 
тұрғындары  үшін  су-  өмір.  Ол  үшін  күрес-  өмір  үшін  күрес.  Өзге  жұрт,  ұлыстардың 
арасындағы арғы-бергідегі жаугершілік жер болғанда мұнда, ең алдымен жер нәрі су көздері 
үшін  қан  төккен.  Сол  алған  жерін  басқыншыдан  қорғап  қалғанмен  де,  қатын-бала,  қара 
қазанның  қамы  үшін  жаңа  өрісті  жаулап  алған  соң  да  мігір  көрмеген,  тыным  таппаған. 
Себебі  жер  ананың  тап  осы  өңірі  бойындағы  нәрін  перзентіне  беруге  келгенде  тым  тар 
қол. Оның  зейнеті  тек  сорға  жетеқабыл  бейнетпен  келген.  Қара  жерді  сүйменмен  айлап, 
жылдап қашап, ойып, су шығарған. Қараштар еңбегі тарихта Египет пирамидаларын салған 
құрылысшылар  еңбегімен  ғана  салыстыруға  болар  еді. Олар  қазып  қалдырған  жүздеген 
шыңыраулар-бүгінде  ортақ  қазына,шөл  даладағы  мәдениеттің  өңіршең  жәдігері,  құрамдас 
бір  бөлігі. Маңғыстаудың  бұл  мұрасы  әлемнің  еш  жерінде қайталанбайды  дерлік  қасиетті 
мұра! Маңғыстаудың бұл қастерлі жәдігерлерін Маңғыстау сияқты Алланың өзі өмір сүруге 
қабілеттілерді  іріктеп,  сұрыптау  үшін  жаратқандай  қатал  өңірде  тіршілік  үшін  күрес 
қаhарманы  бола  алған  халықтың  маңдай  терімен  жасалған  игілік! Өмірге,  құштарлыққа 
орнатылған мәңгілік ескерткіш! 
Маңғыстаудағы  ол  ескерткіштер  –  жұмыр  жер  сауырына  жазылған  тарих!  Олай 
болатыны әр құдық, әр шыңыраудың дербес  өмірбаяны, атақ  жөні,  аңызы, өлең жыры,  әні, 
күйі,  таңбасы  бар.  Оның  әрқайсысының  әйкелінің  көлеңкесінде  бір-бір  Еңсептер 
(Ә.Кекілбаевтың  «Шыңырауындағы»  атақты  Еңсеп  құдықшы)  тыныстап  жатыр.  Әр 
шыңыраудың  иесі  мен  киесі  бар.  Иесі-Төлеп  батыр,  Айтыман  ақсақалдар  болса,  киесі 
солардың  өлмес  рухы  мен  ұрпақтан  ұрпаққа  ұласар  «құдығымнан  жат  атын  суармасын» 
деген аманаты.  
Маңғыстаудың  әр  қырындағы  кейуананың  зарығып  көрген  немересіне  иіген  сыңар 
емшегіндей әр шыңыраудың әр тасы, әр ойығы көп ер балалы үйдің жалғыз қызының бұрым 
ұшындағы шолпысындай. Еспелер мен орпалар тұнып тұрған поэзия! Тілдік қорымызға ене 
кетуден  заман  ағымы  қағыс  қалдырып,  енді  енгенде,  онсыз  да  бай  ана  тілімізідің  шұрайын 
келтіріп, шырайын келістіре кететін неше бір айшықты сөздер сонда қордаланып жатыр. Бір 
сөзбен айтқанда, бұл-бір өзгеше әлем, өзінше өрнекке ие тылсым дүние. Атап айтқанда, әуелі 
су көздерінің өткенін халқымыздың өткен тарихымен бірге қарастырдық.  
Сосын  оның  әр  кезде,  әр  заманда,  әр  мақсатта  зерттеулеріне  назар  аударсақ, 
құдықшылықтың   тек кәсіп    қана емес,  өнер   екеніне    ден   қойдық,  ел  аузындағ  оған 
қатысты  аңыздарға  да  құлақ  түрдік.   Ақотты  –нар  аңызы.  Ең  соңғы  су  шығатын  күнінде 
құдықшы судың көзін ашпай кетеді. Жол жөнекей ашып қойса, ары қарай қаза алмайды. Ол 
құдық тайыз болады, тайыз құдық таңқы болады. Судың қоры көп жиналу үшін су ашылған 
жерден ары қарай тереңдетіп, күшің жетсе, екі-үш құлаштай қылып қазады. Астынан қазған 


178 
 
сайын шығатын  көзі  де  көбейе  береді.  Сол  кезде  су  үстін  жауып  кетпес  үшін,  оның  бәрін 
жолдан  жауып,  сылап,  саналы  түрде  бітеп  отырады.  Осындай  бүкіл  технологияны  білетін 
құдықшылардың  көлігі  түйе  болатын.Таңертең  құдыққа  түседі,кешке  шығады.Осының 
барлығын  сыралғы  көлігі  түйе  арқылы  жасайды.  Ақотты-нарды  қазған  құдықшы  су 
шығатын, жиналатын көзге әлі де 2 күннен кейін жетем деп есептеген. Бірақ су жиналатын 
көз көбірек болған көрінеді. Көзді бірнеше жерден жарған. Судың астында қалатын болған 
соң,  арқанмен  белгі  берген.  Құдықтың  сыртындағылар: «Ол  бүгін  болмаймын,шықпаймын 
деген»,-деп  оған  мән  бермейді.  «Екіндіге  дейін  жайылсын»,-  деп  күнде  шығырға  жегіп 
жүрген түйені аяғын тұсап,жайылысқа жіберген. Енді шыдатпайтын болған соң, қасындағы 
қосымша  жұмысқа  жегіп  жүрген  нарды  алып  келеді.  Бұрын  шығырға  түспеген  түйе  үркіп-
қашып, құдықтың ішіне олай соғып, былай соғып, құдықшының мылжа-мылжасын шығарып 
алып  шыққан.  Содан  сол құдықтың  атында  «нар»  деген  сөз  қалып  қойған.  Сол  оқиғадан 
кейін,  ел  қорқып,  қасына  көп  қонбайды  екен.  Малын  содан  суарып,  ауыз  суды  басқа 
құдықтан алатын болған.                             
Меред. 
Тау бөтерлеп үдере көшкен ауыл кешегі қырғын төбелестің азасынан әлі арыла алмай, 
көңілсіз баяу жылжып барады. Қызылды-жасылды алаша-кілемдер жабылған көш тізбегінен 
көрінім жер алда бір топ ауыл ақсақалдары, одан кейінгі қыз-келіншектер тобы коптен коп 
ұзамай  жай  аяңмен  келеді.  әншейінде  әзіл  күлкі,  бір-бірін  өлеңмен  іліп-қағып  айтысып, 
әсіресе,  мұндай  қысқа  қоныстан  жазғы  жайлауға  бет  алған  көші-қон  сапарында  бой  жазып 
бір жасасып қалатын жастар тобы да көңілсіздеу. Орта тұста қазмайын қаракөк ат үстіндегі 
Меред  сұлудың  ақ  құба  өңі  қуқыл  тартып,  мойыл  көздерінде  мұң  тұнып  қалғандай 
жабырқаулы.  «Су.  Осыншама  елді  зарықтырып,  ен  далаға  сыйғызбай  қырылыстыратын  да-
су.  Жасаған-ай,  осыншама  жапан  түзге  тым  болмаса,  бір  бұлағыңды  қимадың  ба?  әттең, 
қыршын кеткен Матай». Қыз кеше ғана соққыға жығылып мерт болған немере ағасын  есіне 
алғанда,  көкірегі  қарс  айырылып,  күрсіне  берген.  әкесі  бай  болганымен,  Әлімнің  құдіреті 
одан  асып түсті:  бұларды  «Аққұдықтың»  басына  түріп  айдап  шықты.  Екі  жақтан  да  кісі 
өлімі? бұлардан екеу болса, Әлімнен үшеу… Қыз биік жартасты, шатқал құзды нұсқағанда, 
біреулер  «таудың  жылтыр  тасы  болар»,-деп,  екінші  біреулер  «Ойбай,  ол  тегін  болмас, 
шайтанның ойнағы да!»-деп, өздерінше өлшеп пішкен. -Мен білсем, сол су болуға тиіс,-деді 
Меред  атын  тауға  қарай  бұра  беріп.- Құдай  көз  жасымызды  көрген  де! Аттылар  қатерлі 
құздарға  етектен  көз  салып,  ағып  жатқан  бұлақ  суы  екенін  көріп  еді.  Бірақ  құз  басынан 
құлаған  су  етекке  жете  алмай,  шатқал  тастар  арасындағы  құмға  сіңіп  кетіп  жатыр.  Қыз 
жанындағы  бозбалалардың  бірін  жіберіп,  әкесіне  хабар  салды.  «Көшті  кідіртсін»,-деген 
өтінішін  қоса  айтты.  Ақылдылығы  мен  әдемілігі  адай  еліне  тарап,  талайды  тамсандырған, 
алыс-жақыннан  ат  сабылтқан  бозбалаларды  менсінбей  келген  Меред  сұлу  еліне  жар  салуға 
бұйырды: - Бұлаққа жол салған адам кім де кім болса, менің жарым болады! Талай жігіт мерт 
кетеді.  Ақыры  Меред  өзі  бастап,  қалың  елді  жабады.  Шоңғал  тастарды  ұзын  арқан  байлап 
түйемен  аудартады,  әр  адамға  бір  қадам  жер  бөліп  беріп,  қашатады.  Көп  күнгі  бейнетпен 
биік құзды шатқалға көлікті адам жүріп өтетіндей жол салынады. Шатқалға жол салдырған 
сұлу  қыз.
 
Әбіш  Кекілбаевтың  шығармаларынан  орын  алған  өлкеміздегі  географиялық 
ұғымдар:Аджы.  Адым  Ағын  –  ағып  жатқан  су  көзінің  ауызекі  тілдегі  атауы,  суыт  ағын, 
сарқырама ағын. Айдамал- түбірі малды айдау дегеннен шыққан. Елді мекеннен, қыстаудан 
жырағырақ,  малды  айдаңқырап  бапыр  суартын  су  көзіне  қатысты  айтылады.  Жергілікті 
жерде кең қолданыста әдеби тілімізде алғаш қолданып айналымызға енгізген — Ә.Кекілбаев. 
Ақсақ  күнара:  Алғи  –  Маңғыстау  мен  Атырау  қазақтарының,  көбіне  Адайлардың  өлең-
жырларында,  аңыздарында  Х-ХХ  ғ.ғ  бедерінде  қолданылған  аңыздық  жер  атауы.  Айдың 
тууы  (Ә.Кекілбаев,  «Үркер»,  282-б.)  Айырық.  Апажар.  Басқұдық.  Бұршақ  қақ.  Алғаулы. 
Аусар .  Бақтырылу.   Булы   ойық.  Арық.  Ащыбас.  Башартпай.  Дере.  Алыпқашты.  Ащыағар. 
Бел, белдеп салу. Долы. Апан. Ащы ү. Боркемік. Лықу. Аудан. Әйкел. Борық. Әңқу. Атырау. 
Әуез.  Бос  су.  Еспе.  Атаукере.  Әуіз.  Бөгет.  Еру.  Жап.  Қазыңды  топырақ.  Қом  су.  Жарық. 
Қарақатқақ.  Қоңырдаң.  Жарма.  Қанат.  Құдық  ақы.  Жаңбырдың.  Қарғын.  Құдықты  аршу. 


179 
 
Жаңбырдың  түрлері.  Қазандық.  Құдық  байғазы.  Жауынға  қатысты  салт-дәстүр.  Қайдақ. 
Құдық дауы.  Қапы.  Құдық  таңба.  Жұқанақ.  Қауға.  Құдық  той.  Жұтпа.  Қаусап  қалу.  Құдық 
өру.  Жүлге. Қарғын.  Құдық  еру.  Жылымшы бұлақ.  Қарлау .  Құдық  майы.  Жентек  саз. 
Қардың жаууы. Құдық майын седеттеу. Кебіртек. Қашыртқы. Құдық теппе. Кермек. Қолтық. 
Көз. Өлі Қолтық. Құдықтың ашуы. Көктің суы. Қораба. Құдықтың тұшуы. Күдер су. Қолқа. 
Құдық перісі. Күп. Құлан саз. Шыңырау. Қазба. Құлитып ішу. Құдықшы киімі. Құдықшының 
құралы.  Тар  өрістен  кең  шиыр.  Саура.  Құдықшының  жұмысы.  Тасқақ.Судың  ұлы  жобасы. 
Құдықшылар қосы. Тебін.  Су  кіндігі.  Құдық табаны.  Тепсең.  Су  дәмі.  Құдық  үйі.  Тоғыт. 
Суын.  Құйылыс.  Тоқаш  тас.  Сор.  Құртұмас.  Түнемелік.  Суар.  Құрдым.  Түнек.  Сүйретпе. 
Қысырап  жату.  Туырлық  саз.  Сілбі.  Маңсуалмас.  Тұран.  Тұнық.  Метей.  Тұрақ.ТүлейМи. 
Шаңбақ. Мыш. Шүңкілдек. Тас астау. Сардоба. 
Әбіш  Кекілбаевтың  шығармасында  кездесетін  топонимдердің  аттары  мынадай: 
Қандыарал,  Шыңғырлау,  Торыат,  Сүмбетемір,  Қарабұлақ,  Ақшағыл,  Елік,  Құбатау, 
Қарақобда,  Елек,  Қызыл-құм,  Бөтен  тау,  Балқан,  Хантөркіл,  Шөл  тау,  Айғыр  бүгілді, 
Маңғыр,  Жыланды,  Егізлақ,  Қаратүлей,  Есенқазақ,  Түйелі  Жиренқопа,  Бестөбе.  т.б. 
топонимдердің  денін  Маңғыстаудың  топографиялық  картасынан  тауып  алуға  болады.  
ІІ.Қорытынды. Ұлы даланың заманауи шежірешісі.
 
 
Әбіш  Кекілбаевтың  шығармаларынан  Әбіш  Кекілбаев  шығармашылығының 
Қазақстан  географиясын оқытуда  алатын  орны  зор.  Жазушы  шеберлігі  Қазақстанның 
батысынан  шығысына  дейінгі  табиғатты  суреттеуде  анық  көрінеді.  Әбіш  Кекілбаев 
шығармалары  оқушыға  көп  ой  салады. Біз  Кекілбаевты  Батыс  Қазақстанның  тарихы  мен 
мәдени  мұрасын  зерттеушілердің  ішіндегі  ерекше  ірі  тұлға  деп  танимыз.  Оның  әдеби 
шығармалары  мен  тарихымызға  арналған  зерттеулері  қазақ  шеңберінен  әлдеқайда  асып 
кеткен,  бүкіл  түркі  халықтарына  ортақ  екенін  мақтанышпен  айтамыз.  Әбіш  аға–әдебиет 
майданында  кемел  ой,  көркем  сөзімен  белгілі  жазушы.  Қандай  шығармасы  болса  да 
оқушысын  баурап  алады.  Оның  кейіпкері  Еңсеп  –  тек  еңбек  адамы  ғана  емес,  өнер  адамы. 
Абыл  шерткен  керемет  күйлерді  және  тарихымыздың  аса  қиын  кездерін  суреттейтін 
шығармасы   –  халық  тағдырын  жан-жақты  бейнелейтін  туынды.  Қазақтың  атбегілеріне 
арнаған  шығармасы  қандай  болса,  «Автомобиль»  де  сәйгүлікке  мінгендей  делебеңді 
қоздырады.  Өндіріс  пен  геология  тақырыбына  жазған  шығармаларында  да  –  «Ұйқыдағы 
арудың оянуы», т.б. – халқымыздың тарихы қамтылған. Әбіш – барлық дерлік еңбектерінде 
қазақ  елінің  тарихы  мен  тағдырына  тоқталған  және  тарихты   жалықпай  көп  зерттеген 
жазушы. 
«Әбіш Кекілбаев - заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз айту кімге 
болса да оңайға түсе қоймас. Өйткені  Кекілбаевтың өзі бір әлем. Шүкір, қазір сол ғажайып 
әлемді  зерттеп,  оның  ерекшеліктеріне  шұқшия  үңіліп,  Кекілбаевтың  шығармашылық  өнері 
туралы  жазылған  мақалалар  да  бірнеше  томға  жетерлік.  Әбекеңнің  шығармашылық  еңбегі 
туралы  пікір  білдіріп,  еңбек  жазғы­сы  келген  әрбір  адам  бұрынғы  айтылған  сөз,  жазылған 
дүниелерді  қайталағысы  келмей,  тың  жол  тапқысы  келетіні  де  табиғилық.  Оған  қоса 
Кекілбаевтың  өзінің  әлем,  қазақ  тарихының  көрнекті  адам­дары,  замандастары,  осы 
заманның,  біздің  қоғамның  құбылыстары,  бағыт-бағдары  туралы  толып  жатқан  ой 
толғаулары  да,  публицистикалық  шығармалары  да  елге  белгілі.  Кекілбаевтай  шешендікпен 
сөйлеп, Кекілбаевтың шеберлігіндей жазу  - тек сол Әбекеңнің үлесіне тиген жеке тұлғалық 
ерекше қасиет»-деп Қуаныш Сұлтанов өз ойын айқын жеткізген еді. Расында да қазіргі таңда 
Әбіш  әлемін  зерттегісі  келетіндерге  қарағанда  зерттеп  жүргендердің  қарасы  көбейді.  Бұл 
қазақ әдебиетіне жанашырлық танытатын жандардың көбейгеніне дәлел [3]. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. 
https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/42084/
 
2. Ә.Кекілбаев. Ұйқыдағы арудың оянуы. Алматы, «Қазақстан», 1979 ж. 
3. 
https://mangystaumedia.kz/24/42173/ 


180 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет