Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет104/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

Оқушының жауабы: Тасбұлақ, Қызылқұдық, Сымамқұл, Бесқұлаш, Жолтүскен, Оршақұдық, Қоссары, Бозагелді, Тұщықұдық, Мырзабай, Орысөлген, Егізқұм, Ақмая.
2. Өздерің тұратын жердегі біріккен сөздерден жасалған шөп аттарын жаз.
Оқушының жауабы: Торғайош, балықкөз, сарыбас, шошқашөп, қарғатұяқ, шошқатікен, түйеқарын, қойжелкен, алабота, адыраспан, есекмия, қоңыраубас.
3. Жергілікті жерде кездесетін тышқан аттарын жаз.
Оқушының жауабы: қаптесер, саршұнақ, атжалман, егеуқұйрық, алақоржын, қөртышқан, қосаяқ. Олардың жауабын байқаған кезде, шопан балаларының сөздік қоры басқа балаларға қарағанда едәуір мол екені көрінді. Оқушылардың өз беттерімен жүмыс істеуіне берілетін карточка сүрақтарына жан-жақты, әр алуан.
Бұл сұрақтардың мақсаты - оларды іздендіру. Ал іздену жолымен игерілген білім есте ұзақ сақталады. Мәселен, «Бірге жазылса, республикадағы қала аты, бөлек жазылса, сын есім және географиялық термин» деген сұрақ-тапсырмаға оқушылар қызыға ойланады. Бұндай сұрақ-тапсырмаларды орындатуға негізгі көзделген мақсат: біріншіден, оқушылардың сөздік қорын молайту, екіншіден, біріккен сөздердің емілесін меңгерту, үшіншіден, біріккен сөздердің этимологиясын білдіру.


М. Маханбетов.
Шымкент облысы, Шардара ауданы
«Байырқұм» совхозы, М.Мәметова
атындағы мектептің мұғалімі.


ТҮЙІН СӨЗ

Қазақ тілін оқыту әдістемесі - ғылым саласы болып қалыптасқаннан бергі жинақталған мол мұраны танып-білу ісі жалғасты бола бермек. Қакзақ тілінің ана тіоі ретінлде оқытылуы, екінші тіл ретінде оқытылуы, шет тілі ретінде оқытылуы деген ішкі саелаларына байланысты да әдіскер-ғалымдардың қаламынан қалған мол-мол мұра бар. Олардың барлығы қазіргі уақытта осы кітаптың жалғасы іспетті әзірлену үстінде.


Ахмет Байтұрсынұлының «Әліппесі» мен «Тіл-құралынан» басталған қазақ тілінің жүйелі курсы мен жүйелі оқытылу ісі қазіргі кезде тармақтала танылып келеді. Жаңа оқыту технологияларына байланысты зерделі еңбектер де мол-мол жазылып жатыр. Сондықтан «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің хрестоматиясы» - тақырыптық тұрғыдан жүйеленген алғашқы парақ сияқты болғанымен, қалың кітаптардың беттері қатталу үстінде. Мұның өзі - қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы терең боларын, жан-жақты, кең арналы боларын танытатын игі құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет