Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет102/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара

IV. Публицистикалық стиль бойынша:

  1. Публицистикалық шығармаларды ажырата білу, олардың
    ерекшеліктерін түсіндіру.

  2. Публицистикалық стильдегі текстердің тілдік құралдарын
    ажырата білу. Басқа стильдермен салыстыра алу.

  3. Кейбір публицистикалық жанрларды өз тәжірибесінде пайдалана
    білу. (Мақала, рецензия, репортаж, т.б.).

  4. Кейбір публицистикалық текстерді тілдік құралдары бойынша
    талдай білу.

  5. Ғылыми стильде жазылған сөйлем немесе тексті
    публицистикалық стильде өзгертіп жаза білу.


V. Көркем әдебиет стилі бойынша:

  1. Көркем шығармаларды ажырата білу.

  1. Көркем тексті тілдік қүралдары мен стильдік ерекшелігі бойынша
    ажырата білу.

  2. Сөйлемдер мен шағын текстерді (әңгіме) жөндей білу немесе қайта
    жетілдіріп жаза білу.

  3. Сөйлемдерді немесе шағын текстегі сөздерді синоним сөздермен
    ауыстыру.

  4. Шағын көркем шығарманың тілін талдай білу (синонимдері,
    экспрессивті-эмоциональды сөздер, бейнелегіш сөздер,
    көркемдегіш тәсілдері бойынша).

Сонымен бірге функциональды стильдерді әр класс бойынша мына жүйеде таныстыру тиімді болмақ:
Оқушыларға әдеби тіл стильдері жөнінде мәлімет беруді V кластан бастаған жөн. Яғни, V класта сөйлеуге үйрету, ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілінің ерекшеліктерінен мәлімет беру керек. V-VІ класта іс-қағаздарымен, ресми және ғылыми стильдермен, VII класта публицистикалық және көркем әдебиёт стильдерінің ерекшеліктерімен таныстырып, VIII-IX кластарда практикалық стилистикадан тереңірек дағды беру қажет деп санаймыз. Ал, практикалық стилистика бойынша V класта сөз және сөз тіркесіне, сөздің көп мағыналығына, омоним, синоним, антонимдердің стильдік ерекшеліктеріне байланысты, VІ класта қазақ тілінің сөз байлығы, диалект, кәсіби сөздер, тұрақты сөз тіркестері туралы, VII класта сөз таптары, сөйлем түрлерінің стильдік ерекшеліктері жөнінде, VIII-IX кластарда құрмалас сөйлемнің, төл сөз бен автор сөзінің стильдік ерекшеліктерінен, ал IX класта пунктуациялық стилистикаға қатысты мәлімет берілгені жөн. Мұнда функциональды стильдердің тілдік құралдарды қолданудағы ерекшеліктерін әр кластағы программалық материалдар арқылы таныстыру көзделеді.
Мұндай жүйеде: біріншіден, әр кластағы өтілетін программалық материалдарды функциональдық стильдермен байланыстыра қарастыру, екіншіден, оқушыны сөзді, форманы - түрлендіре білуге дағдыландыру, үшіншіден, V-IX кластардағы әдебиет пәні бойынша берілетін әдебиет теориясындағы стильдік, көркемдік ұғымдармен байланыста оқыту мақсат етіледі.
А.Жапбаров ,
педагогика ғылымдарының кандидаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет