Б. Б. Ахметов Редакциялық алқа



Pdf көрінісі
бет42/69
Дата13.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#125769
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   69
Байланысты:
zhinak-kongress

 
 
 
 
 
 
 
 


162 
 
ӘОЖ 82-31 
 
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ «ХАНША-ДАРИЯ  ХИКАЯСЫ» ПОВЕСІНДЕГІ 
ШЫҢҒЫС ХАН БЕЙНЕСІ 
 
Садықова А.Т. 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қауымдастырылған 
профессоры, ф.ғ.к. 
З.З. Шакиров 
«Филология» мамандығының 4-курс студенті 
 
Аңдатпа.
 Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері 
Ә.  Кекілбаев  шығармаларын  тереңірек  оқып,  зерттеген  сайын  оның  біз  білмейтін 
зерттелмеген  қырлары  мен  сырларының  әлі  де  көп  екендігін  ұғындық.  Оның 
шығармаларының  маңыздылығы  мен  құндылығы  уақыт  өткен  сайын  арта  түскендей.  Төл 
әдебиетіміздің түрлі  жанрында қалам тербеген жазушының аңыздар мен тарихи деректерге 
толы  шығармаларында  халқымыздың  өткен  өмірін,  тарихи  құндылықтарды  асқан 
шеберлікпен жеткізеді.  
Түйінді сөздер:
 қаламгер, тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан, философиялық ой-толғамдар, 
адам тағдыры, даралық қолтаңба.  
 
 
Қазақ елі Тәуелсіздік алып, тұғырын тіктегеннен кейін елдің қамын ойлап, сол жолда 
қалам  тербеп  жүрген  жазушылар  мен  ақындар  ел  саясатын  жүргізуде  билікке  тартыла 
бастады, өйткені  осындай білікті азаматтардың кеңесі  мен бағыт-бағдары өте қажет  болды. 
Сол  тұлғалардың  арасында  көрнекті  қаламгер,  мемлекет  және  қоғам  қайраткері,  философ 
жазушы  Әбіш  Кекілбаев  та  бар  еді.  Қаламгер  әлеуметтік  және  экономикалық  мәселелерді 
тереңінен  зерттей  отырып,  ел  болашағы  мен  көп  ұлтты  мемлекеттің  әл-ауқатын,  тыныс 
тіршілігін  өз  шығармаларына  арқау  етті,  ел  мен  жердің  мүддесі,  халық  тағдыры  олардың 
тұрмыс  тіршілігін  еш  уақыт  назарынан  тыс  қалдырмады.  Оның  шығармашылығында 
айтылған ұлттық болмыс: мәдениет пен сөз мәйегі, тіл мен әдебиет, дін мен діл, тұрмыс-cалт 
пен тарихи дәстүр, елдің болашағы басқа да сан алуан құбылыстар автордың дүниетанымдық 
көзқарасындағы  ерекшеліктерінің  күре  тамырын  зереледі.  Қалаигер  туындыларын 
психологиялық-философиялық  деңгейінде  байыптап-бағдарлау  халық  пәлсапасының 
тартымдылығы  және  дүниетанымын  көрсете  келіп,  халқымыздың  өзіне  тән  ерекшеліктері 
арқылы  әлем  дәрежесіндегі  мәдени  ғаламшарынан  орын  алды.  Неміс  кітап  баспасы  Әбіш 
Кекілбаевты «Жиырмасыншы ғасырдың ең көрнекті жазушысы атты кітапқа енгізді.  
Жазушы  Бексұлтан  Нұржекеев:  «...Оның  тұңғиығы  терең,  ойлы  сөздерінен  ерте 
есейген,  жастайынан  көсемдікке,  әсемдікке  құмартқан,  қарттың  даналығын  бала  жастан 
бойына  дарытқан,  бай  қазыналы  да  қызырлы  етіп,  тәңірім  терезесін  теңдей  биік  етіп 
жаратқан»,-деп баға берген.  
Жазушы  мемлекет  ісіне  араласа  жүріп,  қоғамдағы  маңызды  оқиғаларға  үн  қосып, 
саяси  мәселелерге  қалам  тартты.  Оның  қаламынан  «Күй»,  «Шыңырау»,  «Ханша  Дария 
хикаясы» повестері мен «Аңыздың ақыры», «Елең-алаң», «Үркер» романдары, «Абылай хан» 
драмасы,  әсіресе,  Тәуелсіздік  жылдарында  жазылған  публицистикалық  шығармалары 
қаламгердің ой жүйріктігі мен тарихи танымын танытты. Қоғамдық істерінде ел тағдырына, 
қоғамда болып жатқан оқиғаларға бейтарап қарай алмайтын еді»,-деп жазады замандастары 
өз естеліктерінде.  
Әбіш  Кекілбаев  шығармаларының  негізгі  арқауы  –  тарихи  тақырып.  Жазушының 
тарихи  шығармаларының  өткен  ғасырдың  алпысыншы  жылдарының  аяқ  кезінде 
жазылуының  да  өзіндік  себебі  бар,  өйткені  осы  кезеңнен  бастап,  кейінгі  онжылдықтарда 
тарихи тақырыптың қазақ әдебиетінде үлкен бір толыққан кезеңі болды. Қаламгердің тарихи 
тақырыпта  жазылған  шығармаларының  бір  ерекшелігі  –  жазушы  кейіпкерді  оқиғалар 


163 
 
желісінен  жалаң  алмайды,  автор  өзіне  тән  байсалды  баяндау  арқылы  психологиялық, 
философиялық  тереңдікті  танытады.  Тарихи  тұлғаларды  бейнелеуде  кейіпкерлерінің 
моральдық  бейнесін  жасауға,  ел  аузындағы  аңыз  шежірелерден  бүгінгі  күннің  көкейкесті 
мәселелерін  көтеруге  баса  көңіл  көлді.  Әлеуметтік  белсенділігі  қажет  болып  тұрған  тұста 
оның тұтас қоғам мен тарихи оқиғаларға, халқымыздың рухани мерейіне қатысты көптеген іс 
шараларды жүзеге асыруға көмектеседі.  
Соның бірі – ежелгі ескерткіштерді, заман тарихын зерделей келіп, танытуда үлкен іс 
атқарды.  «Мұра  –  ол  тек  жәдігер  мен  тарихи  ескерткіштердің  жиынтығы  емес,  ол 
адамдардың  дәйім  күрделі,  дәйім  белсенді  іс-әрекеттерінің  барлық  жиынтығы  мен  жемісі, 
нәтижесі мен тағлымды тағдыры»,-деді[1]. 
Жазушының сыршыл көркем туындылары әлемге мәшһүр аңыздар мен әміршілердің 
табиғаты мен құдіретті ойларын, сол замандағы тұрмыс-тіршілік пен өмірді суреттеп, көруге, 
көкірек көздерінен өткізуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан алғанда Әбіш Кекілбаев – қазақ 
әдебиетіне  философиялық  үдеріс  енгізген  жазушы.  Сонымен  қатар,  шығармаларында 
психологизм элементтері де мол. [2].  
Ә.  Кекілбаевтың  тарихи  еңбектерін  зерттеп  зерделеуші  Ж.  Дүйсенбаева  жазушының 
тарихи  деректерден  ауытқымай,  тұлға  таныту  шеберлігін,  тарихи  деректер  мен  халықтың 
аңыздарды қоса отырып тұлға жасау, тарихи деректерді көркем қолдану шеберлігін ерекше 
атап өтеді [3]. 
Жазушы  Ә.  Кекілбаев  «Үркер»,  «Елең-алаң»  шығармаларында  тұтас  бір  кезеңнің 
саяси  мәдениетін,  еліміздің  тыныштығын,  ұлт  алдындағы  мәселелерді  қарастырса, 
«Тасбақаның шөбі», «Көлденең көк атты» әңгімелері мен «Күй», «Ханша-Дария  хикаясы», 
«Шыңырау», «Бәсеке», «Бәйгеторы», «Бір шоқ жейде» повестерінде адам өмірінің әлеуметтік 
болмысын,  өткені  мен  бүгінін  және  болашақтың  маңызды  мәселелерін,  адам 
психологиясының  алуан  түрлі  иірімдерін,  мұрат  мүддесін,  салт-дәстүрін  нанымды  қозғай 
білген.  
Адам  психологиясын  терең  ашуда  көркемдік  компоненттердің  бірігіп,  кейіпкер  жан 
дүниесіндегі  қозғаушы  күш  пен  жағдайды  асқан  шеберлікпен  жеткізу  –  жазушының  жиі 
жүгінетін  тәсілі.  Мысалы,  Ә.  Кекілбаевтың  «Аңыздың  ақыры»  романы  мен  «Ханша  Дария 
хикаясы» повесі бастан аяқ түстен тұрады десе де болады. Аталған шығармалардың идеялық, 
көркемдік тұтастығын құрайтын ішкі монолог кейіпкер бейнесін ашып тұр.  
«Ханша Дария хикаясы» атты повесіндегі оқиғаның өмірге келуіне түрткі болған жайт 
–  Шыңғыс  ханның  түсі.  «Жалпы  қазақ  әдебиетінде  түс  көру  тәсілін  жан-жақты  дамытып, 
оның  түрлік,  көркемдік,  символдық,  мифологиялық,  психоаналитикалық  т.б.  варианттарын 
жасаған,  оның  әрқайсысының  көркемдік  кеңістігі  мен  поэтикасын  көркейткен  жазушы  да 
Әбіш Кекілбаев»,-дейді ғалым Г. Пірәлиева [4].  
Келесі  бізге  объект  болған  шығарма  Әбіш  Кекілбаевтың  «Ханша-Дария»  хикаясы 
атты хикаяты. Күрделі тұлға туралы туралы дерек те күрделі, сан түрлі. Нақтылықтан болжау 
басым.  Ұлы  қаған  өмірінің  соңы,  қазасы  туралы  да  әртүрлі  айтылады.  Соңғы  кездері  қазақ 
жұртында Шыңғыс хан туралы екі көзқарас бар. Біріншісі Шыңғыс хан шабуылынан кейінгі 
қыпшақ тайпалары ғана емес, көптеген халықтардың саяси және экономикалық жағдайының 
нашарлауын,  әлсіреуін,  яғни  зардабын  көрсетеді.  Екіншіден,  Шыңғыс  ханды  жақтайтын, 
яғни оның жаулап алушылық саясатының прогрессивтік мәні жөнінде пікір айтушылар бар.  
«Шыңғыс  хан  өлімі  туралы  тарихшылар  пікірі  де  әртүрлі:  бір  деректерде  үнді  елінен 
жорықтан келе жатып, ауырып өлсе, енді бір деректерде Арбух тауында құлан атып жүріп, 
аттан  құлап  өліпті  дейді.  Қытай  тарихшылары  басқа  дерек  айтса,  маңғұлдың  кейбір 
тарихшылары Таңғұттың асқан сұлуы Гүрбелжіннің қолынан өлді дегенді айтады.  
Біз  талдайтын  хикаятта  осы  соңғы  нұсқа,  моңғолдың  тарихшыларының  келтірген 
деректері көркемдік шешім табады. Ел аузындағы аңыз бен тарихи дерекке сүйенген жазушы 
көргені  мен  естігенін  көркем  дүниеге  айналдырған.  Тарихи  тақырыпқа  жазылған  бұл 
шығармаға  Шыңғыс  хан  тұлғасына  қатысты  аңыз  негіз  болғанымен  жай  фон  үшін  ғана 
алынғаны шындық. Шығармада тарихи дерек нақты суреттелмейді. Шыңғыс ханның әлемді 


164 
 
тітіренткен қаталдығы мен жауыздығына байланысты аңыздарды автор ой сүзгісінен өткізе  
отырып,  өз  мақсатына  орай  жаңғырта,  жетілдіріп  пайдаланады.  Шығармада  арпалысқан 
айқас  та,  кескілескен  шайқас  та  суреттелмейді,  бірақ  ой  ағымы  психологиялық  талдау 
арқылы автордың философиялық пайымы оқырманды терең тебіреніске жетелеп, зұлымдық 
пен жауыздық, тәнқұмарлық пен қанқұмарлық жайында сыр ұқтырады.  
Енді тілкелей шығарма желісіне көшсек, Ұлы қағанның ұйқыдан оянып, саусағындағы 
жүзіктерін  түгендеуден  басталады.  Он  саусағында  тұрған  он  жүзіктің  өзіне  тиесілі  тарихы 
бар. Жазушы сол оқиғаларға шолу жасап шығады. Шыңғыс хан өзіне бас имеген, қаһарынан 
именбегендердің  басын  алып,  жүзігін  тағып  алып  отырған.  Әлемді  тітіренткен  ұлы 
жиһангерге  бас  имегендердің  жүзігінің  көптігіне  тоқталады.  Демек,  қаған  қанша  қаһарлы, 
айбарлы болса да, оған бас имей кеткен қарсыластар аз болмаған. Жазушы шығарма басында 
осыған  бір  назар  аударады.  Бұл  өз  алдына  келген  адамның  қай-қайсысының  да  жүзік 
сақинасын  кесіп  алып  тағып  жүреді.  Адамдар  неткен  көзсіз,  неткен  өжет.  Тап  бұдан 
именбейтін адам түбі  бір жолығар деп ойлап еді, ондайлардың тек сақина-жүзіктерінің өзі 
бірнеше  керуенге  жүк  болды.  Бұл  қарекеті  өрлік  пен  ерлік  түгілі,  мешкейлікті  де, 
дүниеқоңыздықты да жеңе алмады.  
Таңғұт  елін  жаулау  сапары  бір  қарағанда  әйел  үшін  басталғандай  көрінгенімен, 
көреген  ханның  екі  қоянды  бір  оқпен  атқандығын  көреміз.  Дәл  осы  тұста,  Шыңғыс  ханға 
бағынышты  таңғұттардың  жорыққа  әскер  қосудан  бас  тартып,  онымен  қоса  көршілерді 
Шыңғыс ханға қарсы соғысуға үгіттеп жүргендігі соғысқа басты себеп болады. Жауды жеңу 
бір  басқа,  сұлу  қыз-келіншегін  қатын  қылу  бір  басқа.  Алғашқысы  елдігіңнің  нығайып, 
күшіңнің  артқанын  көрсетсе,  соңғысы  жеңісіңді  дәлелдеп,  жауыңның  сағының  біржола 
сынғанын айғақтайды.  
Шығарманың  негізгі  тақырыбы  –  Шыңғыс  хан.  Қаламгер  өз  шығармасында  ұлы 
Шыңғыс  ханның  да  пенде  екенін,  адам  екенін  басты  идея  еткен.  Оның  да  осал  тұсы 
болатындығын  жазады.  Адамзатқа  тән  осалдыққа  ол  да  ие.  Адам  баласы  ұлы  сезім 
махаббаттың  алдында  дәрменсіз.    Шыңғыс  хан  да  осы  орайдан  табылады.  Аңдамай  басқан 
бір қадамның өмір бойы ешкім таптай алмаған намысын мен мен жеңе алмаған тәніңді аяқ 
асты етуі  мүмкін. Шыңғыс хан да күтпеген жерден қырсыққа ұрынады. Ешкімнен айласын 
өзінен асырып көрмеген хан бір-ақ сәтте соқыр сезімнің құлына айналып, нәзік жыныстының 
қолынан  құрбан  болады.  Бар  ғұмыры  күреспен,  жеңіспен  өткен  ханның  өлімі  жайлы  сыр 
шертетін  хикаяттың  көркемдік  шешімі  осындай.  Туған  сәтінен  бастап  Тәңірінен  талай  сый 
алған тумысы ерек ұлы билеуші осындай сұмдыққа кез болды.  
Бұл  орайда,  шығарма  өмірге  келген  кезеңдерде  жазылған  көрнекті  сыншы  Сағат 
Әшімбаевтың  мына  бір  пікірі  ойымызды  бекіте  түсетіндей:  «Гүрбелжіннің  Шыңғыс  ханға 
жасаған  қастығы  жайдан  жай,  кездейсоқ  әрекет  емес.  Әйел  жүрегінің  түкпірінде 
қордаланған,  аяусыз  тапталып  жоқ  болуға  айналған  туған  Отанына  деген  шексіз 
сүйіспеншіліктің  бас  көтеруі.  Ондай  қастықты  күбің  күйкі  әрекетпен  шатастырмау  керек. 
Отанына  шын  берілген  адал  жанды  арлы  әйел  сол  жерде  болмағанымен,  басқа  орында 
болсын сол қастандыққа баратыны сөзсіз».  
Ұлтымыздың егемендікке қол жеткізіп, көгімізде көк байрағымыздың желбіреуіне ас 
салысқан зиялылармен бірге, бүгінгі заман келбетінде келелі қоғамдық қызметімен танымал 
тұлға  болған,  қазақ  халқының  ойшыл  жазушысы,  мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Әбіш 
Кекілбаевтың  рухани  өмірімізден,  тарихымыздан  алар  орны  ерекше.  Тума  талант,  терең 
таным  иесі,  ақын,    халық  жазушысы,  сыншы,  драматург,  публицист,  саясаттанушы,  сөз 
зергері, аудармашы, бір сөзбен айтқанда тау тұлға Әбіш Кекілбаев бейнесі алыстаған сайын 
биіктей бермек.  
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат. –Алматы: 1996 ж. 
2. Әуезов M. Таңдамалы шығармалар жинағы. 5-том.-Алматы: 1956 ж. 
3. Дүйсенбаева Ж. Әбіш Кекілбаев шығармасындағы тарихи тағлым.-Алматы: 2007. 


165 
 
4.  Пірәлиева  Г.  Қазақтың  көркем  прозасындағы  психологизм  және  оның  бейнелеу 
құралдары.-Алматы: 2007. 
5. Қабышұлы И. Шыңғыс хан//Егемен Қазақстан, 24 тамыз, 1992. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет