Қазақ тілін оқытудың сапасын жақсарту керек
Ғ.Бегалиев
Мектептерде емтихан жаңа тәртіп бойынша жүргізілгеніне екі жыл болды. Өткен оқу жылындағы емтихан қорытындыларына қарағаңда, мектептерде оқу тәрбие жұмыстарында әлде де кемшіліктер бар екені байқалды. Әсіресе, қазақ мектептерінде ана тілін оқытудың сапасы мектептердің көпшілігінде-ақ төмен екені анықталды.
Ана тілін оқытушылар мен оларға әдіс, методика мәселерінде көмек беретін орындардың алдында өте жауапты мәселе түр. Ол - ана тілін оқытудағы басты кемшіліктерді, оның себептерін жете талдап, үстіміздегі оқу жылында сол кемшіліктерді жоюдың шараларын істеу. Ана тілін оқытудағы басты-басты кемшіліктер мыналар:
а) Мектеп бітірушілердің көпшілігі-ақ өз ойын жазуша да, ауызша да
қанағат етерлік дәрежеде тиянақты қылып түсіндіре алмайды;
б) оқушылар грамматика ережелерін білгенімен, жазуында я
сөйлеуінде сол білгендерін іске асыра алмайды, грамматикалық категориялардың мағыналық және формалық белгілерін ұштастыра алмайды;
в) оқушылардың сөздік қоры кем, сөзді дұрыс қолдана білмейді;
г) Жазуларында емле мен тыныс белгілері ережелерін дұрыс қолдана алмайды;
д) Текст оқулардың сапасы да нашар;
е) Тілдің көркемдік амалдарын меңгеруі нашар.
Жалпы айтқанда, кеміліліктердің түрлері осындай.
Оқу ісі мектептеріміздің бәрінде де осындай екен деп ұғылмасын, оқу-тәрбие жұмыстарын ойдағыдай ұйымдастырып, табысқа қолы жетіп отырған, мектептер де, оқытушылар да көп.
Мектепте ана тілін оқытудың сапасын төмендетіп отырған басты себептердің бірі - формализм екені байқалады. Ана тілі сабағында негізгі методикалық принциптер қолданылмайды: тілдің заңдарын үйретумен бірге, сол зандарын іске асыру ретінде тиісті дағдылық жұмыстары жүргізілмейді, немесе тиімді әдістер қолданылмайды, программа көлеміндегі білім мөлшерін оқушы шала түсініп, жаттап оқиды, оқылған материалдар жүйелі ізбен пысықталып отырмайды; баланы ойлантарлық, оның қиялын-ойын дамытарлық жұмыстар істелмейді; жаңа тақырыпты талдау я пысықтау, талдау үшін алынатын текст мазмұн жағынан құнсыз, күнделікті өмірмен байланысы жоқ болады да, баланы қызықтырмайды. Сол себепті, түсіндіріліп отырған сабақ та оқушыға ұғымсыз көрінуі мүмкін. Жаңа материал бұрынғы оқылғандарға негізделіп барып түсіндірілуі керек. Барлық сабақта бірыңғай әдіс қолдануға болмайды, тақырыптың түріне қарай түрліше әдіс қолдану қажет болады, ал мектеп тәжірибесінде бұл жағдай көп еленбей жүр. Формализм дегеніміз де осы. Тәжірибелі, шебер мұғалімдер ана тілін тиянақты жүйелеп оқытады, мазмұн мен форманы байланыстыра, сыналған әдістерді қолдана оқытады.
Олар тіл сабақтарында оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ана тіліне қызықтыруды көздейді, жаңа сабақты күнделікті өмірімізбен байланыстырады.
Ана тілін педагогика, методика талаптарына сәйкес келтіріп оқыту оп-оңай жұмыс емес ... Оқушыларға өз бетімен жұмыс істетуде көп мән бар. Бұл - аса маңызды методикалық принцип.
Тілдегі құбылыстар, грамматикалық категориялар байқату, салыстыру әдісімен оқытылсын дейді методика. Салыстыру бірбеткей жүргізілмей, мақсаты айқын түсіндіріліп, грамматикалық құбылыстарды оқушылар тек айтуымен ғана мұғалімге еліктемейтіндей болуы керек. Оқушының жасына, атына лайық тілдің тарихынан, оның теориясынан түсінікті етіп кейбір қосымша мәліметтер беру, жаңа мазмұндағы текстер беру, окушыларды өз бетімен жұмыстанту - дұрыс бағыт. Бірақ, бұлар - әлі тек жақсы тілек қана. Бұл тілектер орындалып, ана тілін оқытудың сапасы ойдағыдай болып шығуы үшін, бірнеше шарттар орындалуы керек:
оқушылар тілден нені оқыса да саналы түрде ұғатын болсын;
оқушылар тілді, көркем шығармалардың стилін жете ұғынуға
дағдыланатын болсын; (яғни форма мен мағынаны үштастыра
алатын болсын);
оқушылар өздерінің ойын, дүниеге көзқарасын білдіруі үшін
тіліміздің байлығын пайдалана алатын болсын.
Жақсы, сапалы сабақ осы принциптер бойынша құрылуға тиіс. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, грамматикалық категорияны таныту жолы қалай болуға тиіс, соны көрелік. Тілдің құбылыстарын дұрыс түсіну үшін, тілдегі категорияларды салыстыра отырып, өзгешеліктерін жете ажыратып тану қажет. Тілдегі категориялардың бірі - сөз. Сөздің дыбыс құрылысы бар, жай мағынасы, грамматикалық мағынасы бар. «Биікжар» дегендегі «жар» сөзінен ойымызға зат (есім) түседі де, «отын жар» дегендегі «жар» сөзінен амал-әрекет байқалады. Бұл сөздердің тұлғасы бірдей болғанымен, мағыналарында жақындық жоқ.
Сөздің грамматикалық мағынасын түсіну үшін, бірі - зат есім,
бірі - етістік болып тұрғанын танытамыз. Ол үшін әр аталған
категориялардың белгілерімен таныстыру қажет. Тіліміздегі сөздерді
топтастырудың мәні де осында. Грамматика оқытқанда, тілдегі
категорияларды айқын таныту – басты міндет. Грамматика категорияларын дұрыс түсіндірудің бір әдісі - көрнекілік жолы........
......Бірақ жалғыз дұрыс әдіс қолданумен сабақ сапалы болмайды. Ғылыми анықтама беріп, жұмысты жүйелі түрде жүргізу қажет болады.
Грамматикалық категорияны жете ұғыну үшін, оны ішкі-
сыртқы белгілерімен, формасымен және мағынасымен жақсы таныс
болу қажет........
.......Ескеретін нәрсе - сөздің белгілерін синтаксистік қызметімен ұштастыра тапқызу қажет. Кейде сөздің морфологиялық белгісі. Кейде синтаксистік белгісі айқынырақ болуы мүмкін.
Мұндайда қай басымын көрсету мақұл. Тексерілетін мәселені (құбылыстың) түріне қарай лайықты әдіс қолдану қажет. Бір әдіс бір мәселеде орай келгенмен, екінші жерде пайдасыз болуы мүмкін.
Әдіс жөнінен қысқаша төмендегілерді ескертеміз: - Грамматика сабағында көрнекі әдіс қолдану мүмкіншілігі басқа пәндерге қарағанда кемдеу. Мұнда схемалар, таблицалар жасауға болады. Формалары (тұлғалары) ұқсас сөздерді қатар қойып салыстыруға болады. Бұл да көрнектілікке жатады. Сөйлем мүшелерін белгілі бір тәртібімен жазып, олардың өзара байланыстарын сызықпен көрсету - пайдалы әдіс. Ретіне қарай, материалдың түріне қарай салыстыру, байқату әдістері грамматика сабаққа үлкен орын алуы керек.
Методикалық принциптер ретінен де, ана тілі сабағын
оқытқанда қолданатын әдіс жөнінде мұғалімдер үшін қиынға соғатын
бір мәселе бар. Ол - тілімізде бір форманың түрлі мағынаға жүретіні,
я болмаса бір мағынаның түрлі формада берілетіні
(Материал «Халық мұғалімі» журналының 1946 жылғы 11-12 санынан алынды. Б. 42-26.)
Достарыңызбен бөлісу: |