Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы


Біріккен сөздерді проблемалы әдіспен меңгеру



бет103/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

Біріккен сөздерді проблемалы әдіспен меңгеру


Оқу әдісінде оқушы белсенділігін арттырудың бір жолы- сабақты өз бетімен жұмыс істеп, ізденуі арқылы игерту. Осы ретте оқушы ойын оятатын проблемалы сұрақтарды іріктей білген жөн. 5-
класта «Біріккен сөз және оның емлесі» тақырыбын өткенде, сабақты бастаудан бұрын класс оқушыларына мынадай сұрақтар төңірегінде ой тасталды.
1. Біздер бір-бірімізбен не арқылы қатынас жасаймыз? (Жауап: Тіл арқылы).

  1. Тіліміздің негізгі байлығы не? (Жауап: Тілдің негізгі байлығы сөз).

  2. Сөздер қалай жасалады? (Жауап: Сөзді халық жасайды. Сөз сөзден туындайды. Түбірге қосымшалар жалғану арқылы жаңа сөз пайда
    болады: етік-ші, мал-шы, қыз-қы, өнер-паз).

  3. Сөзге қосымша (жұрнақ) жалғанғанда сөз мағынасы қалай өзгерді? (Жауап: Етік-аяқ киім, -ші жалғаннан кейінгі мағынасы -
    етікші, яғни етік тігетін адам. Сөйтіп, жаңа сөз пайда болды).

  4. Бұл - сөз жасаудың қай түрі? (Жауап: Түбірге қосымша жалғау арқылы сөз тудыру жолы). Мұны қандай сөз деуші едік? (Жауап: Туынды сөз).

  5. Туынды сөз неден жасалады? (Жауап. Түбір сөзден жасалады).

  6. Түбірден басқа да жолмен сөз жасауға бола ма? Ол сұраққа жауап беру үшін мына сөздерді бір-бірімен салыстыр:

Еңбек-ші - еңбек- ақы (Жауап: Біріншісі - туынды түбір. Екіншісі сөз өз алдына жеке-жеке түбірлерден тұрады, яғни біріккен сөз. Осындай жетекші сұрақтардың оқушылардың өздері біріккен сөздерге анықтама берді. Жаңа сабақта біз біріккен сөздердің кейбір ерекшеліктерін, өзіндік сипатын танытуға көңіл бөлдік. Біріккен сөз құрамындағы сыңарлардың мағыналық үйлесіміне назар аудардық. Мысалы: тасбақа сөзі. Бірінші сыңары - тас, екінші - бақа.
Екеуі екі басқа сөз екені рас. Бірақ екі түбірде бір-біріне үйлесімділік бар. Ол - тастан жаралған бақа деген мағына тудыруға байланысты үйлесім. Демек, кез келген сөз бір-бірімен біріге салмайды. .Мұнан әрі сөздердің ғасырлар бойы жасалып, замандар бойы өсіп, жетіліп келе жатқаны, о баста жеке-жеке мәнге ие сөздер. дәуір талабына сай өзгеріп, кірігіп кеткені түсіндірілді.

сексен



- сегіз он

бүгін

- бұл күн

білезік

- білек жүзігі

көзілдірік

- көзге ілдірік

әндігәрі

- әндіген әрі

сағалдырық

- сағадан ілдірік

биыл

- бұл жылы

жаздыгүні

- жаздың күні

қайны

- қайны іні

қайнаға

- қайын аға

күндіз

- күннің жүзі

Бірігу арқылы жаңа сөздердің пайда болатынына мысалдар келтірілді: бесжылдық, өнеркәсіп, баспасөз, еңбекақы, еңбеккүн, денсаулық, колхозаралық, халықаралық, кәсіподақ, шикізат, жемшөп, т. б. Оқушылардың қызушылығын арттыру мақсатына біріккен сөздерден жер-су, шөп, мәдени өсімдік, құс, аң, балық жәндік, аттарын жазуды тапсырдым. Бұлар өмірден алынған мысалдар болғандықтан, оқушылардың тапсырманы орындауға белсенділіктері артты.
Бұл сөздердің дұрыс жазылғанын не бұрыс жазылғанын білу үшін «Орфографиялық сөздікпен» жұмыс жүргізілді. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына төмендегідей бірнеше сұрақ-карточкалар берілді:
1. Өздерің тұратын жердегі елді мекендерді, жер аттарын жаз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет