166
Біреудің қолынан келген өз қолымнан келмейді деп төмендемеңдер, біреудің қолынан
келгенді өзім неге өсітпедім деп күндемеңдер»,-деуші еді жарықтық. Әбіш сол ұстазы
айтқандай өзін ешкімнен артықпын деп те, кеммін деп те санамайтын» [1].
Нұрлан Оразалин «Аңыз бен ақиқаттың алып кеңістігі» атты ой-толғамында: « Әбіш
Кекілбаев туралы
ойланған сайын менің есіме ылғи да қазақтың ісмер қара шалдарының
қолынан шыққан осындай бір қазақы талбсік елестейді. Кең даламыздың қай қиырына
барсаң да алдыңнан шығып, әр үйдің жылы төрінде тұратын, басына үкінің қанаты
байланған
кәдімгі қара бесік!...
Қара бесіктің құндағына бөленіп, балбырап, ана әлдиінің құшағында жатқан қара
баланы көретіндейсің... Қара бала қазақ халқының арғы-бергі ұлан-ғасыр тарихын жадына
тоқи жүріп, топты жарар шешенге, рухани әлеміміздің көшін бастар көсемге, кемел
суреткерге, көрікті қаламгерге, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткеріне, Қазақстанның
халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері кәдімгі ел білетін Әбіш Кекілбаевқа
айналды» [1, 84-93 бб.].
Сауытбек Абдрахманов өзінің «Сардар. Ділмар. Елдар» атты мақаласында Әбіш
Кекілбаевтың мәдениеттанушылығы туралы ойларымен бөліседі. Автор ХІХ –ХХ ғасырллар
айырығында британ этнологы Э.Тайлордың «Мәдениет ... тұтастай алғанда білімнен, сенім-
нанымнан, өнерден, парасаттан, заңдардан, әдет-ғұрыптар мен адамның қоғам мүшесі
ретінде бойға сіңірген басқа да қабілет-қарымдарынан құралады» деген мәдениеттің
классикалық анықтамасы мен Ә.Кекілбаевтың еңбектеріндегі мәдениеттану теориясы
тұрғысынан назар аударарлық жайларды салыстыра қарастырады. «Қаламгер жазғандарында
мәдениет тар аяда қарастырылмайды. Биік талғамсыз биік парасат жоқ. Ал биік парасат-
үлкен жауапкершілік. Рухани бедерсіздік саяси тәуелсіздікті де тәрк етеді. Тойған
тоғышарлыққа халықтың, адамның азаттығы емес, нәпсінің азаттығы керек. Мәдениет
дегеніміздің өзі-адамдардың өздерін қоршаған орта және әлеуметтік аяны өзгертіп, сол екі
ортада өздерін де өзгерте білу қабілеті. Бір ұрпақ екінші ұрпаққа тек өмір сыйлап қана
қоймайды екен, оны адамзат адамзат болғалы мәдениет деп атап келеді екен. Оспадарсыз
озбырлықтан түпкілікті опат болып кетпеудің де, өткенмен бірге өшіп, өлгенмен бірге құрып
бітпеудің де жалғыз жолы-мәдениетті өркендету екен. Мәдениет, қазақша айтқанда кісі
тануға, ел тануға, жер тануға, сөз тануға баулиды». Сонымен Бірге Сауытбек Абдрахманов
Ә.Кекілбаевтың сөз орамдарына да тоқталып өтеді: «Кешегіміз түгенделмей, бүгінгіміз
бүтінделмейді», «Бүгінгі тәуелсіздік-біреудің емес, күллі дүниенің ахуалына тәуелді болу»,
«Өліп-талып қолымыз зорға жетір отырған тәуелсіздіктің қадірін білмей, өйтіп
шолжаңдайтындай біздің қазақ құдіреті күшті құдайдың не туған құдасы, қарын бөлесі емес.
Мынау жарық дүниедегі өз түтінін өзі түтетіп жатқан қалған халықтар нені көрсе, соны
көруге тиіс, нені білсе, соны білуге тиіс», «Тағдырға төтеп бере алған пенде кісілікке
жетеді», «Елдік жоқ жердің бәрі-тамұқ, Теңдік жоқ жердің бәрі-көр» [1, 94-102 бб.].
Әбіш Кекілбаев өзінің қоғамдық қызмет пен саясатқа қалай келгені туралы 1995 жылы
«Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатында: «Адамдар мен халықтардың арасындағы
жарастыққа қызмет ету-менің суреткерлік те, азаматтық та парызым... Мен әдебиетші
болмасам, саясатқа келмес ем. Суреткер болмасам, күрескер де болмас ем. Бұрын суреткер
ретінде толғандырған мәселелер – мені азамат ретінде де толғандырып жүрген мәселелер еді.
Қиял арқылы шешіп келген мәселелерге нақты өмірде тікелей атсалысуға мүмкіндік туып
тұрса, одан қалайша бой тартамын? Оның үстіне, қай кезде де қаламгерлік еңбекті қоғамдық
қызметпен ұштастырып жүрген адаммын» деген еді [2].
Әбіш Кекілбаев «Сыр десте» кітабындағы «Тәуелсіздік толғауы» бөлімінде елдің
тәуелсіздігі туралы былай ой қалдарады: «Біздің ел болмағымызға шүбә келтіргендер де
табылады. «Қайда барар дейсің, ертең-ақ бастарын иіп өздері келеді»,-деп кергігендер де
баршылық. «Енді бізге ермегенде кімге ереді дейсің?» ,-деп масайрап масанттанғандар да аз
емес. Дәл осындай аума-төкпе, кіресілі-шығасылы заманда өз мүддесін толық, өз мақсатын
анық білетін қауымдар ғана аяқ-жөніне мұқият бола алмақшы. Азаттықтың асау тұлпарының
тізгігіге тұтымды уыс, тегеурінді тақым, тереңнен толғап, алыстан барлап, қапысыз шешім
167
тата алар кемел ақыл иелік ете алмақшы. Өзімізді өзіміз шыңдап, өзгеге есеміз кетпейтіндей
боп, ар-намысқа тырысуымыз керек. Ар-намыс қана тәуелсіздікке тірек бола алады.
Тәуелсіздіктің бағы сонда ғана жанады» [3].
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінде «Бүгінгі отаншылдық – төзім, бүгінгі ерлік –
сабыр, бүгінгі елдік – тыныштық», – деген Әбіш аға, саналы өмірі мен бар болмысын сол
тәуелсіздіктің тұғырын бекітуге аямай жұмсаған қайраткерлік қырынан да танылды.
Ә.Кекілбаевтың «Тарих пен тәуелсіздік» туралы айтылған ой-толғамдары: «
Біздің тарих –
тақсіретті тарих. Сондықтан да оның ащы-тұщы тағылымы мол. Дәурендеген
замандарымызды айтып дарақыланбай, дәурен тайған замандарымызды айтып қаралай сары
уайым сапырмай, оның қалай болып, қалай қойғанын терең пайымдап, озған тұстарымыздан
өнеге тауып, опық жеген тұстарымыздан қорытынды шығарып, жан-жақты тағылым
алмайынша, бүгінгі жасампаздық керек салиқалы ұлттық санаға қол жеткізе алмаймыз.
Отаршылдық озбырлықты өрбітеді. Озбырлық жалаға жүгінбей тұрмайды. Тарихтағы талай
қиянат көпе-көрінеу жалақорлықтан басталған. Өркениеттік бейқамдық – кешегі
жеңгендердің ұрпақтарын бір кезде олардан жеңілгендердің ұрпақтарына кіріптар етті.
Бодандық дегеніміз – обал-сауабыңды біреуге артып, құдайдың салғанына көну. Бостандық
дегеніміз – өз тағдырыңның жауапкершілігін өз мойныңа алып, өз қамыңды өзің қамдау.
Көшпенді тұрмыс құлақ кесті құлдықты, діни фанатизмді, әлеуметтік көнтерілікті, билікке
бас ұрушылықты мойындаған емес. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Өзіңе иілгенге иіл:
ол – әкеңнің құлы емес, өзіңе шүйілгенге шүйіл: ол – Құдайдың құлы емес» дейтін қағиданы
әліге дейін ұмытпай келген теңдікшіл, бостандықшыл халықтың жігерін тоталитаризм
біржолата жер жастандырып кете алмады. Кешегі кенеуі кетіп тұрған қызыл тоталитаризмге
алдымен қол көтерген қауымбыз. Азаттыққа жету қандай қиын болса, азаттыққа үйрену де
сондай қиын. Азаттықтың асау тұлпарының тізгініне тұтымды уыс, тегеурінді тақым,
тереңнен толғап, алыстан барлап, қапысыз шешім таба алар кемел ақыл иелік ете алмақшы.
Тәуелсіздік – тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік. Тәуелсіздігімізді сырттың
алакөздігінен, іштің алауыздығынан аман сақтап қалу – біздің тарих алдындағы ең басты
парызымыз» [4].
Ә.Кекілбаев елді рухани дерттен сақтандыру, тіл тазалығы мен рух биіктігін сақтау
мәселесі туралы былай ой бөліседі: «Мәңгүрттік-барлық ғасырда бар құбылыс. Аздың емес,
көптің басындағы құбылыс. Мәңгүрттік – тек тіліңді ұмыту, тегіңді ұмыту емес. Тілің мен
тегіңді ұмытқаныңды да байқамай қалатындай әлеуметтік жетесіздік. Өзіңді ғана ойлап,
еліңді ұмытып кететін пасықтық. Бүгінгіні ойлап, өткенді ұмытып кететін парықсыздық.
Бүгінгіні уайымдап, ертеңгіні уайымдамайтын тайыздық. Ондайлар қайда жоқ?!
Тек ана тілін
ұмытқандарды жазғыру әділдік емес. Ана тілінде сайрап тұрған да талай мәңгүрт толып жүр.
Ең басты мәңгүрттігіміз-өзімізді дұрыс бағалай алмайтындығымыз. Әр нәрсені бір
сылтауратып, өзімізді өзіміз кеудеден итеретініміз. Басқаларға өкпелеудің жөні жоқ. Сыйлай
білетінді сыйлай білмейтін кісі жоқ. Жаңаның жақсылығын, ескінің қадірін білмеген адам
бәрібір біле алмайды. Таңсықтың соңынан жүгіре жөнелу бейтаныс жолаушының соңынан
далақтап шаба жөнелетін әупілдектерді еске салады. Көбі саққұлақтықтан емес,
әңгүдіктіктен әупілдейді. Қәзіргідей заман өзгеріп жатқан тұста құдай сондай әлеуметтік
әңгүдіктер мен әупілдіктерден сақтағай» [5].
Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарған Қырымбек Көшербаев «Ғұлама тұлға,
ғибратты ғұмыр» атты ой-толғауында Ә.Кекілбаев туралы былай сыр шертеді: «Әбіш аға-ең
алдымен сөз гергері, қаламгер. Оның қаламгерлігі туралы қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі
Мұхтар Әуезовтан бастап, талайлар орынды бағасын бергені белгілі. Жұмекен Нәжімеденов
айтқандай Әбіш аға «екі кеме емес, үш кеменің басын» ұстаған қаламгер. Оның адам
жанының нәзік қабаттарына ала жөнелетін ойшылдығы, талғампаз суреткерлігі, терең
мазмұндық және психологиялық ізденістері, мол бояулы тілі, тағы да басқа шығармашылық
қырлары оқырманға ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес өзінше бөлек әлем. Қазақи сананың
биігіне, жүрек толғанысының тереңіне бойлағың келсе, осы әлемді құрайтын шығармаларды
бас алмай оқып шығу міндет. Түсіне білгенге Әбіш Кекілбайұлының қаламынан туған
168
шығармалар бізді кісілік пен адамсүйгіштікке тәрбиелейтін, кейінгі ұрпақтың бойына
намысшыл тарихи сана дарытатын интеллектуалды қазына» [1, 7-9 бб.].
«Тарихтың жалай да сараң деректерінен нағыз шынайы көркем шығарма тудыру үшін
бір-ақ жазушы тер төгеді. Ондай орасан істі құдайдың оң көзі түскен, қаламын періштелер
тербеткен, мыңнан, а бәлкім миллионнан біреу ғана атқара алады. Әбішке тағдыр сондай
үлес бұйыртқан. Әбішке осындай мол дарын берген құдірет оған бай мінезде берген»,-дейді
Шерхан Мұртаза [1, 394 б.].
Әбіш Кекілбаевқа тән қасиеттердің негізі-ойшылдық. Ойшыл Әбіш біркүнді,
пендешілік қарекетінің аясында қалмайды, ол өткен заманға бойлайды, бүгінгі күнді
ойлайды, тарих тағылымыга сүйеніп, болашақ туралы толғайды. Ойшыл Әбіш бір ұлттың
перзенті емес, адамзат перзенті.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Әбіш Кекілбайұлы-Қаламгер. Қайраткер. Саясаткер. А., 2009., 56-57, 67, бб.
2.
Ә.Кекілбайұлы 12 томдық шығармалар жинағы. 9-т. 397-398 бб.
3.
Ә.Кекілбайұлы. Сыр десте. А., 1 т. 60-61 бб.
4.
https://turkystan.kz › tulqa
5.
// Егемен Қазақстан. №213, 2 қараша, 1995 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: